Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетінен емтихан сұрақтары Жыраулар поэзиясының зерттелуі


Кәрі өлсе, соққан дауыл тымғандай-ақ



бет20/56
Дата06.01.2022
өлшемі266,21 Kb.
#12658
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   56
Кәрі өлсе, соққан дауыл тымғандай-ақ,

Кәрі өлсе, соққан дауыл тымғандай-ақ

Жас өлсе, бәйтерегің сынғандай-ақ. 

Жігіттер, жас уақытты босқа өткізбе, 

Дағдыр деген көз ашып жұмғандай-ақ.
19.Бұқар жыраудың шағармашылық тұлғасының ерекшеліктері

Профессор Б.Кенжебаев: «Бұқар жырау шығармалары тақырыбы мен мазмұны жағынан Асанқайғының үлгілі шәкірті, өз дәуірінің Асанқайғысы...» екенін таныта алады дейді. Бұдан кейін ол «Бұқар жырау өз тұсындағы қазақ халқының күй жайын, мұң тілегін,болашақ тағдырын... білдіріп,бірлігін,ынтымағын көкседі»- деп бағалайды. Осы сияқты пікірлерді біз С.Мұқанов зерттеулерінен де кездестіреміз. Асылы, Абылай тұсындағы тынымсыз жорықтардың ел берекесін кетіріп жатқан кезеңінде ханға айтқан жырау ақылдарының ең тиімдісі қазақтың өзара бірлігін сақтауға, одан кейін көрші елдермен алыс-беріс жасап,жауласпай тату өмір сүруге үндеу болса керек.

Өлетұғын тай үшін,

Қалатұғын сай үшін,

Қылмаңдар жанжал, ерегес-

Деп, ол мал немесе жер үшін өзара жанжалдасуға қарсы шығады. Ағайыншылық-татулық- елді берекелі ететін ең қажет нәрсе деп біледі.

Сірә, бір кеңес құрыңыз,

Бірауызды болыңыз...

Айнала алмай ат өлсін,

Айыра алмай жат өлсін,

Жат бойынан түңілсін

Бәріңіз бір енеден туғандай болыңыз!

Ақын бірауызды, ынтымағы күшті елді осылай армандап, сондай елдің ғана болашағы мол болатындығына сенім білдіреді. «Ағайын тату болса, жат жанынан түңілер» деген халық мәтелін қоштай сөйлеп, ол тату тәтті өмірді аңсайды.

Х.Сүйіншалиев 8-18 ғасырлардағы қазақ әдебиеті

Абылай ханға арнаған толғауларының бірінде Бұқар:

Күнінде менде жырлайтын

Тоқсан үште қария

Енді де саған табылмас- дейді.

Негізінде,Бұқар жыраудың шығармашылығын 4 топқа бөліп қарастырады.


  1. Адамгершілікті, имандылықты дәріптейтін, насихат толғаулары

  2. Ел бірлігін жырлайтын толғаулар

  3. Абылайға айтқан арнау толғаулары

  4. Отаршылдыққа байланысты туған болжау толғаулар. «қилы заман»

1.“Қара құлаш жүйрік деп”, “Ежелгі дос жау болмас”, “Бағаналы орда, басты орда”, “Жар басына қонбаңыз”, “Көкте бұлт сөгілсе”, “Алыстан қызыл көрінсе”, “Биік тауға жарасар”, “Қорғанды шаїар қаласын”, “Жал, құйрығы қаба деп”, “Асқар таудың өлгені”, “Ақсаңнан биік тау болмас”

2. «Керей қайда барасың», «Бұқарекең біз келдік, Ақан, Төбет байларға»

3. «Абылай ханның қасында», «Әй, Абылай сен он бір жасында». «Ай, Абылай, Абылай», «Қайғысыз ұйыұтаған ханым ай», «Ай, айтамын, айтамын...»

4Бұқар жыраудың болжау-толғауларынан («Ханға жауап айтпасам», «Он екі айда жаз келер», «Абылай ханның қасында») заман, дәуір, болашақ туралы қорытынды ой-пікірлерін айқын аңғарамыз.

Бұқардың тіл ерекшеліктерін оның адам өмірі туралы жырларынан да айқын көруге болады. Әр қилы өмір белестерін жырлауда ақын дөп басып, орынды балама сөз тауып қолданады. Әрбір жастағы адамның қуаты, ой сыры, мүмкіндіктері, айналасындағы өмірге көщқарасы жан жақты ашылады. Кәріліктен жеңіле бастаған адам денесінің әлсірей беруі әрбір жас сатысында әр түрлі. Әсіресе 75 жастан әрі адам өмірінің мүшкіл көрінісі табиғи шындыққа сай, өңсіз де сүреңсіз беріледі:

Жетпіс бес жасқа келгенде

Жылуы болмас қойыныңның.

Қаруы болмас сойылыңның

Өлмесең де жойылдың...

Ал, «Атан болған жиырма бес» деген өлеңінде ақын жиырма бес жастағы адамның ең бір қажырлы кезіне лайық әсерлі сөз, өткір тіл тауып айқын образ жасайды.

Қызықты күнде қыздырған,

Асуды талқан бұздырған.

Қызды ауылды көргенде

Бұландаған жиырма бес...

Ақын өлеңдері – ойлы адамның өмір мен өоғам туралы түсініктерін танытарлық мәнді шығармалар. Жыраудың дидактикасы көп жерде өз мәнін жоймайды. Халықтық нақылдар ретінде өмір сүреді.

20- Бұқар жырау толғауларының дидактикалық сипаты

Бұқар жырау «Тілек» деп аталған толғауларында:

Бірінші тілек тілеңіз,

Бір аллаға жазбасқа.

Екінші тілек тілеңіз

Ер шұғыл пасық залымның

Тіліне еріп азбасқа, - деп

Үшінші тілек тілеңіз,

Үшкіліксіз көйлек кимеске.

Қазақ даласында бейбіт өмір болуын, Бұқардың айтуынша, халық пен ел билеген хандардың келісімі мен ел бірлігін сақтауға ақыл-кеңес береді.

Ақын халықтың тыныштығының қымбат екендігін, көрші елдермен достық қарым-қатынаста болуды, ханды хандықтың және халықтың мұддесіне қайшы келетін жағымсыз іс-әрекеттерден сақтандырады:

Жан біткен еріп соңынан

Он сан алаш баласын,

Аузыңа құдай қаратып,

Жусатып тағы ергізіп,

Жұмсап бір тұрсаң қолыңнан, - деп Абылай ханның ел бірлігін сақтауға, көрші елдермен қарым-қатынас жасаудағы роліне оң бағасын береді.

Ру арасындағы тартыс жағдайында Бұқар жырау адамдарды біріктіруге, ынтымақтыққа шақырудан шаршамайды, «бұрынғы өшпенділікті ұмытып, адамдар өзара достасудың» қажеттігін, «жау әруақытта да бізді айналып өтсін», «сіздер бір туған анадан қандас бауырларсыңдар»,-деп руларға, тайпаларға ықпал етуге ұмтылды.

Бұқар жырау Абылай ханның саясатына, оның қазақ рулары мен көрші елдер мен қарым-қатынасына еркін араласа білді. Бұқар Жырау Абылау туралы өлеңдерінде ең алдымен оның жауларымен қарсы күрестегі ерлік істерін дәріптейді.

Бұқар жырау жақсы мен жамандық туралы, адамгершілік қасиетті, шынайы достық пен қастықты салыстыра келіп, жырау жастарды тәлімдік-тәрбиелік мәні бар қасиеттерді жастардың бойына сіңіруге ақыл-кеңес береді:

Екі жақсы қас болмас,

Екі жаман дос болмас.

Дос болғанмен хан болмас,

Екі жақсы дос болмас,

Дос болса, түбі бос болмас, - деп адамгершілік, ізгілік қасиеттерді жастардың арасында кеңінен насихаттайды.

Бұқар жыраудың шығармашылығында қарама-қайшылықтар мен керітартпа көзқарастар аз емес. Егер де ол кейбір жағдайда уақыттың және халықтың қажеттігіне байланысты елді бірлікке шақырса, сонымен қатар кейбір өлеңдерінде хан, сарай мүддесінен асып кете алмайды. Ханға берілгендік, оның мүддесін көздеу, феодалдық талаптарды, ислам дінінің ұстанымдары Бұқар жырау поэзиясына тарихи шектеушілік із қалдырады. Кейбір өлеңдерімен толғауларында ханға, жекеленген ықпалды феодалдарға табыну, әлсіз руларды, әлді көпшілік руларға бағынуды насихаттайды. Мәселен, Абылайға тәуелді, бағынышты керейлер сияқты рулардың ханның өктемдігі мен қысымына шыдай алмай басқа жаққа көшу туралы шешім алуына Бұқар жырау ханды жақтап, «Керей қайда барасың?» атты өлеңінде туған жеріңен қайда көшіп барасың, егер де Абылайдың қойған шартын орындамасаңдар мен сендердің бітіспейтін жауларың болам,- деп хан атынан сөйлейді.

«Жал құйрығы қаба деп» деген толғауына зер салып қарасақ

Жабыдан айғыр салсаңыз

Жауға мінер ат тумас

Жаманнан қатын алсаңыз

Топқа кірер ұл тумас.

Деп өз ақылын айтып өткен.



21. Бұқар толғауларындағы елдік мәселесі.
Әдебиет тарихынан елеулі орын алып, артына өшпес мұра қалдырған көрнекті жыраулардың бірі – Бұқар Қалқаманұлы. Халық өмірінің алмағайып-аласапыран, тарихта қалу-қалмауы екіталай кезеңінде тұрмыс кешкен жырау өз толғауларында сол тұстағы көкейтесті, күрделі мәселелерге жауап іздеп, соның бірден-бір жоқшы-жыршысы бола білді. Оның жыр-толғауларының үнемі әлеуметтік өткір мазмұнға құрылып отыруының басты себебі де осыдан.
Тарихта «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған аумалы-төкпелі заманға душар болған ел-жұртқа «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» басқыншы жаудың бетін қайтарып, өз тәуелсіздігін қорғап қалу, немесе жау табанында бір жола жаншылып құрып біту мәселесі көлденең тұрды. Жырау, ең алдымен, осындай жауапты сәтте шоғырланбай шашырап жатқан халықтың басын тас түйін біріктіру арқылы қанқұйлы жауға тойтарыс беру ісін ұйымдастыра алатын аса алғыр, қолбасшы-көсемнің қажеттігін ерте түсінді, сөйтіп, осы ұлы мақсатқа орай ол әйгілі Орта жүз ханы Абылайға зор сеніммен қарады. Абылай да тәуелсіздік үшін жан сала күрескен халық мүддесін терең түсініп, өзін бірыңғай сол күрес жолына арнады. Мұндай ақылы мен айласы астасқан кемеңгер басшының үлгілі істері мен оның төңірегіндегі белгілі батырларының жанқиярлық ерліктерін жырау үнемі асқақ жырлап, солардың өшпес әдеби бейнесін жасауға күш салды. Осының бәрі, түптеп келгенде, жыраудың туған халқының бірлігі мен болашағын ойлау мақсатындағы ерлікке парапар іс-әрекеттерін аңғартады. 
С. Мұқанов Бұқар шығармаларының көпшілігі Абылай ханға арналып айтылғандықтан, өзі сырттай Орда ақынына ұқсағанмен, жырлары сол кездегі саяси-әлеуметтік тұрмыстың нақты көрінісінен туған деп атап көрсетеді. Ол:
«Бұқар жыраудың шығармаларында азаматтық, саяси мотив терең, әлеуметтік маңызы зор. Ол Абылайдың мақтаушысы ғана емес, сыншысы да», – дейді.
Жыраудың “Он екі айда жаз келер”, “Абылай ханның қасында”, “Ханға жауап айтпасам” атты толғаулары халық болашағы мен бейбітшілікті сақтау, отарлауды көздеген елден жыраққа, Жиделі байсынға көшу мәселесін қозғайды. Бұл жырлардың үгіт-насихаттық, дидактикалық сипаты басым. Жыраудың табиғат пен адам өмірін астастыра суреттейтін жырлары да мол: “Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек”, “Әлемді түгел көрсе де”, т.б. Осының бәрі жыраудың кәнігі шеберлігі мен талғампаздығын танытады. Бұқар Жыраудың толғаулары, шын мәнінде, Абылай дәуірінің айнасы. Ұлтының тамаша рухани адамгершілік қасиеттерін бойына дарытқан көкірегі даңғыл, алмас тілді, дуалы ауыз кемеңгерді Абылай хан да қасынан бір елі қалдырмаған. Ақыл-ойға кемел “Көмекей әулие” Абылай ханның дұрыс шешім, парасатты пайым қабылдауына, қос бүйірдегі екі алып мемлекеттің арасында оңтайлы саясат ұстауына, әскери дипломатиялық қарым-қатынастарды реттеуге барынша ықпал жасайды. Заман келбеті, Отан тағдыры, болмыс шындығы, ел тұтқасын ұстаған асқан қолбасшы, біртуар баїадүр, үздік мәмілегер, зерделі мемлекет басшысы Абылай ханның жортуыл-жорық күндеріндегі іс-қимылдары, ұлтының ұлы мұраттар жолындағы ізгі, жалынды күресі — жырау мұраларында шынайы шыншылдықпен суреттеледі. Әсіресе, Бұқар Жырау толғауларында Ресей империясының отарлаушылық, басқыншылық саясаты, зұлымдық әрекеттері әшкереленеді. Мысалы, “Қилы заман” толғауындағы мына бір жайлар табандап жылжып келе жатқан қайшылығы мол заманды елестетеді:
“Күнбатыстан бір дұшпан,Ақырында шығар сол тұстан.Өзі сары, көзі көк,Діндарының аты боп,Күншығысқа қарайды.Шашын алмай, тарайды,Құдайды білмес, діні жоқ,Жамандықта міні жоқ, Затсыз,тексіз бір кәпір,Аузы-басы жүн кәпір,Жемқорларға жем беріп,Азды көпке теңгеріп,Ел қамын айтқан жақсыны,Сөйлетпей ұрар ұртына.Бауыздамай ішер қаныңды,Өлтірмей алар жаныңды,Қағазға жазар малыңды.Есен алар пұлыңмен,Солдат алар ұлыңнан,Күндердің күні, Абылай,Жаяулап келер жұртыңа,Жағалы шекпен кигізіп,Балды май жағар мұртыңа,Есе тимес өзіңе, Есіктегі құлыңнан.”
Қазақ қоғамының сәнінен, мәнінен айрылатынын, дінінің, тілінің, жерінің тозатынын, қабілетсіздер сұңғылаларды илеп билейтінін, дәрменсіздік жалайтынын, марқасқалар төбесінде бұлт үйірілетінін баяндаған. Бұл “Қилы заман” толғауының қалай туындағанын Мәшїүр Жүсіп Көпеев былайша түсіндіреді. Абылай хан бір салтанатты күнде ат үстінде Бұқардан сұраған: “Асан қайғының қилы-қилы заман болар, қарағай басын шортан шалар дегені не тантық, суда жүрген шортан тауға біткен қарағайдың басына қайдан шығады. Миға қонбайтұғын сөз ғой” — деп. Сонда Бұқарекең қырын қарап тұрып, атының басын бұрып, қамшысын ерінің үстіне арта салып, көзіне жас алып; “Әй, хан! Бұл сөзді сен сұрамасаң керек еді, мен айтпасам керек!” деп, осы толғауды айтыпты. Отарлаудың небір қанқұйлы амал-айлаларын қапысыз ойластырған Ресей империясы сахарада қара шекпенділер мен келімсектерді түпкілікті қоныстандыру үшін, алдымен, тұс-тұстан қалалар мен бекіністер салды. Нулы, сулы, шүйгінді, орман-тоғайлы жерлерден қазақтарды қырға ығыстырды. Атамекенінен, ата кәсібінен ажырап, абдырай бастаған тағдыр тәлкегіне ұшыраған халқының күйін Бұқар Жырау былайша жоқтап зарлайды: “Өзің қонған Көкшетау,Кәпір қала салды, ойла!Жарқайың деген жерлерге,Шашылып шеті барды, ойла!Атбасар мен Қалқұтан,Балығы тәтті су еді.Өзен бойын шаңдып ап,Сүзекісін салды, ойла!Нұрада бар Ақмола,Есілде бар Қараөткел,Екі өткелдің аузынан,Қараөткелді салды, ойла!Баянауыл, Қызылтау,Оны да кәпір алды, ойла! ….Кетпейін десе жері тар,Кетейін десе алды-артын,Қарқаралы деген тауларға,Қарқарасын шанышты, ойла!Ұлытау, шеті Созақтан,Берекелі жерлерден,Көкорай шалғын көре алмай,Шұбырып қазақ кетті, ойла!Қоршап алған кәпір бар.Ұйлыққан қойдай қамалып,Бүйірден шаншу, қадалып,Сорлы қазақ қалды, ойла!”.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет