53
Мамандардың
зерттеуінше,
терминдерге
байланысты
қарқынды
жұмыстардың жаңа кезеңі 70-ші жылдарда басталған [143, б. 17]. Аталмыш
кезеңде Еуропа тілдерінен енген сөздер мен терминдер басымдығына қарсы
күрестің белең ала бастағаны да мамандардың назарынан тыс қалмады [144, Б.
838-845].
Түркиядағы қазіргі тілдік жағдаятты сипаттағанда мына жағдайды атап
өтпеуге болмайды – 1983 жылдың 17 тамызында Ататүрік құрған «Түрік тілі
қоғамы» жабылып, үкімет қадағалауына өтті [145].
Ататүріктің 1930 жылы айтып кеткен мына сөздері қазіргі таңда әрбір
ұлтжанды
азаматтың көкейінде сақталып, үндестік табады: «Ұлттық сезім мен
тіл арасындағы байланыс өте күшті. Ұлт тілінің байлығы ұлттық сезімді оятатын
негізгі фактор. Түрік тілі дүние жүзіндегі ең бай тілдердің бірі. Тек бұл тілді
саналы түрде қолдана білу керек... Отанын, тәуелсіздігін қорғай білетін түрік
ұлты, ана тілін де шет елдік тілдердің басқыншылығынан аман алып қалу керек»
[146].
«Түрік тілі қоғамы» бұл мәселені басқа тілден енген жаңа атаулар және
түрік тіліне енген халықаралық лексикаға түрікше баламалар табу арқылы
шешуде:
kompütür
орнына
bilgisayar
,
kontröl
орнына
denetim
,
memory
орнына
bellek, side effect
орнына
yan etki, printer
орнына
yazıcı, output
орнына
çıktı
т.б.
Дегенмен Түркияның 2000-жылдардың басында Еуроодаққа мүшелікке
үміткер болып тіркелуі терминологияның
ұлттық
бағдарын өзгертіп,
халықаралық сипаттағы терминология басымдығын күшейтті.
Осымен байланысты ұлт жанашырлары мен көрнекті тұлғалардың
пікірлері назар аударарлық. Мысалы, сонау 1912 жылдың өзінде көрнекті ақын
әрі қоғам қайраткері Мехмет Акиф Ерсой бұл жөнінде былай деп айтып кеткені
еске түседі: «Ана тіліміздің акцентін, мейлі ол Наполеон етігін киіп алсын,
немесе ағылшын шұлығын киіп алсын, ешбір шет елдікке таптатпаймыз. Осы
жолда бар жанкештілік пен консерватизммен күресуге дайынбыз. Иә,
бұрынғылардай арабша не парсыша ойлап, немесе қазіргідей француз не неміс
тілінде тапсырыс беру арқылы түрік тіліне енгізілген жат сөздерге күш-жігеріміз
жеткенше төтеп береміз!» [147].
Әдебиеттанушы-ғалым Ахмет Көклүгиллер «Батыстан келген сөздер»
атты мақаласында: «Бірден айта кететін жайт, түрік тілі көптеген ғасырлар бойы
сақталған араб және парсы тілдерінің әсерінен арыла
бастаған кезде жаңа бір
қауіппен бетпе-бет келді. Бұл назардан тыс қалатын, елемейтін жағдай емес. Бұл
мәселенің шешіміне дер кезінде және біріге жұмылмасақ, еш шара қолданбасақ,
ол тіл дамуына тосқауыл болады. Бүгінгі таңда, араб және парсы тілдерінен еш
қалыспайтын, түрік тілінің тәуелсіздігін бөгейтін – Батыс тілдерінен енген
сөздер болмақ» деп санайды [148, б. 466].
Танымал түркітанушы Суер Екердің де осы мәселеге байланысты пікірі
маңызды: «Солшылдарда Батыстан келген сөздерге қарсы дұшпандық ұстаным
болған емес. Негізі бұларға да қарсы едік біз. Бірақ қатты емес. Өйткені қазіргі
қоғамда Батыстан келген сөздер ешқандай қауіп төндірмейді, олар зайырлы
сөздер деген ұғым бар. Яғни бұлар діни нанымдарды білдіретін сөздер емес.
54
Қысқасы, Батыстан келген жаңа сөздерге қарсы негативті ұстаным бар сияқты
көрінгенмен, негізінде оларға аса мән берілмей жүр. Негізгі мақсат – араб және
парсы сөздері. Әсіресе, араб сөздері»
[149].
Осыған байланысты танымал түрік лингвисі Доған Аксанның мына пікірі
назар аударарлық: «Ағылшын тілінің ХХ ғасыр ортасынан бастап Түркия тілдік
кеңістігіндегі шетел тілдері арасындағы жетекші рөлін аңғаруға болады.
Ағылшын тілінің Түркияда басқа шет елдерге қарағанда басым
қолданылуына
Ататүріктің вестернизация бағытын ұстануы, Түркияның Еуропа елдерімен
сауда-экономикалық қатынастар жасау барысындағы ағылшын тілінің рөлі,
сондай-ақ ағылшын тілінің түрік қоғамының барлық саласында, әсіресе,
білім
беру жүйесінде кеңінен қолданылуы ықпал етті» [150, б. 49].
Осының нәтижесінде, қазіргі түрік қоғамында жоғарыда көрсетілген
Ататүрік қағидасымен үндеспейтін тілдік қолданыстың жаңа үрдісі белең алды.
Атап айтқанда, көне араб және парсы сөздерін жаңа мазмұнда қолдану үрдісі
қайта жаңғырып, оған қоса лексика мен
терминологияны Батыс Еуропа
елдерінен алу тәжірибесі өріс алып келе жатқаны байқалады (Сурет 1).
Сурет 1 – Түрік тілінің сөздік қорындағы шетел сөздері
Суреттен көріп отырғанымыздай, 2005-2017 жылдар аралығында түрік
лексикасына жаңа сөздер ең көп француз және араб тілінен, сондай-ақ парсы,
итальян және ағылшын тілдерінен енген.
Бұл жағдай түрік зиялы қауымының назарынан тыс қалмай, жан-жақты
талқыланып, талдануда. Мысалы, профессор Камиле
Имер бұл жөнінде былай
дейді: «Аударма болсын, басқа тілден жаңа сөз қабылдап алу болсын 1980
жылдардан кейін Түркияға ең көп ықпал еткен тіл – ағылшын тілі. Бұдан бұрын
тілімізге енген сөздер ағылшын тілінен алынса да, француз тіліндегі
формасымен енуші еді. Қазір жаңа сөздер ағылшын тіліндегі формасымен кіретін
болыпты. Бұл жазбаша тілге де әсер етуде:
cheeseburger, wafel, fax, weekend, punk
55
сөздерін мысалға келтіруге болады. Қысқаша айтқанда, ағылшын тілі ауызша
тілмен қатар жазбаша тілге де ықпал етуде. Бұл
тіпті қысқарған сөздерде де
байқалып қалады.
IMF
(International Monetary Fund) кейде түрікше, кейде
ағылшынша дыбыстармен оқылып жатады» [151, Б. 18-28].
Өкінішке қарай, 1991 жылы айтылған бұл ескертпе пікірден ешқандай
қорытынды шығарылмай, бұл жағдайдың 2000 жылдары ешқандай өзгеріссіз
қалғанын қазіргі түрік баспасөзінен көреміз.
Мысалы:
Hazır sebze ve çorbalar, hazır yemekler,
Достарыңызбен бөлісу: