«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жоспары 7-сынып «Қазақ әдебиеті»



бет31/33
Дата01.10.2023
өлшемі0,77 Mb.
#112206
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
7-сынып мақсат

Қалыптастырушы бағалау


Т/Ж.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Көк тудың желбірегені» әні тыңдалады. «Тәуелсізбін» өлеңі мен ән арасындағы тақырып үндестігін табады. Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, ұсынылған тақырып бойынша эссе жазады.
Эссеге жазуға дайындық үшін ұсынылатын сұрақтар үлгісі:
1.Автор жырлаған тақырып
2.Сенің ұғымыңдағы «Тәуелсіздік» сөзінің мағынасы
3. « Көк тудың желбірегені – Қазақтың асқақ беделі» жолдарын шығармадағы ұлттық құндылықпен байланыстыра отырып өз пікіріңді білдір.

Эссе тақырыбы:


«Ақын тәуелсіздіктің ең басты құндылық екенін қалай жырлайды?»


Қалыптастырушы бағалау


Оқушылар жетістік критерийлеріне сүйене отырып, өзін-өзі бағалайды.

Бұл әдіс оқушылардың барлығын қамтуға мүмкіндік береді .




«Кейіпке кіру» әдісі
арқылы тақырыпты жете түсінулеріне мүмкіндік туады. Оқушылардың ораторлық және актерлік қабілеттері шыңдалады.


Автор бейнесі-әдеби шығармадағы жазушының өз тұлғасының көріну қалпы.

Эссе- тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің жанры.



Темірхан Медетбек лирикасының тақырыптары, жанрлық...


Таңшолпан. Темірхан Медетбек- Ақиқатты жырлау - азап


«Жүздесу». Темірхан Медетбек - ақын. - YouTube
көк тудың желбірегені - Прослушать музыку бесплатно...
xmusic.me›q/lsO_…_g/

Жұлдыз | Темірхан Медетбек өнернамасы туралы толғаныс


Көк тудың желбірегені - Прослушать музыку бесплатно...
xmusic.me›q/lsO_…_g/





Т.Әбдіков «Қонақтар» (5сағат)


Т/Ж1.Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні

Т/Ж3.Көркем шығармадағы образ

А/И1. Әдеби шығарманың композициясы
А/И4. Шығармашылық жұмыс

Б/С2.
Заманауилығы мен жаңашылдығы

Б/С4.
Әдеби сын

7. Т/Ж1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау

7.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау.

7.А/И1.Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру.


7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу


7.Б/С2. Әдеби жанр түрлерінің даму барысына, жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға беру



7.Б/С4.Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу.


Т.
«ДЖИГСО» әдісі
1-қадам. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтап, тақырып бойынша білімді өзектендіреді;
2-қадам. Мәтін бөліктеріне сай топ мүшелерінің әрқайсысы тапсырмаларды бөліп алады:
1.Ерғабыл шал мен кемпірінің әңгімесі.
2. Ерекеңнің малын іздеуі, ішкі ойы.
3. Қаладағы баласының келуі, ауыл қонақтары
4. Сапабек пен әке әңгімелерінің жараспауы, мазасы кеткен қарт
5. Соңғы үміті орындалмаған қария, құлазыған көңіл
3-қадам. Сараптау топтарына қайта бөлінеді (1-бөлікпен жұмыс жасағандар бір топқа, 2- бөлікпен жұмыс жасағандар екінші топқа, т.с.с.).
4-қадам. Сараптау тобында өздері оқып шыққан үзіндіге талқылау жасайды, топ мүшелеріне түсінікті етіп жеткізудің жолдарын белгілейді.
5-қадам. Өз топтарына барып, сараптау тобында талқылап келген тапсырмасын түсіндіреді, өзара сұрақтар қояды.
Қалыптастырушы бағалау.

Ж/Ж.
Кейіпкер портреті
Оқушылар кейіпкерлерге портреттік мінездеме береді.



Кейіпкер

Тура мінездеу

Жанама
мінездеу

Сапабек







Тома







Жеңіс









Т.
«FILA толтыру» әдісі көркем шығармадағы кейіпкердің образдық тұлғасын ашуға бағытталады. Топ құрамында төрт адам болады. Әрқайсысы «FILA толтыру» әдісі бойынша тапсырма түрлерін бөліп алады, қорытындысында жұмыстарын біріктіріп, кестені толтырады.
F/ Дерек/ – шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинау;
I /Пікір/– кейіпкер туралы өзінің ой- пікірі;
L /Сұрақ/– кейіпкердің образдық тұлғасын ашатын сұрақтар;
A /Іс-әрекет/– автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілі .

Деректер

Ойлар

Сұрақтар

Іс-әрекет














Қалыптастырушы бағалау


Т.
«Кубизм»
Білу: Автордың “Қонақтар” әңгімесін жазуға себеп болған жағдайлар.
Әңгіменің “Қонақтар” деп аталуы нені меңзейді?
Түсіну: Жазушы Ерекеңді қалай сипаттады?
Қолдану: Әңгіменің өздеріңе ұнаған жерінен қойылым әзірлеңіздер.
Талдау: Автор“Қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар”, - деп нені айтқысы келіп отыр?
Жинақтау: Әңгімедегі түйінді ойды жинақтап, ойтолғау жазу
Бағалау: Осы әңгімені оқи отырып сен үлгі алдың?
Қалыптастырушы бағалау

ЖЖ.
«Өрмекшінің өрмегін құру»
Оқушыларға шығармашылық жұмыс жазу үшін жұппен талқылауға сұрақтар таратылады. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын толықтырып, оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазады. Талқылау сұрақтары «Өрмекші өрмегін құру» әдісі бойынша жүргізіледі.
Талқылау сұрақтары:
1.Сапабек өзінің әке –шешесіне деген перзенттік сағынышын, махаббатын таныта алды ма?
2.Ерекеңнің түнімен мазасызданып шығуының себебі неде?
3.Жазушы ақсақалдың көңіл-күйін қалай берген? (Кітаптан тауып оқып жіберу)
4. Ерекең баласынан қандай үміт күтіп еді, үміті ақталды ма әлде ақталған жоқ па?
5. «Баланың ата-ана алдындағы азаматтық парызы» дегенді қалай түсінесіңдер?
Қалыптастырушы бағалау.

Т.
«Ойлаудың алды қалпағы» стратегиясы бойынша талдау
Ақ қалпақ -Тақырып туралы түсінік беру.
Сары қалпақ - Сапабектің іс-әрекеттерін қолдау.
Қызыл қалпақ –Ерғабыл қарияның іс- әрекетін өз эмоциясын жеткізу.
Қара қалпақ - Сапабектің іс-әрекетінің жағымсыз жақтарын айту.
Жасыл қалпақ -Қарияларды ренжітпеудің қандай жолдары бар еді?
Көк қалпақ - шолу. Шығарманы өмірмен байланыстырып қорытынды жасау.
«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау

Ж.
Сыни шолуға ұсынылатын тақырып Оқушы өз қалауы бойынша екі тақырыптың біреуін таңдап жазады:
« Мен ата-анам алдындағы перзенттік борышымды қалай түсінемін?» немесе «Менің ұғымымдағы азаматтық парыз»
Қалыптастырушы бағалау.


Сапабек – ат жақты, қапсағай сары жігіт.
Тома – омырау, жеңдері ашық шұбар көйлек киген,шашын қидырған, топ-толық ақ сары, ажарлы келіншек.
Жеңіс- аяқ-қолы шидей, алтыларшамасындағы ұл бала.
«FILA толтыру» әдісі
F – FACTS ( деректер)
I –IDEAS (ой, пікірлер)
L –LEARNING LSSUES (оқыту сұрақтары)
A–ACTION PLAN (іс-әрекет)
Негізгі әрекеттер:
1.Фактілерді жинау
2.Идея құрастыру
3.Сұрақтар қою
4.Іс-әрекет

Эпизод (грек.epeisodion-кірістіру) – әдеби шығарма сюжетіндегі өз мәні бар жеке оқиға немесе оқиғаның бас-аяғы тиянақты бір бөлшегі.
Эпизодтық кейіпкер-шығармада жеке бір оқиғада ғана бой көрсететін жанама кейіпкер.


Симпатия- біреудің сезінгенін түсініп, аяушылық білдіру.
Эмпатия- сол адамның орнына өзіңді қою,оныңпсихикалық жағдайын, көңіл-күйін түсінуі.

Шолу дегеніміз - болған оқиға мен құбылысты қадағалау және ол туралы көпшілікке ақпарат беру.
«Өрмекшінің өрмегін құру» әдісі:

1.Оқушыларды дөңгелетіп тұрғызу.

2.Бір оқушының қолына жіп бумасын ұстату.

3.Ол жіпті өрмекті шырмалатындай қалыпта қалауынша екінші оқушыға сұрақ қойып лақтырады.


4.Осылайша сыныптың барлық оқушыларына тақырып бойынша пікірлерін айтуларына мүмкіндік беріледі.

Әдеби сын -көркем шығармаларды талдап, баға беріп , олардың идеялық- көркемдік мәнін әдебиеттегі орнын анықтайты әдебиеттану ғылымының негізгі бір саласы.

Төлен Әбдіков
mtdi.kz›Әңгімелер›627-tabdikov
Төлен Әбдіков. «Қонақтар» әңгімесі — BilimLand

Төлен Әбдіков
mtdi.kz›Әңгімелер›627-tabdikov


«Келбет». Төлен Әбдіков - смотреть онлайн видео на Киви
kivvi.kz›watch/zid8u1j7s4cg/



А.С.Пушкин «Ескерткіш»(3 сағат)

Т/Ж2.Әдеби шығарманың тұжырымдамасы

А/И2. Автор бейнесі

А/И3. Көркем шығарманың тілі

Б/С 3
Әдеби сын

7.Т/Ж2.Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау.

7.А/И2.Эпикалық,


поэзиялық , драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

7.А/И3.Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау


7.Б/С4.Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу.




Қызығушылығын ояту
Ойқозғау

  1. Әлем әдебиеті туралы түсінік.

  2. А.С.Пушкиннің «Ескерткіш өлеңінің» мазмұнымен танысу

Т.
«Доп лақтыру»

« Доп лақтыру» сұрақ-жауап жүргізу әдісі бойынша оқушылар үлкен шеңберге тұрады. Ойынды мұғалім бастайды. «Мен ескерткіштің не екенін білемін, ескерткішке кітап береді» деп допты қарсы жақтағы оқушыға лақтырады. Доп лақтыру арқылы сабақтың кез келген бөлімінде тақырыпқа сәйкес сұрақ алмасуға болады. Оқушылар доп лақтыру арқылы бір-бірлеріне сұрақ қойып, кезекпен айналым жасап шығады. Сыныптың барлық мүшелерін қамтиды, барлық оқушылар сұрақтарға жауап беруге ұмтылады.


Сұрақтар:
1.Ақын қандай ескерткіш орнатты?
2.Неліктен өлеңін «Ескерткіш» деп атады?
3. Сіз мұны қалай түсіндірер едіңіз?
4.Өлеңдегі басты идея қандай? Қандай сөйлемдер, сөздер арқылы дәлелдейсіңдер?
5.Егер де сен ақын болсаң өлеңді қалай жазар едің?
Қалыптастырушы бағалау.
Ж/Т.
«Әдеби шеңбер» әдісі бойынша топ мүшелерінің әрқайсысына тапсырма беру:
1-оқушы-талқылаушы
1.А.С Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңі бойынша 3-4 сұрақ құрастырады.
2.Соңында сыныппен бөлісе алатындай өз тобының жауаптарын жазады.
2-оқушы-белгілеуші
1. А.С Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңінің тақырыбына және оның маңызына қатысты 3-4 бөлігін белгілейді.
2.Бөліктерді өз тобына дауыстап оқиды және олардың маңыздылығын талқылайды.. Оқулық бойынша бетін, кейбір маңызды тіркестерді жазып алады, сыныппен бөлісуге бір немесе екеуін таңдайды..
3-оқушы-байланыстырушы
1. А.С Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңінде көтерілген мәселе мен шынайы өмір арасындағы байланыстарды табады..Бұған өзінің жеке өмірінен, басқалардың өмірінен, күнделікті жаңалықтардан, теледидар бағдарламаларынан дәлелдер келтіруіне болады. 2.Оларды тізіп жазады, тобымен бөлісіп талқылайды..
4-оқушы-қорытындылаушы
1. А.С Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңін оқиды, идеясын, автордың айтайын деген ойын қорытындылайды
2. Маңызды жерлерін атап көрсетеді. Оларды қорытындыдан бөлек жазады..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет