Тіл біліміндегі шектес ғылымдар: лингвомәдениеттану, этнолингвистика
Этикет – адамдардың белгілі бір ортадағы орныққан тәртіпке сәйкес бір-бірімен сыпайы қарым-қатынас жасауының ережелері. Адамдардың қарым-қатынасы этикет нормалары арқылы реттеліп отырады. Этикеттің тілдік және тілдік емес жағы бар. Этикеттің тілдік құралдар арқылы жүзеге асырылатын түрі тіл білімінде сөз этикеті деп аталады. Сөз этикеті әлеуметтік-лингвистикалық құбылыс болғандықтан оның өзіне тән қызметі тілдің негізгі қарым-қатынастық қызметінен туындайды. Сөз этикеті коммуниканттар арасындағы қарым-қатынасты сыпайы түрде жүзеге асыру, реттеу, көңіл күйге жағымды әсер ету үшін жұмсалады. Сіз бен сен сөзінің жұмсалу дәстүрінен жөнсіз ауытқымау да этикет сақтауға жатады. Сөз этикетіне қаратпа сөздер, сәлемдесу, танысу, қоштасу, құттықтау, тілек білдіру, алғыс айту, өтініш айту, кешірім сұрау шақыру, кеңес беру, көңіл айту, жұбату, құптау, марапаттау формалары және т.б. да құрылымдар жатады. Бұл құрылымдар мән-мазмұны мен қолданыс ерекшелігіне қарай тілдің бірнеше қызметін анықтап, атқарып отырады [7, 32].
Жасы үлкен адамға жол беру, көлікте орын беру, балаларды мақтап-мадақтап арқадан қағу үлкен адамдардың, ұстаздардың алдында иілу, тағзым ету, үйге келген дос-жаранға, туысқа қонақжайлық көрсету т.б. этикеттің тілдік емес жағына жатады.
Сөз этикетінің тыңдаушы назарын аудару (аппелятивтік), байланыс орнату (фатикалық), сыпайылық таныту (конативтік), тыңдаушының көңілін аулау (эмотивтік), ерік білдіру (волюнтативті), түрлі критерийлерга байланысты коммуниканттарды жіктеу (регулятивті) және т.б. да қызметтері бар.
Сөз этикетінің аппелятивтік қызметін тыңдаушы назарын аудару үшін қолданылатын этикет тілдік бірліктер атқарады. Сөз этикетінің бұл қызметі негізінен қаратпа сөздер арқылы және қаратпа сөздермен қызметі бірдей басқа да тілдік бірліктер арқылы жүзеге асырылады. Біз тілдік қарым-қатынас кезінде алдымен екінші адамды (тыңдаушыны) немесе дамдар тобын өзімізге қарату, тыңдаушының назарын аудару үшін белгілі бір тілдік бірліктерді қолданамыз. Әдетте, әр адам өзінің тәрбие, әдеп, мәдениет деңгейіне қарай екінші адамды қарату үшін әй, үй, ей деген одағай сөздерді қолданудан гөрі этикет тілдік бірліктерді қолдануға тырысады. Қазақ тілінде мұндай қызметті адамның азан шақырып қойған аты ғана емес, туыстық, жолдастық, достық қарым-қатынасты білдіретін сөздермен қатар адамның әлеуметтік жағдайымен қатар эмоциялық реңкі бар түрлі тілдік бірліктер атқарады [5, 35]. Мысалы:
«– Уа, бала, сөзің орынды, билігін өзің айтшы, – депті Құнанбай» [Билер сөзі].
«– Шаршадың-ау, жігіт! – деді Бейімбет» [Ғ. Мүсірепов].
«– Досеке, жасымыздан бірге өскен егіз едік» [Билер сөзі].
«– Гаухар! – деп, соза дауыстаған әйел дауысы естілді» [Б. Соқпақбаев].
«– Қойыңыз, нағашы. Бұл жолы сіз жеңілдіңіз... Естай сізді оңдырмай отырғызып кетті, – деп оның қолтығынан алып, үйге қарай жетектеді» [Қ. Жұмаділов].
«– Достым, жаңағының бәрін көңіл ашар ойын деп түсін» [С. Шаймерденов].
Фатикалық қызмет атқаратын этикет тілдік бірліктерге күнделікті қарым-қатынас барысында амандасу, қал-жағдай сұрау, қоштасу кезінде айтылатын тілдік бірліктер жатады. Мысалы:
«Екі топ айдалада кездеседі. Нұржан өз тобынан озып, аттан түсіп:
– Армысыз, датқа аға – деп сәлем береді» [Шешендік сөздер].
«– Қайырлы таң, қарындас!» [Б. Аманшин].
«– Қайырлы кеш, жолдастар! – деп оларға дауысымды көтере сәлемдестім» [Ә. Сәрсенбаев].
«– Менің жүретін уақытым болып қалған екен. Қош бол! – деп есік алдына шықты» [Ә. Шәріпов].
Фатикалық қызмет атқаратын этикет тілдік бірліктер коммуниканттар арасындағы байланыстың үзіліп қалмауын, нығаюын, сақталуын, жалғасуын қамтамасыз етеді. Конативтік қызмет атқаратын этикет сөздер тобына құтты болсын айту, кешірім сұрау, өмірдің түрлі жағдайларындағы сыпайылық таныту үшін, рахмет айту үшін қолданылатын түрлі тілдік бірліктер жатады. Сыпайылық таныту үшін көбінесе мүмкін болса, рұхсат етсеңіз, кешіріңіз, қарсы болмасаңыз сияқты этикет тілдік бірліктер қолданылады. Мысалы, ағылшын тілінде:
«– Excuse me, can you tell me the way to the National Gallery?»
«– Excuse me can you please direct me the nearest underground station?»
«– Excuse me, which is the way to the theatre here?»
«– Excuse me, could you tell me the shortest way to the theatre?»
«– Excuse me, could you direct me to the nearest post office?»
«– Excuse me, how can I get to the nearest underground station?»
«– Excuse me, but I wish to know where the Victoria Hotel is?»
«– Excuse me, could you tell me the correct time?»
Ал қазақ тілінде кешірім сұрау формасы да ағылшын тіліне ұқсас болып келеді. Мысалы:
«– Лұқсат етсеңіз, мен азырақ тынығып алар едім» [Ғ. Мүсірепов].
«– Ұлықсат етіңіздер, жол жабдығын қамдатайын, – деп Итбай етті жеп болған соң шығып кетті» [Ғ. Мүсірепов].
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі этикет құрылымдарының бірқатары эмотивтік қызмет атқарады. Мұндай этикет құрылымдар басқа этикет тілдік бірліктерге қарағанда эмоция, экспрессияға аса бай. Эмотивтік қызмет атқаратын тілдік бірліктерге тыңдаушының көңілін аулау, жұбату, тыныштандыру, сабыр шақыру, сәтсәздәктә елеусіздеу етіп көрсету, алғыс айту, құттықтау, тілек білдіру, бата беру мақсатында жұмсалатын тілдік құрылымдар жатады.
Эмотивтік қызмет атқаратын тілдік бірліктердің бір тобы қазақтың көңіл сұрау дәстүріне байланысты қолданылады. Ауырып жатқан адамның көңілін сұрау – адамгершіліктің белгісі, адамға деген құрметтің бір түрі. Осыған байланысты қазақ халқында «Аурудың емі – саудың сәлемі» – деген аталы сөз бар. С. Кенжахметұлы «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» деген еңбегінде: «Көңіл сұрай барған адам науқасты жұбатып, «ауырып тұрдың – аунап тұрдың», «ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады», «дертіңізге шипа берсін» деген сөздермен оның жазылуға деген сенімін арттыра түсуге тиіс» – деп жазады [6, 46].
Сөз этикетінің волюнтативтік қызметін шақыру, өтініш жасау, рұхсат ету, кеңес беру, ұсыныс айту мақсатында жұмсалатын этикет тілдік біліктер атқарады. Сөз этикетінің бұл қызметі ағылшын және қазақ тілдерінді түрлі формалар арқылы беріледі. Мысалы, қазақ тілінде:
Достарыңызбен бөлісу: |