58
қабылдану керек. Негізгі мәселе – тиімді әрі саналы түрде ана тілінде білім беру.
Ана тілін жақсы білу шет тілін жақсы меңгерудің алғышарты екенін ұмытпау
керек;
7. Бұл оңай шаруа болмаса да «тілдік кеденге» тезірек өту керек, үстем тіл/
тілдерге төтеп беру үшін жаңа сөздер мен терминжасамға ерекше мән беріліп,
бұл іске түрлі сала мамандарын да қатыстырып, бұл бағытта қарқынды жұмыс
істеу керек;
8. Тіл мәселесінде ықпалы мықты мамандықтар педагогтар мен мұғалімдер
екенін ескере отырып, ең алдымен түрік тілі мен әдебиеті мұғалімдерінен бастап,
барлық ұстаздардың ана тілге деген құштарлығы мен санасын оятуға ерекше мән
беру керек;
9. 1937-1980 жылдардағы № 5237 муниципалдық кірістер туралы заңның
21-бабына сәйкес әр түрлі мекемелердің есіктеріне ілінетін маңдайшалардағы
жазулар түрікше болуы керек еді. Бұл заңның қолданыстан шығарылып,
шарттардың өзгеруі жағдайды қиындатты. Аталмыш заңды қайтадан енгізу
орынды болар еді;
10. Түрік тілін артта қалудан қорғап, құтқару үшін жалпы және құқықтық
реттеу мақсатымен дайындалған «Түрік тілін қолдану туралы заң» жобасы, тіл-
түсіну және бұл мәселеге көзқарас тұрғысынан қажетті түзетулер мен реттеулер
жасалып, тез арада қабылдануы тиіс;
11. Кез-келген елдің мәдениеті мен тілін бөлек қарастыруға болмайды. Тіл
елдің әлеуметтік, экономикалық, мәдени және технологиялық құрылымы мен
ерекшеліктерімен тығыз байланысты және олардан бөлек қарастырыла алмайды.
Егер біз бір өнім немесе көлікті өзіміз шығармай оны сырттан сатып алсақ,
демек, тек оны емес, оның атауын және оған қатысты терминдерін де алуға
мәжбүрміз [157, б. 152].
Қазіргі түрік тілін, оның сөздік қорын күрделі тарихи және
социолингвистикалық үдерістің жемісі ретінде қарасақ, кей кездердегі тілдің
спонтандық дамуы қоғамның саналы түрде араласуымен іске асса, кейде
бәсеңдесе де, тоқтамастан жалғасқан тіл реформасымен ұштасып жатқанын
көреміз. Бүгінгі таңда түрік тілінің стильдік жүйесі айқындалып,
терминологиялық жүйесі жинақталып, негізінен, ұлттық түрік тілі қалыптасты.
Дегенмен түрік тілі лексикасы мен терминологиясын жинақтауға бағытталған
өнімді жұмыстарға қарамастан, түрік тілінің бірқатар функционалдық стилінде,
кәсіби салаларда (медицина, юриспруденция, әскери қызмет т.б.) қазіргі заманғы
түрік және халықаралық терминдермен қатар көне араб-парсы сөздері қатар
қолданылып жүр.
Қазіргі түрік тілі сөздіктерін құрастырушылар әдеби
түрік
тілінде кездесетін мұндай жарыспа қолданыстарды лексиканы мейлінше толық
келтіру мақсатында көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: