Қазақ әдебиетіндегі «Көк бөрі» бейнесі «Мәңгілік ел» идеясының символы



бет4/8
Дата29.09.2023
өлшемі2,4 Mb.
#111707
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Диханбаева Аяжан

Қазақ елінің ұлттық сенімін, рухын арқалап, көнеден келе жатқан түркі тектес халықтардың бабалары қашан да қасқырды сыйлап, қасиетті деп санаған. Орхон-Енисей жазба ескерткішіндегі Күлтегін жырынан көруге болады. Жырда түркілердің әскері бөріге теңеледі:

  • Әкем қағанның әскері бөрідей бопты,
  • Жаулары қойдай бопты.
  • Қазақтың батырлық жырларында «бөрідей тиді», «бөрідейін түн қатып» деген жолдар жиі кездеседі. Тіпті атақты Қарақыпшақ Қобыланды батырдың жары, қамқоршысы Құртқаның есімінде қасқыр атауының жүруі кездейсоқ емес.

«Ит-құс» сөзінің қатар жүруі:
бөрі –жер тағысы, қыран – көк тағысы.
Түріктер көк тәңіріне табынса,
көк бөрі мұңын айға шағады.

Қазақтардың байырғы таным-түсінігінде қасқырдың алатын орны екі жақты: Біріншіден, ол — тотем, яғни этникалық ататек /дәлірек айтқанда, этникалық анатек/. Қытай жылнамалары арқылы жеткен мифологиялық сюжеттерге сүйенсек, түркі тектес халықтардың бабалары болып табылатын тайпалардың көбі өздерін ана қасқырдың бауырынан таратқан.

Таңертен болғанда Оғыз қағанның шатырына күндей бір жарық кірді. Ол жарықтан көк түкті, көк жалды бір еркек бөрі шықты. Осы бөрі Оғыз қағанға сөз беріп тұрып, былай деді:

  • Таңертен болғанда Оғыз қағанның шатырына күндей бір жарық кірді. Ол жарықтан көк түкті, көк жалды бір еркек бөрі шықты. Осы бөрі Оғыз қағанға сөз беріп тұрып, былай деді:
  • Ай, ай, Оғыз!
  • Үрім үстіне сен аттанар боласың!
  • Ай, ай, Оғыз!
  • Қызметіңде мен жүрер боламын!
  • Бұдан соң Оғыз қаған шатырын түргізіп, (жүріп) кетті. (Бір уақытта) қарады, (қараса) әскердің алдын бастап көк түкті, көк жалды үлкен еркек бөрі шауып барады екен. Оғыз да әскерімен сол бөрінің соңынан еріп, шаба жөнелді. Бірнеше күндерден соң көк түкті, көк жалды бұл үлкен бөрі тоқтады. Оғыз да әскерімен тоқтады

«Оғыз-наме» дастаны

Байрағымыз неге көк?

  • Бұл үзінділерден байқалатындай, шығармада бөрінің ата тектік қызметі көктен түскен жарық арқылы түспалданады да, оның мінездемесі елдің ұранына айналу жорыққа аттанған қолға жолбасшылық жасау функциялары арқылы нақпа-нақ беріледі. Мысалы, түркі қағандары жайшылықта да, жорықта да өз ордасының босағасына бөрінің алтын басының бейнесі бар туды шаншып қояды екен; ұштарына мұндай тотемдік жалау байлаулы найзаларды көтерген атты жауынгерлер бедерленген петроглифтер Алтай, Жетісу аймақтарынан көптеп табылған. Бұл бөрінің ұрандық белгісін ұқтырса, Бұланты өзенінің жағасындағы таулы-тасты жақпарда салынған түйелі көш алдындағы алып қасқырдың суреті оның керуенбасылық міндетін көріктейді.


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет