көркем тіл тек жазушылар қауымы үшін ғана емес, сондай-ақ сауатты адамның бәріне керек. Өйткені адам өзінің ой-сезімін басқаларға білдіру үшін қолданады;
көркем тілдерді білу – көркем шығармалардың жақсы, жаман жақтарын танып, терең түсіне білу деген сөз;
әдебиетті оқытушы, зерттеушілер де үшін тілдердің жасалу, даму жолдарын, ерекшеліктерін терең түсініп, жақсы білуі керек. Міне, осындай негізгі үш себепті басты назарды ұстайды.
Сонымен қатар ғалым көркем сөздің түрлерінен эпитет, теңеуді бөліп жарып, оларды өз мағынасында қолданатын сөздер деп, ауыстыру мағынасындағы көркем сөз түрлерін бөлек қарастырады. Оларға: метафора, кейіптеу, метонимия, синекдоха, символ және аллегорияны жатқызады. Cөз өткір де тартымды болу үшін ауыстырып айтудан басқа да әдістер қолданылатынын айтады. Яғни, синтаксистік әдістердің 6 түріне тоқталады: арнау, қайталау, шендестіру (антитеза), дамыту, инверсия, элепсис [10, 133].
Достарыңызбен бөлісу: |