Түркі тектес халықтардың фольклорлық туындыларының ішінен мифологиялық бейне болып табылуы тегін емес. Шығармалардың басым көпшілігінде ол қоғам өмірінің сан қырлы аспектілерін ашатын, халықтың дүниетанымын өрнектейтін символ түрінде беріледі. Түркі халықтарының нанымында бөрі – рудың тотемі немесе нагуал, тәңірі мен пенделердің арасын байланыстырушы күш немесе шаманның ие-ықыласы ретінде беріледі.
Біз Президенттің: «Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік Ел!», деген ұлағатын ұдайы басшылыққа алуға тиіспіз. Себебі, түп атамыз көк бөріден тараған түркі тектес халықтардың тарих бетінде салған дара жолын ары қартай жалғастыру мақсатымыз бар.