Қазақ бiлiм академиясының баяндамалары 1-2/2016 Журнал 2008 жылдан бастап шығады



Pdf көрінісі
бет10/25
Дата17.01.2017
өлшемі2,33 Mb.
#2083
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25

Жеті кҥн және ҥш жҧрт 
Қайыржан тойға қайын ағасынан бір күн бұрын, жездесінен үш 
күн бұрын жетуі тиіс. Нағашысы - той болатын күні, Қайыржанның 
атасы мен ҽжесінен екі күннен кейін келеді, ал жездесі нағашысынан 
бір күн бұрын келеді. 
а) Қайыржан бүгін келсе, той қай күні болуы керек? 
б)  Ертең  −  айдың  он  тҿрті,  қайын  ағасы  келетін  күн  болса,  он 
жетісінде кім келеді? 
Шешуі: 
а) Ҿзі бірінші күні келсін делік. Онда екінші күні қайын ағасы, 
ал  жездесі  тҿртінші  күні  келуі  тиіс.  Жездесі  нағашысынан  бір  күн 
бұрын келуі себебінен, нағашысы бесінші күні келеді жҽне ол  – той 
болатын  күн.  Ендеше,  бірінші  күн  –  Қайыржанның  келген 
күнін−бүгін десек, бесінші күн − ауыр күнге түседі.  
б)  Ертең  −  айдың  он  тҿрті  болса,  бүгін  –  он  үші,  Қайыржан 
келетін күн. 
Үш күннен кейін, яғни он алтысында – жездесі келу керек.         
Жездесі  нағашысынан  бір  күн  бұрын  келуі  себебінен,  он 
жетісінде – нағашысы келеді. 
Келесі  есепте  қазақ  ғұрыптарынан  үзінді  ақпараттарды  оқушы 
есептің жауабын іздеу нҽтижесінде алады. 
Отыз жеті, қырық жеті 
Қалың малға берілген жылқы, сиыр жҽне қойдың барлық саны- 
121.  Сондағы  сиыр  саны  жылқыдан  10-ға  артық,  ал  қой  саны 
жылқыдан 30 басқа кҿп.  
Қалың мал мҿлшері қандай? 
Шешуі:  Жылқы  саны  −  x,  сиыр  саны  −  y  жҽне  қой  саны  −  z 
болсын.  Сонда  есептің  шартын  теңдеулер  жүйесіне  келтіруге 
болады: 












30
10
121
x
z
x
y
z
y
x

Жауабы:  27  жылқы,  37  сиыр,  57  қой  (сандардың  жетімен 
аяқталуы – дҽстүрге сҽйкес етіп құрастырылған).  
Есептердің  мҽтіні  үшін  қолданатын  қосымша  ақпараттың 
мазмұны  ҿлкелік  материалдарға,  ұлттық  педагогика  элементтеріне, 
фольклорға бағытталса, этноматематика идеялары жүзеге асырылуы 
хақ.  Математиканы  оқыту  процесін  гуманизациялаудың  үзіндісі 

117 
 
деуге келетін жоғарыда қарастырылып ҿткен математикалық есептер 
осыған негіз бола алады демекпіз. 
 
Пайдаланылған ҽдебиеттер  
1  Петрова  А.И.  Формирование  системы  двуязычного 
образования:  история,  теория,  опыт:  на  примере  математического 
образования  в  Республике  Саха  (Якутия):  дис.  ...д-ра  пед.наук  / 
А.И.Петрова М., 2004. - 268 с. 
2  Яшин  Б.Л.  Математика  как  разнообразие  способов 
количественного  восприятия  мира  /  Б.Л.Яшин  //  Электронный 
журнал «Вестник МГОУ»/ 
www.evestnik-mgou.ru
. 2013. - №2. – С.35 
3  Сҽдірменова  Ж.Б.  Жеткіншектерді  халықтық  педагогика 
арқылы  адамгершілікке  тҽрбиелеу:  Дис.  пед.ғыл.  канд.  –  Алматы, 
1995. – 159 б. 
4  Пырырко  Н.А.  Жизнь  народов  крайнего  севера  (ненцев)  в 
математических  задачах:сб.задач  на  фольклорном  ,  краеведческом, 
историческом  материалах  Ямало-Ненецкого  автономного  округа.  – 
Чебоксары, 2014.-112 с. 
5  Сарсекеев  А.С.  Қосымша  есептер.  Кҿкшетау:  Ақмола 
облыстық БҚ БАИ, 2001. - 19 б. 
 
Резюме 
Статья 
посвящена 
исследованию 
преемственности 
в 
этноматематике  казахов  и  северных  народов  России.  Описаны 
перспективы 
усиления 
воспитательной 
направленности 
преподавания  математики  путем  использования  краеведческого 
материала.  
 
Resume 
The  article  is  devoted  to  the  study  of  succession  in  ethno-
mathematics  of  the  Kazakh  peoples  and  the  northern  people  of  Russia. 
Perspectives  of  strengthening  the  educative  orientation  of  teaching 
mathematics by using materials from the country study are described. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

118 
 
ӘОЖ 373.1.3(5Қ) 
 
«ДИАЛОГТІК ОҚЫТУ» МОДУЛІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН 
ДАМЫТУ 
 
Л. НӘБИ 
Ш.Уҽлиханов атындағы Кҿкшетау мемлекеттік университеті, 
Педагогика, психология жҽне ҽлеуметтік жұмыс кафедрасының 
доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты 
Н.Н. НҦРМҦХАНБЕТОВА  
Ш.Уҽлиханов атындағы Кҿкшетау мемлекеттік университеті, 
Химия жҽне оқыту ҽдістемесі кафедрасының аға оқытушысы
 химия ғылымдарының кандидаты 
Ә.Қ. ЕЩАНОВА  
Ш.Уҽлиханов атындағы Кҿкшетау мемлекеттік университетінің  
2 курс магистранты  
 
Аннотация 
Мақалада  «Диалогтік  оқыту»  модулін  тиімді  қолдану  арқылы 
оқушылардың бір-бірімен еркін қарым-қатынасқа түсе алуы, қарым-
қатынас  жасау  арқылы  ҿз  білімдері  мен  тҽжірибелерін 
толықтыруларына  кҿмектесетіні,  ҿзара  диалогтік  қатынасқа  түсу 
икемділіктерін дамытатыны баяндалады. 
Түйін сӛздер: диалогтік оқыту, қарым-қатынас, сын тұрғысынан 
ойлау, шығармашылық қабілет. 
 
2005-2010  жылдарға  арналған  білім  беруді  дамытудың 
Мемлекеттік  бағдарламасына  сҽйкес  Қазақстан  Республикасы  2007 
жылы алғаш рет 59 елдің құрамында  TIMSS (Trends in  International 
Mathematics  and  Science  Study)  жҽне  халықаралық  PISA-2009 
зерттеуіне қатысты [1]. 
Халықаралық  PISA  жҽне  TIMSS  бағдарламасының  зерттеу 
қорытындысы  бойынша  Республикамыздың  жалпы  білім  беретін 
мектептеріндегі  педагогтарымыздың  пҽн  бойынша  мықты  білім 
беретіні,  бірақ  оны  оқушыға  нақты  жҽне  ҿмірлік  жағдайларда 
қолдануға үйретпейтіндігі анықталды. 
Осы  олқылықты  жою  мақсатында  елімізде  білім  жҽне  ғылым 
саласында  айтарлықтай  ҿзгерістер  енгізілді:  «Білім  беруді 
дамытудың  2011–2020  жылдарға  арналған  жаңа  ұзақ  мерзімді 
Мемлекеттік  бағдарламасы»  қабылданды,  «Білім  туралы»  ҚР 
Заңының жаңа редакциясы, отандық ғылымды дамытуға жҽне оның 
нҽтижелерін  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беретін  жаңа  «Ғылым 
туралы» ҚР Заңы қабылданды [2]. 

119 
 
Елбасының  тапсырмасымен  ҽлеуметтік  саладағы  қарқынды 
жобаларды 
жүзеге 
асыру 
жолында 
елімізде 
Қазақстан 
Республикасының  Тұңғыш  Президентінің  атындағы  физика-
математикалық  жҽне  химия-биологиялық  бағыттағы  20  Зияткерлік 
мектеп  құрылып  жатыр,  бүгінгі  таңда  олардың  кҿпшілігі  жұмыс 
істеуде.  «Назарбаев  Зияткерлік  мектебінің»  кҿп  ерекшеліктері  мен 
артықшылықтарының  бірі  ретінде  оқушыны  білім,  білікті  жҽне 
дағдыны  самарқау  «алушыдан»  білім  беру  үдерісінің  белсенді 
қатысушысына айналдыратын білім берудің қағидаты мен оқушы 
рӛлінің ӛзгеруін арнайы атап ҿтуге болады.  
Қысқаша айтқанда, еліміздегі ӛзгерістердің мақсаты
1. Тҽжірибені ҿзгерту – істеп жатқан ісімізді ӛзгерту
2. Түсінікті ҿзгерту – қалай ойлайтынымызды ӛзгерту;  
3.  Жағдайды  ҿзгерту  –  бір-бірімізге  деген  қарым-
қатынасымызды ӛзгерту болып табылады. 
2011  жылдың  қарашасында  құрылған  «Назарбаев  Зияткерлік 
мектебі»  базасындағы  Педагогикалық  шеберлік  орталығы  – 
халықаралық  озық  тҽжірибеге  сҽйкес  келетін  арнайы  оқыту 
бағдарламасы  бойынша  жалпы  білім  беретін  мектеп  мұғалімдерінің 
біліктілігін  арттыруды  қарастырады.  Бұл  бағытта  Кембридж 
университетінің  эксперттері  серіктес  болып  табылады.    Қазір 
еліміздегі  жалпы  білім  беретін  мектеп  мұғалімдерінің  біліктілігін 
арттыру  үш  деңгейлі  курс  арқылы  жүзеге  асырылып  жатыр:                
ІІІ (базалық) деңгей, ІІ (негізгі) деңгей жҽне І (ілгері) деңгей. 
Деңгейлік  курстардың  мақсаты  –  еліміздің  мұғалімдерін 
жоғарыда атап кеткен ҿзгерістерді ҿз бойына сіңіруге даярлау жҽне 
алған 
заманауи 
педагогикалық 
технологияның 
арқасында                    
ХХ  ғасырда  мҽнді  болған,  бірақ  жаңа  заманда  тиімділігі  тҿмен 
екендігі  анық  кҿрінген  «Ҿмір  бойына  жетерлік  білім  беру» 
қағидатынан  ХХІ  ғасыр  талабына  сай  «ҿмір  бойы  білім  алуға 
үйрету» ұстанымына кҿшу болып отыр.  
Дүниежүзілік  Экономикалық  ынтымақтастық  жҽне  даму 
ұйымының  (ЭЫДҰ)  зерттеуі  анықтап  отырғандай,  ХХІ  ғасырда 
мектептердің  білім  берудегі  басты  міндеті  –  оқушы  бойында 
табысты  болу  ҥшін  қажетті  дағдыларды  қалыптастыру  болса,  ал 
педагог  мамандардың  міндеті  –  талапқа  сай  білім  беру  болып 
табылады.  
Экономикалық  ынтымақтастық  жҽне  даму  ұйымы  (ЭЫДҰ) 
мақұлдаған,  Кембридж  университеті  ұсынып  отырған  «Сындарлы 
оқыту  теориясына»  негізделген,  курс  бағдарламасын  Кембридж 
университеті  мен  «Назарбаев  Зияткерлік  мектебі»  бірігіп  жасап, 
еліміздегі білім саласына енгізіп жатқан Деңгейлік курстарды енгізу 
себебі:  «Орта  білім  беру  жүйесінде  ҽлемдік  жоғары  деңгейге  қол 
жеткізген  анағұрлым  танымал  оқыту  ҽдістемелері  арасында 

120 
 
сындарлы  (конструктивті)  теориялық  оқытуға  негізделген  тҽсіл  кең 
тараған. 
Бұл 
бағдарламаның 
басым 
бҿлігі, 
түрлі 
тҽсілдер 
қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін 
қамтыған.  Бұл  теория  оқушылардың  ойлауын  дамыту  олардың 
бұрынғы  алған  білімдері  мен  жаңа  немесе  сыныптағы  түрлі 
дереккҿздерінен,  мұғалімнен,  оқулықтан  жҽне  достарынан  алған 
білімдерімен  астастырыла  жүзеге  асады  деген  тұжырымға 
негізделеді.  Сындарлы  теорияның  тиімділігін  жақтаушылардың 
басым  бҿлігі  дайын  білімді  беруге  негізделген  оқыту  тҽсілдерімен 
салыстыра  қарап,  дайын  білімді  беруге  негізделген  оқыту 
тҽсілдерінің  білімді  меңгеру  былай  тұрсын,  олар  бойынша  терең 
түсінік  қалыптастырып,  бастапқы  білімді  жаңа  біліммен  ҿзара 
байланыстыруға  да  мүмкіндік  туғыза  бермейтінін  тілге  тиек  етеді. 
Дайын  білім  беруге  негізделген  «дҽстүрлі»  стиль  арқылы  алынған 
білім оқушылардың жинақтаған білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, 
сондықтан  механикалық  түрде  есте  сақтау,  үстірт  білім  алу 
жағдайлары  орын  алады.  Дҽстүрлі  оқытудан  алынған  механикалық 
түрде  есте  сақталған  мҽліметтерді  емтихан  кездерінде  ұтымды 
пайдалануға  болады,  бірақ  мҽн-мағынасы  терең  меңгерілмей,  жай 
ғана  жатталғандықтан,  тақырыпты  оқыту  немесе  емтихан  аяқталған 
соң керексіз болып қалады жҽне оқушы оны ҿмірде тиімді пайдалана 
алмайды.  Сындарлы  оқытудың  мақсаты  –  оқушының  пҽнді  терең 
түсіну  қабілетін  дамыту,  алған  білімдерін  сыныптан  тыс  жерде,  кез 
келген  жағдайда  тиімді  пайдалана  білуін  қамтамасыз  ету»  деп 
тұжырымдайды [3]. 
Деңгейлік  курста  қарастырылатын  оқыту  бағдарламасы 
тҿмендегідей негізгі 7 (жеті) модульді қамтиды:  
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тҽсілдер. 
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. 
3. Оқыту үшін бағалау жҽне оқуды бағалау. 
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық 
технологияларды (АКТ) пайдалану. 
5. Талантты жҽне дарынды балаларды оқыту. 
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сҽйкес оқыту жҽне оқу. 
7. Оқытуды басқару жҽне кҿшбасшылық [4, 11]. 
Осы 
жеті 
модульде 
қарастырылған 
идеялар 
сабақта 
пайдаланылатын  жекелеген  стратегия  мен  тҽсілдер  сияқты  ҿзара 
байланыста болады.  
Деңгейлік  курс  талабына  сҽйкес  сабақ  ҿткізудегі  негізгі 
ерекшелік  –  сабақта  оқушыларды  топпен  отырғызып,  топтық  жҽне 
жұптық  жұмыстар  арқылы  шҽкірттерді  практикалық  іс-ҽрекет 
үстінде білім алуға бағыттау болып табылады.  

121 
 
Топтық жұмыстардың ҽсерімен оқушылар  табысты  болу  ҥшін 
қажетті  дағдыларға  жататын  тҿменде  кҿрсетілгендей  икемдік 
дағдыларды меңгереді:  
-  топтық  жұмыс  барысында  ҿзара  диалогке  түсуі  арқылы 
ҽлеуметтік қатынастарға үйренеді;  

рефлексивті 
есеп 
жасау 
арқылы 
ҿздерінің 
қалай 
ойлайтындарын, ҿзін-ҿзі қалай реттеуге болатынын түсінеді;  
- мҽселені шығармашылықпен шешуге үйренеді. 
Мұғалімдер:  
-  сабақ  беру  барысында  ұйымдастыру  шеберлігін  шыңдай 
отырып, оқушыларды шабыттандыра алатын дағдыны игереді;  
- оқушыны білімді ҿздігінен алатын етіп үйретеді; 
-  оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін  ашудың  оңтайлы 
жолдарын меңгереді. 
Ҽркім  ҿзі  алатын  білімін  имплициттік  білімге  айналдыра 
білгенде  ғана  іс-ҽрекет  нҽтиже  беретінін  еске  алсақ,  оқушылардың 
имплициттік  білім  алуы  үшін,  сабақ  барысында  игеруге  тиіс 
материалды  кҿздерімен  кҿріп,  қолдарымен  ұстайтындай  мүмкіндік 
туғызылуы қажет. Яғни, оқушылар абстрактілі ұғымдарды визуалды 
нҽрсеге  айналдыра  білулері  керек.  Мұның  бірден-бір  жолы  –  сабақ 
материалдарын  сҿзбен  айтып  қана  қоймай,  суретке  салу,  кҿрініс 
түрінде  қою,  коллаж  түрінде  жасау,  ойтолғау  немесе  ҿлең  шығару 
сияқты  шығармашылық  ойлауды  талап  ететін  жұмыс  түрінде 
орындауды тапсырса, оқушылар ҽрі жаңа сабақты имплициттік түрде 
игереді,  ҽрі  шығармашылық  қабілеттері  дамиды,  сондай-ақ  ҽрбір 
сабақтан  кейін  шығармашылық  ҿнер  туындысы  яғни,  жасалған 
дайын  ҿнім  алынады.  Курс  идеясы  бойынша  оқушылар  топпен 
жұмыс  жасаған  кезде  ҿз  еріктерінен  тыс  сыныптастарымен  тілдік 
қатынас  жасауға  мҽжбүр  болады:  сұрайды,  жауап  береді,  ой-пікірін 
айтады, келіседі немесе қарсы уҽж атайды деген секілді. Осы орайда 
Бағдарламаның  жеті  модулінің  бірі  –  «Оқыту  мен  оқудағы  жаңа 
тҽсілдер»  модулінің  бір  тҽсілі  «Диалог  негізінде  оқыту  жҽне  оқу» 
жүзеге  асады.  Диалог  негізінде  оқыту  мен  оқу  оқушылардың  ҿзара 
сұхбаттасуы  жҽне  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  диалогтің 
шҽкірттердің  ҿзіндік  ой-пікірін  жүйелеуі  мен  дамытуына 
кҿмектесетін амал екенін меңзейді [3, 3]. 
Выготскийдің  пікірі  бойынша,  оқушылар  нақты  мақсаттарды 
кҿздеген,  кҿбірек  білетін  қайраткер  жандармен  ҽлеуметтік 
қарым-қатынас  нҽтижесінде  ойлау  жҽне  сҿйлеу  дағдыларын 
дамытады.  Оқушының  аса  епті  жҽне  хабары  мол  адаммен 
интерактивті  вербалды  алмасуы  нҽтижесінде  біртіндеп  сыртқы, 
ҽлеуметтік  жанама  диалог  орнатуы,  күнделікті  міндеттерді  шешуге 
қатысуы  ҽлеуметтік  тҽжірибе  ретінде  бала  бойына  сіңіп,  оның  ҿз 
бетімен ойлануына қатысты ішкі жеке қоры ретінде қалыптасады.  

122 
 
Оқушылардың  ересектермен  жҽне  құрбыларымен  қарым-
қатынас  жасау  арқылы  ҿз  білімдері  мен  тҽжірибелерін 
толықтыруларына  кҿмектесетін,  ҿзара  диалогке  түсу  икемділіктерін 
дамытатын    «Диалог  арқылы  оқыту»  немесе  «Диалогтік  оқыту» 
деп  атауға  болатын  модульді  алып  қарастырсақ,  ғылыми  зерттеу 
нҽтижелері сабақта диалогтің маңызды рҿл атқаратынын кҿрсетті.  
«Мерсер  мен  Литлтон  (2007)  ҿз  еңбектерінде  диалог  сабақта 
оқушылардың  қызығушылығын  арттырумен  қатар,  олардың  білім 
деңгейінің  ҿсуіне  үлес  қосатындығын  атап  кҿрсетеді.  Аталған 
авторлардың  зерттеулерінде  ересектермен  интерактивті  қарым-
қатынас  пен  достарымен  бірігіп  жүргізілген  жұмыстың  балалардың 
оқуына жҽне танымдық дамуына ҽсер ететіндігі айтылған [5, 35]. 
Осыдан  келіп,  «мұғалім-оқушы»,  сондай-ақ  «оқушы-оқушы» 
арасында  шығармашылықпен  ҿтетін,  ҿз  пікірін  негізді,  тұжырымды 
түрде  білдіруге  жетелейтін  ҽңгімені  ынталандырып,  қуаттайтын 
оқыту ҽдістерін «диалогтік оқыту» деп атауға болады. 1934 жылдың 
ҿзінде-ақ  Выготский  ҿзінің  «Ой  мен  тіл»  атты  еңбегінде  оқу  үшін 
ҽңгімелесудің маңызды екендігін тілге тиек еткен.  
Выготскийдің  оқыту  моделі  оқушы  диалог  құру  нҽтижесінде 
білім  алады  деп  жорамалдайды.  Сондықтан,  оқушының  білім 
деңгейін  дамытуға  ҽлеуметтік  қолдау  кҿрсетуде  мұғалімнің  рҿлі 
ерекше. Оқушылардың кҿбірек білетін басқа адамдармен, ҽрине, бұл 
рҿлдерде  сыныптастары  мен  мұғалімдері  болуы  мүмкін,  диалог 
жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқыту жеңіл болмақ.  
Қазірдің  ҿзінде  сыныптағы  оқушылардың  бірлескен  сұхбаты 
үлкен пайда келтіретіндігін кҿрсететін дҽлелдер жеткілікті. Олар:  

 
оқушылардың  тақырып  бойынша  ҿз  ойларын  білдіруіне 
мүмкіндік береді; 

 
басқа 
адамдарда 
түрлі 
идеялардың 
болатындығын 
оқушылардың түсінулеріне кҿмектеседі; 
• оқушылардың ҿз идеяларын дҽлелдеуіне кҿмектеседі; 

 
мұғалімдерге  оқушыларды  оқыту  барысында  олардың 
оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге кҿмектеседі. 
Мерсер (2005) құрдастар тобындағы ҿзара қарым-қатынас оқуда 
маңызды  рҿл  атқаратынын  дҽлелдеп  шыққан.  Оқушылар  жұпта 
немесе  топтарда  жұмыс  істегенде,  олар  «мұғалім-оқушы»  сұхбаты 
түріндегі  ҿзара  іс-қимылға  қарағанда  мейлінше  «симметриялы» 
болып  табылатын  ҿзара  іс-қимылға  тартылады,  осылайша, 
негізделген  дҽлелдерді  ҽзірлеу  жҽне  қадағаланатын  оқиғаларды 
сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады.  
Александер  (2008)  диалог  түрінде  оқыту  оқушыларды 
ынталандыру  жҽне  дамыту  үшін  ҽңгіме  күшін  қолдануға  мүмкіндік 
береді деп санайды.  

123 
 
Мерсердің  зерттеуіне  сҽйкес,  ҽңгімелесу  оқушылардың 
оқуының  ажырамас  бҿлшегі  болып  табылады.  Ғалым  ҽңгіменің  үш 
түрін ажыратып, сипаттама берген: 
• Ҽңгіме-дебат; 
• Кумулятивтік ҽңгіме; 
• Зерттеушілік ҽңгіме. 
Ҽңгіме-дебат барысында: 
1)  ой-пікірлерде  үлкен  алшақтық  болады  жҽне  ҽрқайсысы  ҿз 
шешімдерінде қалады; 
2)  ресурстарды  біріктіруге  бағытталған  аздаған  талпыныс 
жасалады; 
3)  қарым-қатынас  кҿбіне  «Иҽ,  бұл  солай»,  «Жоқ,  олай  емес» 
деген бағытта жүзеге асады; 
4) Орта бірлесуден гҿрі, кҿбіне бҽсекелестікке бағытталған.  
Кумулятивтік әңгіме барысында байқалатын жайлар: 
1) 
айтылған 
пікірлермен 
тыңдаушылардың 
ҽрқайсысы 
механикалық түрде келісе береді
2)  ҽңгіме  білім  алмасу  мақсатында  жүргізілгенімен,  оған 
қатысушылардың  ҿзгелер  ұсынған  қандай  да  болсын  идеяларды 
тҿзімділікпен тыңдайды; 
3)  идея  қайталанады  жҽне  жасалынады,  бірақ  үнемі  мұқият 
бағалана бермейді.  
Зерттеушілік әңгіме жүргізілу үстінде: 
1) ҽркім ақылға қонымды мҽлімет ұсынады; 
2) ҽркімнің идеясы пайдалы ретінде бағаланғанымен, мұқият 
бағалау жүргізіледі; 
3) қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды; 
4)  қатысушылар  сұрақ  қояды  жҽне  айтқандарын  дҽлелдейді, 
осылайша ҽңгімеде дҽлелдеме «кҿрінеді»;  
5)  топтағы  қатысушылар  келісімге  жетуге  тырысады  (олар 
келісімге келуі де, келмеуі де мүмкін, ең бастысы – келісімге ұмтылу) [5, 
36]. 
Зерттеу  жұмыстарын  талдау  барысында  оқушылардың  білім 
алуы, тыңдауы жҽне сҿйлеуі арасындағы байланыс анықталды. Барнс 
(1976)  пен  Мерсердің  (2000)  айтуынша,  зерттеушілік  ҽңгіме  – 
мұғалімдердің  оқушыларды  ҽңгімеге  тарту  кезінде  дамыту  қажет 
болып  табылатын  ҽңгіменің  түрі.  Оқушылар  зерттеушілік  ҽңгімеге 
тартылғанда,  ҿз  ойларын  дауыстап  айтады;  болжамдар  ұсынып, 
талқылайды.  Талқылау  кезінде  олар  «мүмкін»,  «егер»,  «бҽлкім» 
деген  сияқты  сҿздерді  қолданып,  ҿз  идеясын  дҽлелдеу  үшін 
«сондықтан»  деген  сҿзді  пайдаланып,  топ  тарапынан  қолдау  қажет 
болғанда «Солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді. 
Балалар  зерттеушілік  ҽңгіме  жүргізе  алатын  ортада  оқу  жетіле 
бермек.  Оқушылар  бұндай  ортада  жұмыс  істегенде  ҽңгімелеріне 

124 
 
қарай  олардың  ой-пайымдары  да  айқындала  түседі,  ҽрі  мұғалімдері 
мен  құрдастарының  кҿмегімен  одан  ҽрі  дамытылуы  мүмкін.  Соған 
қарамастан,  бұндай  ҽңгіме  жүргізу  дағдылары  оқушыларға  жайдан 
жай  келе  салмайды,  балалар  бірлескен  ҽңгіменің  мҽнін  ұғынып, 
қабылдауы үшін мұғалімдерге оларды бағыттап отыру керек болады. 
Сҿзімізді  қорытатын  болсақ,  «Диалогтік  оқыту  теориясы» 
оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін  (кҿзге  елестете  білу, 
санасындағы суреттері сипаттай білу, ҿз пікірін қағазға сурет түрінде 
бейнелей білу, ойын ойтолғау түрінде жҽне ҿлең арқылы бере білу) 
ашуға  жҽне  дамытуға,  берілген  материалдың  мҽнін  терең  түсініп, 
бұрынғы  білімдерімен  кіріктіре  отырып,  оны  ҿмірлік  жағдайларда 
тиімді  пайдалануға  ықпалы  зор  деп  білеміз.  Ҿйткені  «Диалогтік 
оқыту  теориясына»  сай  оқушылар  топпен  жұмыс  жасау  кезінде 
мұғалім  тарапынан  оқушыны  қолдау,  оқыту  ҥшін  бағалау  ұдайы 
жүргізіліп  отырады.  Сабақта  оқушыларға  «тізгінді»  ұстауға  ерік 
беріледі,  соның  арқасында  оқушылар  ҽр  сабақта  ҿзінше  «жаңалық» 
ашып отырады. Топтық жұмыс барысында үлгерімі тҿмен оқушылар 
жақсы  оқитын  оқушылармен  бірлескен  жұмыс  арқылы  қарым-
қатынасқа түсе отырып, ҿздерінің ойлау, сҿйлеу, тыңдау дағдыларын 
дамыта алады. Осы орайда «Диалогтік оқыту» модулін жете түсініп, 
оқушыға  сұрақты  тиімді  түрде  қоя  біліп,  шҽкіртінің  ҿз  ой-пікірін 
кеңінен  айтуына  мүмкіндік  беретін,  оқушының  мұғаліммен  жҽне 
құрбыларымен  диалогке  тартынбай  түскісі  келетін  ынтасын  туғыза 
білген  мұғалімді  оқушы  шабытын  оятқан  ұстаз  деп  дҽріптесек, 
қателеспеспіз.  
Сондықтан  оқушыларды  бастауыш  сыныптан  бастап  топпен 
жұмыс  жасауға,  ортамен  ҽлеуметтік  қатынас  жасай  білуге 
мҽжбүрлейтін жҽне шығармашылық қабілеттерді талап ететін жұмыс 
түрлерін  орындату  арқылы  (сурет  салу,  кҿрініс  қою,  ҿлең  шығару, 
коллаж  жасау,  т.б.)  оқытуды  жүйелі  түрде  жолға  қойса,  мұғалімнің 
жұмысы жемісті болмақ дейміз.   
 
Пайдаланылған ҽдебиеттер 
1  Бекишев  К.  «Қазақстан  Республикасындағы  білім  беру 
жүйесіндегі жаңашылдықтар» 
https://www.google.kz/search.org
 
2  Қазақстан  Республикасындағы  білім  берудің  жағдайы  мен 
дамуы туралы Ұлттық баяндама (қысқаша нұсқасы). – Астана, 2011. 
– 75 б. 
3  Мұғалімге  арналған  нұсқаулық  ІІІ.  Педагогикалық  шеберлік 
орталығы –Астана, 2011. -114б. 
4  Тренерлерге  арналған  нұсқаулық.  Педагогикалық  шеберлік 
орталығы. –Астана, 2015.- 11-12 бб. 
5  Студентке  арналған  нұсқаулық.  Педагогикалық  шеберлік 
орталығы. – Астана, 2015.-35-36 бб. 

125 
 
 
Резюме 
В  статье  рассматриваются  основные  аспекты  использования 
диалогового обучения в учебном  процессе. Было выявлено, что при 
правильном  использовании  в  обучении  модуля  «Диалоговое 
обучение»  повышается  уровень  общения  учеников  между  собой.  В 
свою очередь, общение помогает ученикам пополнить запас знаний и 
опыта, а также развить навыки ведения диалога. 
 
Resume 
The  article  considers  and  shows  basic  aspects  of  dialogue  training 
usage in the educational process. It was identified that effective usage of 
the  module  «Dialogue  training»  leads  to  the  increase  of  the  level  of 
communication  between  students.  Communication  helps  students raise 
awareness and experience and it also helps them  develop communication 
skills. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

126 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет