Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі



Pdf көрінісі
бет38/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   100
Тіл~таным, тіл~ұлт, тіл~мәдениет
сабақтастығының алғашқы нышаны 
анықталған, осы салаларды қалыптастырған ғалымдардың еңбектерінде 


62 
тіліміздің байлығы мен мәдениетіміздің рухани қазынасы жан-жақты 
қарастырылып, қазақ тіл білімінде тіл арқылы ұлт болмысын тану бағытының 
негізі қаланды (Ә. Қайдар, Е. Жанпейісов, Н. Уәлиев, Ж. Манкеева т.б.). Бұл 
бағыттағы зерттеулер тәуелсіздік кезеңіндегі ұлттық сана жаңғыруына сәйкес 
жаңа ұғымдарды таңбалайтын жаңа атаулардың қалыптасуын дәлелдейтін тиімді 
де сенімді дәйек, әрі когнитивтік зерттеулер үшін құнды мазмұнға ие.
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесіне сай, қазіргі қоғамда ерекше рухани-
әлеуметтік кеңістік қалыптасуда. Оның мазмұнына тіл иесі ретіндегі қазақ 
дәстүрлі мәдениеті мен танымына сай бір ұжымдық өмір сүру тәжірибесінің 
тәсілдері, құндылықтар жүйесі енеді. Бұл арада мәдени құндылықтар жүйесін 
бойына ұлттық код ретінде сақтап, жаңғыртып, халықтың басынан өтіп, 
жинақтаған тәжірибесі тіл арқылы көрінеді. Осыған орай, төл мәдениет аясында 
қалыптасқан тілдің таңбалық қызметін жаңғыртып ашу (декодирование) 
ұлт~мәдениет~тілдік сана
сабақтастығындағы қосымша танымдық ақпаратты 
талап етеді. Олай болса, ұлттық болмысты сипаттайтын мәдениет пен жадты 
сақтаушы тілдің жалғастырушы, жаңғыртушы қызметін когнитивтік аспектіде 
қарастыру оның қазіргі қоғамдағы белсенді қызметінің маңызды бір көрінісі 
ретіндегі жаңа қолданыстарға қатысты аса маңызды.
Мысалы, ғалым Ж. Манкеева: «Демек, тіл – этностың бүкіл рухани,
мәдени байлығының куәгері іспетті. Ол ұлттың барлық болмысы мен өмір 
тіршілігін, дүниетанымы мен әдет-ғұрпын бойында сіңіріп, ата мұрасы, асыл 
қазынасы ретінде ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын кумулятивтік қызметіне 
тікелей қатысты» деп санайды [160, б. 241]. Зерттеуші 
сөзді 
тек 
қана 
дыбыстардың жай тіркесі ғана емес, белгілі бір мағына көрінісі ретінде кеңістік 
пен уақыт аралығында өзгеріп, 
тіл~мәдениет~сана
«үш тұғырында» 
сабақтасып, бүтін бір тұтастық құрайтын тілдік таңба деп көрсетеді.
20 ғасырдың 30 жылдарында алғаш рет Американың антропологиялық 
лингвистика өкілдері Э. Сепир мен Б.Л. Уорф өз еңбектеріне тіл мен дүниетаным 
сабақтастығы туралы идеяны негіз етіп алған бұл бағыттың атауы кейін «Сепир-
Уорф болжамы» деп қалыптасты. Оның негізгі мәні – адамның ойлау жүйесі, 
дүниетанымы әлемнің тілдік бейнесіне сабақтас қалыптасады. Сондықтан, 
жоғарыда атап көрсетілгендей, сол тілде сөйлейтіндердің болмысы, сөзі мен іс-
әрекеті де осы тілдік бейнеге байланысты құрылады.
Тіл мен таным арақатынасын қазақ тіл білімінің құрылымдық жүйесі
негізінде арнайы зерттеген ғалым Э. Оразалиева ХХ ғасыр басынан бастап
А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, К. Аханов, Ә. Қайдар, Р. Сыздық 
т.б. ғалымдардың еңбектеріндегі тілдің әлеуметтік, психологиялық, танымдық 
қызметтеріне ерекше көңіл аударып: «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры
жұмсайтын қаруының бірі...» деген А.Байтұрсынұлының пікірін қазақ тіл 
біліміндегі тілдің танымдық табиғатын зерттеуге деген алғашқы қадам ретінде 
бағалайды.
Зерттеуші А. Байтұрсынұлының: «Тіл – құрал. Құрал болғанда толып 
жатқан есепсіз бөлшектері бар, ол бөлшектері түрлі жағымен қиысатын толып 
жатқан қырлы, тетіктері есепсіз көп бір өте үлкен машина секілді құрал» [161, 


63 
б. 335] деген пікірін қазіргі тілші ғалымдар айтып жүрген тілдегі дүниетанымдық 
құрылымдармен байланыстырады.
Ғалым профессор Қ. Жұбановтың «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» (1966) 
атты еңбегінде қолданылған «адам санасының жемісі», «адам тәжірибесінің 
қорытындысы» деген тұжырымдарын тілдің танымдық қызметі мен адам 
санасымен байланыстырады.
Осы идеяның үндестігін профессор С. Аманжолов зерттеулеріндегі тіл мен 
қоғам сабақтастығына қатысты пікірлерінен табамыз: «Қоғам ілгері басқан 
сайын, адамның дүние тануы да кеңейеді, өнері, техникасы артады. Онымен 
байланысты жаңа заттар пайда болады. Жаңа заттарға лайық жаңа атаулар пайда 
болады» [162, б. 325]. 
Біздің ойымызша, жаңа атаулардың, жаңа сөздердің танымдық негізін
Э. Оразалиеваның мына тұжырымы дәйектейді: «Тілдік таңбалардың 
(терминдердің) ұғымы дегеніміз – сайып келгенде, белгілі бір зат, құбылыс 
туралы ақпараттардың жиынтығы; сол зат, құбылыс туралы ұғым, түсінік. 
Басқаша айтсақ, таңбаға бекітілген когнитивтік білім» [163].
Сондықтан, жаңа ұғымның тууы мен оның вербалдануының бір жолы – 
жаңа ұғымды адам санасындағы бұрыннан таныс атаудың бойына танымдық 
тетік арқылы сыйдырып жіберу. Мұндайда адам, сөз жоқ, өз білімі мен өмірден 
алған тәжірибесіне, яғни танымына сүйенеді.
Мысалы, орыс тіл білімінде сөйлем мүшелерін «главные члены 
предложения» және «второстепенные члены предложения» деп атайды. Сөзбе-
сөз қазақшаға аударсақ, «басты сөйлем мүшелері» және «басты емес (екінші 
қатардағы) сөйлем мүшелері» деп аударылуы тиіс. Бірақ, Ахмет Байтұрсынұлы 
олардың бірін – «сөйлемнің тұрлаулы мүшелері», екіншісін – «сөйлемнің 
тұрлаусыз мүшелері» деп атап, оларды атауда қазақ тілінің құрылымдық 
жүйесінде қалыптасқан лексикалық бірліктердің мағынасына сүйенеді.
«Қазақта «тұрлаулы» сөзі «тұрақты», «тиянақты», «баянды» деген 
мағынада қолданылады. Бастауыш пен баяндауыш мүшелерінің тұрақты, 
тиянақты екендігі, оларсыз сөйлем құралмайтындығы, ал басқа сөйлем 
мүшелерінің бірде бар, бірде жоқ болып жұмсала беретіндігі шындық. Ендеше, 
оларды «басты мүшелер» (бастауыш, баяндауыш), «басты емес мүшелер 
(толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш) дегеннен гөрі «тұрлаулы мүшелер», 
«тұрлаусыз мүшелер» деп атау ғылыми ұғымды әлдеқайда дәлірек 
бейнелейтіндігі ақиқат» [164].
Сондықтан қазақ тілі грамматикалық категорияларының антропоөзектілік 
сипатын зерттеген ғалым О. Жұбаеваның пікірінше, А. Байтұрсынұлы орыс 
тіліндегі «сложноподчиненные предложения» деген терминді сөзбе-сөз 
аудармай, «сабақтас құрмалас сөйлем» деп, «сложносочиненные предложения» 
дегенді «салалас құрмалас сөйлем» деп атап, қазақ тілі табиғатына, жүйесіне 
жақын болуды көздейді. Соның нәтижесінде А. Байтұрсынұлының «салалас 
құрмалас», «сабақтас құрмалас» деп, екеуін бір-біріне қарама-қарсы қойып 
атауы да оларды ұғуға, түсінуге жеңіл болып шыққан [164].


64 
Түсіну, пікір білдіру, ойлау, шешім қабылдау, оны білдіру, есте сақтау, 
байланыстыру т.б. адам миындағы когнитивтік үдерістер психологиямен қатар 
нейрология, антропология, философия, кибернетика, жасанды интеллект т.б. 
көптеген пәндердің нысаны болып табылады. Өйткені, адамның ақыл-ойы әлі 
күнге дейін өркениеттің ең көп қызығушылығын тудырып отырған ең маңызды 
құбылыс. Танымды зерттеу барысында ашылған жаңалықтар басқа бір 
ашылымдарға жол ашады. Демек бұл ғылыми бағыт пәнаралық құрылымға ие. 
Сондықтан өткен ғасырдың орта тұсында Батыста пайда болған бұл ғылыми 
ағым «когнитивтік ғылым» (cognitive Science) деген атпен кең қолданысқа ие 
болды.
 
Тілді адамзат қоғамындағы қарым-қатынасты жүзеге асыратын құрал ғана 
емес, сонымен қатар белгілі бір тілдік ұжымда ұйысқан ұлт мәдениетінің 
құрамдас сыңары деп тану – сол этномәдени және тілдік ұжымның тарихи 
дамуын, салт-санасын, дәстүрлі танымдық-тағылымдық құндылықтар жүйесін, 
өмірлік тәжірибесін, рухани және материалдық мәдениетін тану, немесе 
жаңғырту. Соның нәтижесінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет