Қазақ әдебиетіндегі тұрақты теңеулердің рөлі Бағыты


Теория 2) Келгеннен бері екі ұртына су толтырып алғандай



бет3/3
Дата07.02.2023
өлшемі4,66 Mb.
#66015
1   2   3
Байланысты:
Слайд, ғылыми жоба

Теория
2) Келгеннен бері екі ұртына су толтырып алғандай, жақ ашпапты. [Оралхан Бөкей «Маңдайдан бағың шайқалса» ] (Сөйлемеу)
Толық тұрақты теңеу

Мысалы:

Жартылай тұрақты теңеулердің көбінесе,бір ғана мүшесі - образы ғана айтылады да, басқа мүшелері, әсіресе, белгісі айтылмайды.


Теория
  • Он жеті күнде қалмақ ханның әскерін қойдай қырып, өзін өлтіріп, елін көндіріп, Шынтемірге қаратып, елге келеді.[Қазақ ертегісінен] (жайратып салу)
  • Әуел баста қоңыр бұзау болар деп, солай қарай құстай ұшты. [Оралхан Бөкей «Жесірлер»] (асығу)

Жартылай тұрақты теңеулер
Мақал-мәтелдердегі тұрақты теңеулер
Қазақ әдебиетінің асыл қоры болып есептелетін мақал-мәтелдердің көлемі шағын болса да, тастар ойы тереңде. Ал сол мақалдың салмақты ой тастауына себепкер болатын көркемдегіш құралдар, соның ішінде – тұрақты теңеулер. Мысал ретінде бір мақалды алып көрейік: Оқу - инемен құдық қазғандай. Бұл жердегі тұрақты теңеу: инемен құдық қазғандай. Оның мағынасы: Қиын, өте күрделі. Ал, енді тұрақты теңеусіз бұл мақалды жазып көрейік: Оқу өте күрделі. Бұл кезде мақал емес, жай ғана сөйлем болып қалды.

Ақындықтың ұрығы аталған жұмбақта жасырылған затты сипаттап, бейнелеу барысында ерекше тапқырлық керек. Егер біз оның түсін түстеп, қарапайым сөзбен сипаттап берер ғана болсақ, жұмбақтың көркемдік бейнесі болмай қалады. Сол себепті жұмбақтарда да тұрақты теңеулердің рөлі зор. Жасырын затты оған ұқсас белгілі бір затқа теңеу арқылы затты сипаттаймыз әрі жұмбақтың көркемдік бейнесін жоғалтпаймыз.


Шаруасы әр салалы,
Он екi балалы,
Бәйтеректей атам бар.
Әр баласның
Отыздан серiгi,
Өзiне лайық көрiгi бар.
Тұрақты теңеуі бар жұмбақ...

Қорытынды


Халқымыздың көне заманнан бергі ауыз әдебиеті үлгілерінен бастау алып, бүгінгі күнге жеткен тұрақты теңеулердің тіліміздің бай әрі көркем екендігінің дәлелі болғандығына көз жеткіздім.
Табиғаты терең зерттеле қоймаған тұрақты теңеулерді зерттеп, мектеп бағдарламасына фразеологизмнің бір түрі ретінде енгізуді ұсына отырып, бұл ұсынысымды қазақтың тіл ғылымында кезек күттірмейтін мәселелердің бірі деп есептеймін.
Тұрақты теңеулер – халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан мәйекті де бай тілінің кең құлашты, бейнелі көрінісі екенін, басқа көріктеу құралдарынан ауқымы анағұрлым кең екенін білдім

Назарларыңызға рақмет!

Саяхатымыз әзірге аяқталды!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет