Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі



Pdf көрінісі
бет36/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   100
Байланысты:
Бисенгали диссертация

1 –ші тарау бойынша тұжырым 
Тәуелсіздік кезеңіндегі қоғамда орын алған түбегейлі өзгерістер, жаңару, 
жаңғыру үдерістері қазіргі қоғамдағы тіл тұтынушылардың тілдік санасына 
ықпал етіп, тілге деген ынта мен қызығушылық туғызып, дүниені тану мен 


59 
күнделікті өмірдегі тіл маңызын түсінуге әсер еткені тілді зерттеу бағытын да 
өзгертіп, кешенді сипатқа ие болды. Кеңестік дәуірде қалыптасқан шеттілдік 
терминдерді қолдану дағдысының орнына төл тілдік мүмкіншіліктерді 
пайдаланудың қазіргі қоғамда өріс алу тәжірибесі ғылыми-танымдық негізде 
қарастырылуда. Осы бағыттағы зерттеу барысы нәтижесінде бірінші тарау 
бойынша мынадай түйіндер жасауға болады: 
 
-
қазіргі қазақ лексикасының жаңару үдерісі мен терминжасам ісі тарихи-
әлеуметтік және қазіргі тілдік жағдаятпен сабақтастыра сипатталды; 
-
қазіргі қазақ тіл білімінде қолданылып жүрген «жаңа қолданыс» және 
«неологизм» ұғымдарының анықтамалары салыстырылып, ерекшеліктері 
көрсетілді; 
-
жаңа қолданыстардың болмысы мен қалыптасуын түсінуге ғылыми негіз 
болатын Ресей және Еуропа ғалымдарының неологиялық және неографиялық 
еңбектеріне ғылыми-сипаттамалық талдау берілді;
-
диссертацияда түрік тіліндегі жаңа қолданыстардың дамуы мен 
қалыптасуына 
ықпал 
еткен 
экстралингвистикалық 
факторлар 
түрік 
лексикасының қалыптасу кезеңдерімен сабақтастырылып, тарихи-саяси сипатқа 
қатысты еңбектер негізінде анықталды;
-
«Тіл төңкерісінің» негізгі мақсаттарына сай жүзеге асқан, түрік тіліндегі 
жаңа қолданыстардың дамуы барысындағы түрік тілінің сөздік қорын, 
грамматикасын, стилистикасын қайта құру, түрік тілін араб, парсы тілдерінен 
енген сөздерден тазарту сияқты тиімді шаралардың атқарылуында Ататүріктің, 
Ұлттық білім беру министрлігінің, «Түрік тілі қоғамының» қызметі тілдегі 
реформалау қозғалысымен байланыста қаралды;
-
1940 жылдары Түркияда қызу қарқынмен басталған терминжасам 
үдерісінің қазіргі замандағы жаңа атаулар ағымына байланысты соңғы кездері 
едәуір әлсірегені қазіргі таңда мыңдаған веб-сайттары мен жүздеген телеарнасы 
бар Түркияның қазіргі тілдік жағдаятымен байланыста сипатталды.


60 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет