Қазақ әдебиетіндегі «Көк бөрі» бейнесі «Мәңгілік ел» идеясының символы


Жоғарыда айтылған деректер бүгінгі біздің тәуелсіз еліміздің байрағының көк болуына себепкер болса керек



бет5/8
Дата29.09.2023
өлшемі2,4 Mb.
#111707
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Диханбаева Аяжан

Жоғарыда айтылған деректер бүгінгі біздің тәуелсіз еліміздің байрағының көк болуына себепкер болса керек.

Эпостық жыр-дастандардағы «көк бөрінің» бейнесі

  • Эпостық жырлардағы «көк бөрінің» бейнесіне батырдың сұлбасын, жауға қарсы шыққан кездегі сөз жетпес батырлығын, кейіпкердің өзін бөріге балаудың түрлі жолдарын эпостық туындыларда әртүрлі берілген.
  • Көне түркі бабамыздан келе жатқан «бөрі» ұғымы эпостық жыр-дастандарда да өз дәуіріне сай жекеше бейнесімен ерекшеленеді.

Жыраулар поэзиясындағы «көк бөрі» ұғымы

  • Жыраулар поэзиясындағы көк бөрі ұғымын бір-біріне қарама-қарсы екі түрде берілгендігін байқадық.
  • Бірі, қасиетті түсінікті елдің рухын ояту мақсатында өз шығармаларында қолданса, екінші жағынан, белгілі бір тарихи себептерге байланысты бұл ұғым бөріден үрген итке баланады.
  • Қалай болғанда да, қасиетті қасқырдың бейнесі (көкжал бөрі, абадан, құба арлан) ұсақтап, ол қорашыл төбетке, үй күшікке, үйден үрген итке айналып шыға келді. Бұл — жалауы ойға жиырылып түскен жұрт рухының көркемсөзге дәл көшірілген көрінісі.
  • Бірақ халықтың өзіндік сана-сезімі сілкінетін сәттерде ұлттық бағзы бейнелер мидың бізге белгісіз кұпия қатпарларынан, тылсым түкпірлерінен қайта бой қылтитатынын дана тарих дәлелдеумен келеді. Қазақ қоғамы да бұл заңдылықтан қаға беріс қалған емес.

Ау, бөрілер, бөрілер,
Бөрімін деп жүрерлер,
һәр бірінің баласы
Алтау болар, бес болар,
Ішінде абаданы бір болар,
Абаданынан айырылса,
Олардың һәр біреуі
һәрбір итке жем болар!
Шалкиіз Тіленшіұлы

Петроглифтерде салынған мыңдаған суреттер мен таңбалардың бірегейі–көктүріктердің (жалпы түрік ) әлемдік деңгейдегі елдік белгісі- көк түсті желек туда бейнеленген Көкбөрінің таңбасы болды, ол – «Бөрілі байрақ» деп аталады.

  • Петроглифтерде салынған мыңдаған суреттер мен таңбалардың бірегейі–көктүріктердің (жалпы түрік ) әлемдік деңгейдегі елдік белгісі- көк түсті желек туда бейнеленген Көкбөрінің таңбасы болды, ол – «Бөрілі байрақ» деп аталады.
  • Түркі халықтарының дала жыртқышы қасқыр (бөрі) бейнесі қазақтың жауға шапқанда жауынгерлік рухын оятатын байраққа бедерленген.

С.Аронұлы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет