Қазақ филология кафедрасы Тақырыбы: Ас қорыту жүйесі. Оқытушы: ф.ғ. к А. А. Молдашева Тобы: жм – 424 Мерзімі: Уақыты: 13: 00- 14: 45 Мазмұны



бет3/3
Дата25.11.2023
өлшемі0,78 Mb.
#126931
1   2   3
Байланысты:
сілекей

Асқорыту ферменттері

  • Асқорыту ферменттері
  • Ферменттер химиялық құрамы жөнінен нәруызтектес ағзалық заттарға жатады. Ферменттер тірі жасушалардың барлығында кездеседі. Олар жасушада жүретін реакциялардың белсенділігін арттырады. Сондықтан да ферменттерді кейде биологиялық өршіткі-катализаторлар деп те атайды. Ферменттердің белсенді әсер етуіне қолайлы температура +37, 38°С.
  • Ферменттердің өздеріне тән қасиеттері бар. Біріншіден, әрбір фермент белгілі бір ағзалык затты ғана ыдырата алады. Екіншіден, әрбір фермент белгілі бір химиялық ортада белсенді әсер етеді. Мысалы, қарын сөлінің құрамьшдағы ферменті қышқылды, ұйқыбездің сөліндегі фермент - сілтілі ортада әсер етеді.
  • Көптеген ұсак және ірі үш жұп сілекей бездерінің өзектері ауыз қуысына ашылады. Сілекей бездерінің ең ірісі - жұп шықшыт безі Ол қүлақ қалқанының астында орналасқан. Оның өзегі ұртқа ашылады, салмағы 20-30 г. Алқым сілекей бездерінің салмағы 14-15 г. Оның өзегі тілдің астына ашылады. Сілекей бездерінің ең кішісі- тіласты бездері. Оның салмағы 5 г, өзегі тілдің астына ашылады. Тағамның құрамына байланысты сілекей бездерінен тәулігіне шамамен 1,5-2 литрге дейін сілекей бөлінеді.

Сілекей

  • Сілекей
  • Сілекей - тұтқыр, түссіз сұйықтық. Оның құрамында 99-99,5% су, 0,5-1% ағзалық және бейағзалық заттар болады. Бейағзалық заттардың мөлшері ағзалык заттарға Қарағанда 2-3 есе аз. Сілекейдің реакңиясы өлсіз сілтілі. Сілекей құрамында көмірсуларды ыдырататын фермент - амилаза, бактерияларды жоятын лизоцим ферменті болады.
  • Сілекейдің бөлінуі орталығы сопақша мида орналасқан, рефлек-торлық жолмен реттеледі. Тамақ ауызға түскенде ондағы жүйке талшықтарының ұштары (рецепторлар) тітіркенеді де, сілекей бөлінеді.
  • Бұл сілекей бөлінудің шартсыз рефлексіне жатады. Ал сілекейдің тамақтың иісіне, көрінісіне, тамақ туралы айтылған сөздерге байланысты бөлінуі - шартты рефлекс.
  • Шыкшыт сілекей бездері кабынған кезде ісініп, жаксүйекке тұтасып, айқын байқалады. Ондай ауру паротит (мысқыл) деп аталады.
  •  

Қортынды

Ферменттер адам ағзасы үшін аса маңызды қызмет атқарады. Көмірсуларды, май белоктарды ыдыратуда. Ферменттер таңдап қызмет етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • Пайдаланылған әдебиеттер:
  • 1. Керімбеков Е.Ж. Тәнтану (адам анатомиясы) “Алматы ” – 2005жыл. 2. Дайрбекова Адам анатомиясы “Алматы ” – 2002 жыл. 3. Сапин И.Р. , Билич Г.Л., Анотомия человека, высшая школа 1989 г. 4. «Денсаулық» журналы №10 2003ж №7 2004ж


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет