Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі



Pdf көрінісі
бет37/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   100

ҚАЗАҚ 
ЖӘНЕ
ТҮРІК 
ТІЛДЕРІНДЕГІ 
ЖАҢА 
ҚОЛДАНЫСТАРДЫҢ ЛИНГВОКОГНИТИВТІК НЕГІЗДЕРІ 
 
2.1 Тіл мен таным сабақтастығы 

 когнитивтік парадигма өзегі
Өткен ғасырдың 70-ші жылдарының ортасынан бастап сөзжасам
терминжасам жүйесін зерттеу үдерісіне когнитивтік лингвистика ұстанымдары 
ене бастады. Басқаша айтқанда, когнитивтік лингвистика тілді адамның 
ақпаратты қабылдау және категориялау сияқты қабілеттеріне негізделген 
когнитивтік қызмет ретінде қарастырса (Г. Лакофф , М. Джонсон т.б.), осыған 
сәйкес Т.Д. Томахин, В.Б. Касевич, Г.В. Колшанский сынды ғалымдар қоршаған 
шындықты тануда басты назарды тілге аударады.
Осымен байланысты когнитивтік лингвистиканың маңызды нәтижесі жаңа 
білім мен ұғымды мидың бұрыннан таныс, дағдылы құрылымға сыйғызу 
заңдылығы негізінде жаңа ұғымның қалыптасуы мен вербалдануын түсіндіру. 
Сондықтан Дж. Лакофф менталды талдауларда адамның бұрынғы тәжірибесі 
мен түйсігіндегі белгілеріне сүйену қажеттігін көрсетеді [158, Б. 442-454]. 
Тіл табиғаты жаңа ғасыр басында тек коммуникативтік құрал қызметі 
тұрғысынан емес, адам санасының жемісін бейнелейтін тілдік таңбалардан 
құралатын күрделі құрылым, жүйе ретінде зерттелуде. Осыған байланысты тілді 
«ой кеңістігі» және «рух үйі» деп сипаттайтын пікірлер де бар (М. Хайдеггер). 
Адамзат өзін қоршаған әлемді, дүниедегі сан алуан құбылыстар мен 
олардың сапасын, қасиетін сезім мүшелері арқылы қабылдап, түйсініп, оған 
жауап қайтарып қана қоймай, оны өзінше жаңғыртып, жаңартып, жаңа сапада 
қайта жасауға талпыныс жасайды. Өзі қабылдаған ақпаратты қорытып, елеп-
екшеп, баға береді.
Әлемнің тілдік бейнесі жеке адамның таным деңгейіне ғана емес, сол тілді 
тұтынушы ұлттың қалыптасқан психофизиологиясына, тұрмыстық-әлеуметтік 
жағдайы мен дағдысына, кәсібі мен тәжірибесіне, географиялық болмысына, 
қысқасы, ол тыныс алатын күллі дүниенің ішкі және сыртқы терең 
құрылымдарына тікелей қатысты
адам санасында жасалатыны да жалпы тіл 
білімінде жан-жақты зерттелген (В. фон Гумбольдт, А.А. Потебня т.б.). Соның 
нәтижесінде тілді кешенді түрде зерттеу мәселесі бүгінгі тіл білімі талабына сай 
алға шығып, тілді когнитивтік бағытта зерттеу болашағын дәйектеп отыр.
Сонымен байланысты тілді зерттеудің қазіргі жаңа деңгейі мен 
табыстарына орай тілдің қоғамдағы коммуникативтік құрал ретіндегі қызметіне 
сүйене отырып, таным құралы ретіндегі адамның ойлау және сөйлеу 
қабілеттерінің терең құрылымдық үдерістерін зерттеуді мақсат ететін 
когнитивтік лингвистика қазіргі заманда кең өріске шықты.
Когнитивтік лингвистикадағы негізгі бағыт – тіл мен адам санасын 
біртұтас жүйе тұрғысынан қарастыру арқылы тілдік білімді ми қызметі нәтижесі 
ретінде күрделі құрылым, кешенді жүйе деп сипаттау. Яғни тіл адам баласының 
танымын сипаттайтын басты құрал саналады. Себебі санадағы ой тек тіл арқылы 
бейнеленіп, сыртқа шығады. Тіл арқылы тіл иесі коммуникативтік аяға енеді. 


61 
Соның нәтижесінде жинақталған адамның дүние туралы концептуалды білімін
сипаттайтын ақпарат, тіл арқылы берілген әлемнің тілдік бейнесінің мазмұнын 
құрайды.
«Когнитивтік ғылым» термині басында белгілі ақпаратты қабылдау, оны 
тілдік санадағы електен өткізу, ми қыртыстарында сақтай отырып, оны қажетті 
кезде қолдану үшін енгізілген. Ғылымның даму барысында когнитивті 
зерттеулер нәтижесінде адам санасында құрылымдалған білім көрінісі тек тіл 
қызметі арқылы жүзеге асатындығы көрінеді.
Қазіргі когнитивтік лингвистика ғылымы тіл білімінің дәстүрлі зерттеу 
нысанына сүйене отырып, ұғым-түсініктің базалық сипатына тілдік-танымдық 
тұрғыдан қорытынды жасауда тілдің ақиқат болмыс туралы жинақталған білімді 
жеткізудің негізгі құралы ретіндегі қызметіне сүйенеді. Соның нәтижесінде 
когнитивтік бағыт, тіл иесін қоршаған шындық туралы білімді сақтап, жеткізу 
қызметін зерттеу барысында оны сипаттап қана қоймай, тілдің мәні мен өзіндік 
ерекшеліктерін сол тіл тұтынушысы болмысымен тығыз байланыста қарайды. 
Оның қолданысындағы тілдің жұмсалымдық әлеуетін адам факторымен тығыз 
байланыста танып, антропоөзектік бағытты қалыптастырады.
Когнитивтік лингвистиканың бастау көзі Аристотель, Платоннан, кейін 
классикалық тіл білімінде В. фон Гумбольдт және оның шәкірттерінің тіл 
философиясы концепцияларынан басталып, әрі қарай тілдік әмбебап 
құбылыстарды терең зерттеген Н. Хомский, М. Джонсон, Д. Лакофф, Р. Лангакер 
және Ресейде Ю. Апресян, Е. Кубрякова, Ю. Караулов және т.б. еңбектерінде 
жалғастық тапқаны көрсетілді.
Қазақстан тіл білімінде арнайы когнитивтік бағыттағы іргелі зерттеу 
ретінде, адам санасындағы білімнің көріну деңгейі, берілу тәсілдері, құрылымы 
мен динамикасы қарастырылған Г. Гиздатовтың «Когнитивные модели в речевой 
деятельности» атты еңбегі аталады [159, б. 176]. Ғалымның пікірінше, қазіргі 
қоғамдық-әлеуметтік талапқа сай таным үдерісі нәтижесінде туындайтын жаңа 
ұғымдардың құрылымдық негізі когнитивтік модельдерге келіп тіреледі. 
Сондықтан бұл арада біршама жалпы ғылыми және жекелеген парадигмалар 
түйісінде туындайтын тілдің когнитивтік теориясы алғашқы адам болмысының 
мәнін, санасын қоғамды жетілдіретін көздер жүйесінде ажыратады [159, б. 4].
Профессор Г. Гиздатов сөйлеу қызметіндегі когнитивтік модельдер 
құрылымының шексіз сипатына қарамастан сөздердің қолданыстағы 
прототиптік және стереотиптік шегін антропоөзектік 
зерттеу мен 
антропометрикалық өлшем анықтайтынын көрсетеді [159, б. 155].
Сонымен бірге бұл саланың кең өріске шығуына нақты зерттеулерге 
негізделген Э.Д. Сүлейменова, Г.Б. Мадиева, З.К. Ахметжанова, Л.К. Жаналина, 
Н.Ж. Шаймерденова, Н.Г. Шаймердинова, Ж. Смағұлова, Л. Шайкенова т.б. 
ғалымдардың еңбектері ықпал етуде.
Қазақ 
тіл 
біліміндегі 
когнитивтік 
бағыттың 
қалыптасуында 
этнолингвистикалық, лингвомәдениеттанымдық зерттеулердің мәні ерекше. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет