Қазақ әдебиетіндегі «Көк бөрі» бейнесі «Мәңгілік ел» идеясының символы


«Көк бөрі» сөзінің мағынасындағы «көк» сөзіне тоқталайық. Төмендегідей мағыналарды береді



бет2/8
Дата29.09.2023
өлшемі2,4 Mb.
#111707
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Диханбаева Аяжан

«Көк бөрі» сөзінің мағынасындағы «көк» сөзіне тоқталайық. Төмендегідей мағыналарды береді:

  • а) Түпсіз тұңғиық аспан әлемі, әуе,
  • Құс алған көкке қарар (халық даналығы)
  • ә) Көк аспан - көк жүзі, аспан күмбезі
  • б) Көк күмбезі – аспан әлемі
  • в) Киіз үйдің керегесінен т.б. көктейтін түйенің терісінен істелген таспа, қайыс. Қарап тұрдым керегенің көгінен.
  • (С. Сейтқазин) [ 1 ]
  • г) Заттың көгілдір аспан тәрізді түсі. Бала көкке құмар болады.
  • ғ) Көк бөрі – азулы, адуынды деген мағынаны білдіреді.

«Бөрі» сөзіне түсініктеме

  • бөрі 1 зат. 1. Қасқыр, серекқұлақ.
  • 2 тар. Түркі халықтарының тарихи жадындағы киелі ұғым, қасқырдың жағымды атауы. Аңыз бойынша БӨРІЛЕР түркілердің ұрпағын құтқарып қалған. (Қ. Ұ.Э.)Бөрі құтқарушы тотем ретінде «Оғыз наме» жырында, «Ергенеқон» дастандарында, татар халқының ақ қасқыр туралы әңгімелерінде, қазақ ертегісі «Ақ қасқыр» және т.б. түркі халықтарының аңыз-әңгімелерінде көп кездеседі. (Қ.Ұ.Э.)
  • 3. ауыс. Қаныпезер, қаныпезер, қанышер адам. Өз баласын өз бөлтірігін өзі жеген бөрі емес пе? Бұл не деген сұмдық еді! (М. Иманжанов, адам)
  • БӨРІ 2 з.е. астр. 1 <лат. Iupus> Аспанның оңтүстік бөлігіндегі шағын шоқжұлдыз. Бөрі жұлдызы оңтүстік ендіктен көктемде көрінеді. (Қ.Ұ.Э.)
  • БӨРІ 3 з.е. көне, тар. Ежелгі түркі қағадарының дербес жасағына берілетін атақ.Бөрілер ежелгі түркі билеушілерінің жеке басын қорғауға арналған арнаулы жауынгерлер тобы.Жылнаманың бірінде бөрі атағын кейде қаған бекітіп отырады. Бұл жас ұландардың жауынгершілік айбарын арттыру мақсатымен істелген деген болжау бар.(Отырар энц.)Бөрілер жасағы соңыс ісін жетік меңгерген атақты батырлардан іріктеліп өздері де, аттары да темір сауытпен құрсаған. (Қ.Ұ.Э.)
  • 4. ауыс. Тайсалмайтын, мықты, жаужүрек адам. Әділ, Еділ-қос бөрі қадіріңді білген кісінің өзегеін өрттей өртедің(Базар жырау,Шығ.)Жүз бөрі аз дамылдап алыстады да.Ат қайта қалың жауға “Абылайлап” жүз қыран мың сап қолға араласты,Орғыған асқар таудан судай тасты. (М. Жұмабаев шығ.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет