Қазақ халық ауыз әдебиетіндегі көріктеуіш құралдар Алдымен дәстүрлі түрде «көріктеуіш құралдар»


«Сөз талғау» бөлімінде шығарма сөздің «көрнекілік» мәселесіне арнаған



бет4/11
Дата07.01.2022
өлшемі21,48 Kb.
#20358
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1. 29.04. 2020zh. spo

«Сөз талғау» бөлімінде шығарма сөздің «көрнекілік» мәселесіне арнаған. Яғни сөздің ауыспалы және жанама мағынасы, тілдік құралдар – бәрі де осы аталған тақырып аясында қарастырылады. Сөздің стилистикалық айшықтарының функционалды прагматикасы А. Байтұрсынұлы бойынша поэтикалық тілдің бейнелілігіне («көрнектілігіне») бағытталған. Ғалым тақырыпқа былай енеді: «Шығарма тілі екі түрлі болатындығы жоғарыда айтылған еді. Оның бірі ақын тілі деп, екіншісі әншейін тіл деп аталады деп едік. Бұл екі тілдің арасындағы айырмасы мынау әншейін тіл көбінесе сөздің дұрыстығын, анықтығын тазалығын, дәлдігін талғайды. Ақын тілі сөздің дұрыстығының, тазалығының, дәлдігінің үстіне, көрнекті, әуезді болу жағын да талғайды» [7, 255].

А. Байтұрсынов: «Сөздің дұрыс, таза, дәл айтылуының үстінде талғау сөздің көрнекі болуын да керек қылады. Адамға дерексіз заттан гөрі деректі зат түсініктірек, жансыз заттың күйінен жанды заттың күйі танысырақ. Сондықтан адам сөйлегенде сөзі толық түсінікті болу үшін дерексіз заттарды деректі затша, бернесіз заттарды бернеді затшы сипаттайды, жансыз затты жанды заттай ғамалдайды. Ақ көңіл, шолақ ақыл, арам ой деу, яки күн бүркіп тұр, найзағай ойнайды, су қайтты деу... Мұндай сөздер жалғыз әдетті түрінде емес, әдейі де айтылады... Осы сияқты өң берілген сөздер көрнекі тіл делінеді», – дейді [7, 259]. Яғни оның «көрнек тіл» деп атап отырған терминінің мағынасы біз қозғап отырған көріктеуіш құралдарға балама болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет