Кейбір әдебиеттерде көріктеуіш тілдік құралдарды «образды тілдік құралдар» деп атау кездеседі. Академик Р. Сыздық: «Образ» деп қарастыратынымыз – көріктеу элементі болып келетін жеке сөздер мен сөз тіркестері» [12, 133], яғни сөз тура мағынасынан ауыспалы мағынаға ие болып, образдылыққа еніп, өзінің алғашқы номинативті мағынасын жоғалтып, ерекше бояулы образды мағынаға ие болады. Ал орыс ғалымы В.П. Ковалев «единицы языка, в которых реализуются этипреобразования можно назвать языковыми художественными образами... Термин «художественный образ» понимаетсы как некая речевая единица, служащая для поэтического отражения элементов действительности» деп тілдік көркем образдар деген атау ұсынады [13, 6].