Қазақ әдебиетіндегі «Көк бөрі» бейнесі «Мәңгілік ел» идеясының символы


Көшпелі тірлік құрған жауынгер, азатшыл түркі халқының бір ұрпағы қазақтардың байрағына бөрінің басы рәміз ретінде алынуы – көне рухтың белгісі. Ол рух «біз көк бөрінің ұрпағымыз» деген ұғымды береді



бет6/8
Дата29.09.2023
өлшемі2,4 Mb.
#111707
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Диханбаева Аяжан

Көшпелі тірлік құрған жауынгер, азатшыл түркі халқының бір ұрпағы қазақтардың байрағына бөрінің басы рәміз ретінде алынуы – көне рухтың белгісі. Ол рух «біз көк бөрінің ұрпағымыз» деген ұғымды береді.

  • Көшпелі тірлік құрған жауынгер, азатшыл түркі халқының бір ұрпағы қазақтардың байрағына бөрінің басы рәміз ретінде алынуы – көне рухтың белгісі. Ол рух «біз көк бөрінің ұрпағымыз» деген ұғымды береді.
  • Ғалым Қ. Өмірәлиевтің «көне замандардан «алтын бөрі бас» ту ұстап, «көк бөрі» ұранын ұстанып, «тутуң будун», «қадақ будун», «қазақылық» сынды әскери қызмет атқарған жұрттың қазақ халқына тікелей қатысы бар» деп жазуы – ғылыми қуатты пікір. Қазақ – көне түркілердің елдің рухын жігерлендіретін бөрілі байрақ рәмізін сақтап қалған халықтың бірі.
  • Жоғарыда келтірілген мысалдар мен талдаулар Сүйінбай ақын жырына бөрі бейнеленген байрақтың не себептен кестеленгенін анық ұғындырады деп ойлаймыз.

Мәңгілік тәуелсіз елді аңсаған сол Алаш қайраткерлерінің туындыларындағы бөрі символы астарында мәңгілік ел идеясы жатты.

Тез барам

Тез барам

Қыранымын сары сайран даланың,

Қос қанатым — алтын Алтай, Оралым.

Еркін дала ардақтысы, еркесі —

Бетім қайтпай өскен батыр баламын.

Асқан алып — ата затым сұрасаң,

Асқан дана — ана затым сұрасаң.

Шашып жалын жас жолбарыс ұмтылса,

Қорқақ құлдар, қалай қарсы тұрасың?!

Тұлпар мініп, туды қолға алайын,

Суырып қылыш, қан майданға барайын.

Жердің жүзі кім екенім танысын,

Жас бөрідей біраз ойын салайын.


М.Жұмабаев
  • Ақындардың көбі көк бөрі бейнесіне бабалардың батырлығын жырлап, соларды бүгінгі ұрпаққа өнеге-өрнек ету үшін немесе қазіргі қоғамның шындығын атамзаманғы адамдардың аузымен айтқызу мақсатында табан тірейтіндігі байқалады.

Ф.Оңғарсынованың "Сиыну" атты өлеңінде зынданда отырған қарақшы "далада кендік болғанмен, қорқау көңілдер тар мұнда" деп, қоғамдағы жасандылық пен жағымпаздыққа, әлеуметтік әділетсіздікке күйінеді. Сөз жоқ, бұл жерде автор дәстүрлі "қорқау касқыр" деген тіркесті қорқау көңіл деп жаңалап, мұның көмегімен пейілі тар, парасаты кем жандарды алмастыра айтып отыр. Оған кешегі күні жортуылменен далада дабыл кақтырып жүрген қарақшының монологындағы: "Итшілеп өмір сүргенше, көкжал боп өлгенім мың артық!", — деген сөздер қарама-қарсы қойылады да, өлеңнің негізгі идеясы мағыналык шендестірулер ("қорқау — көкжал", "ит — көкжал" жұптары) арқылы ашылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет