Қазақ халық ауыз әдебиетіндегі көріктеуіш құралдар Алдымен дәстүрлі түрде «көріктеуіш құралдар»


Талай жылдар, ғасырлар бойы қазақ халқы көшіп-қонып жүріп, өзін қоршаған ортаны ой елегінен өткізіп өмірге талай-талай бейнелі сөздерді әкелді



бет10/11
Дата07.01.2022
өлшемі21,48 Kb.
#20358
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Талай жылдар, ғасырлар бойы қазақ халқы көшіп-қонып жүріп, өзін қоршаған ортаны ой елегінен өткізіп өмірге талай-талай бейнелі сөздерді әкелді. Бұл бейнелі сөздерді халқымыздың ірі тұлғалы ғалымдары өздерінің зерттеу нысандары етіп алды. Мысалы, барлық көріктеуіш құралдардың бастауы болып табылатын теңеуді Т.Қ. Қоңыров ғылыми тұрғыда негіздеді. Ғалым: «Теңеу дегеніміз – ұқсас, ортақ белгілердің негізінде бір затты екінші затқа салыстыру арқылы сипатталушы нәрсенің бейнелілік, көркемдік, эмоционалды-экспрессивтік сапасын күшейтетін, сол нәрсені жаңа қырынан, поэтикалық қырынан танытатын әрі стильдік тәсіл, әрітаным құралы» деген анықтама береді [14, 7]. Ал белгілі қазақ ғалымы Б. Хасанов метафора құбылысын ежелгі ойшылдардың еңбектерінде сөз болып, оның мағына туғызушы қасиетіне назар аударып, метафора түрлеріне тоқталады [15]. Метафора – адам танымының жемісі, образды ойының бейнесі.

Е. Жанпейісов: «Қазақтың көркем ойының даму, қалыптасу тарихында ауыз әдебиетіміз бен қазіргі прозамыз, поэзиямыз бір-бірінің табиғи жалғасы іспетті және тіл құралдарының стильдік қызметі жағынан да, сөз образдылығы тұрғысынан да бұлар бір-бірімен өзектес екендігін баса аңғартады» [16, 48]. Бұл жерде айтпағым, қазіргі көркем әдебиет тіліндегі көріктеу құралдары өз бастауын фольклор тілінен алады. Көріктеуіш құралдардың тарихы көркем әдебиет тілінің даму сипатын бейнелеумен бірге, әдеби тілдің де тарихы болып есептеледі.

Барлық ғалымдардың берген анықтамаларын зерделей келе, көріктеуіш тілдік құралдар – тілдік қорды молайтатын, айтылмақшы ойды айшықтап, оның бояуын қоюлатып, тыңдаушыға тигізер әсерін күшейте түсетін тілдің қабаты.



Көріп отырғанымыздай, ғалымдардың еңбектерінде «бейнелеу құралдары, көркемдегіш құралдар, көріктеу, шеберлік тәсілдері, әсерлі сөз нақыштары, бейнелі сөздер, образды сөздер, көркем сөздің түрлері, бейнелеу тәсілдері» деген көптеген терминдер кездеседі, олардың барлығы да мағынасы мен анықтамасы жағынан «көріктеуіш құралдар» дегенмен толық синоним болып табылатындығын ескертеміз және біздің жұмысымызда академик Р. Сыздық қолданған термин – «көріктеуіш құралдар» аталымы жоғарыда аталғандардың барлығының жиынтық атауы ретінде қолданылады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет