«Достым, вокзалға қалай баруға болады?»
«Құрдас, бұл арада асхана бар ма?»
Қазақ тілінде үлкендердің кішілерге жүгіну кезінде інішек формасы қолданылады (iнi “кіші аға” деген сөзден шыққан) және балам (әйел кісінің жас балаға балаға жүгіну кезінде қолданылады):
«Балам, аурухана қай жерде?»
«Iнiшек, Баймагамбетов көшесі қайда?»
Ағылшын тілінде мұндай жағдайда жүгінудің young man және young fellow формалалары қолданылады:
«Could you help me, young man?»
«What’s the time, young fellow?»
Т.В.Ларинаның зерттеуіне сай, love жүгінуі біріншіден, сатушылардың алушыларға бағыттауы; екіншіден, көше жұмысшыларының өтіп бара жатқан әйел кісіге бағыттап жүгінуі кезінде қолданылады:
«What can I do for you, love?»
«What’s your name, love?»
Қазақ тіліне мұндай жүгінудің түрлері тән емес, қазақ лингвомәдениеттану қоғам өкілдерінің айтуы бойынша, шығыс дәстүрі үшін әйел кісіге көшеде мұндай түрде жүгінуге мүлдем жол берілмейді. Қазақ тілінде әйел кісіге сүйіктім, қымбаттым секілді жүгіну түрлері бар, яғни мұндай жүгінулер әйеліне, сүйікті қызына қолданылады:
Достарыңызбен бөлісу: |