Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі



Pdf көрінісі
бет44/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   100
мәңгүрттің
де 
қолынан келеді емес пе?!
(Қазақ әдебиеті, 18.12.2015).
Бір мемлекеттің басқа 
бір мемлекеттің жастарын аздырып, 
мәңгүрттендіріп
, ұлттық санасын 
және қорғаныс қызметін жойып, оны отар елге айналдыруының ең басты 
құралы
(Айқын, 21.10.2015). 
Демек, ақиқат дүниенің бір үзігі ретіндегі денотаттың жеке ұғымына жаңа 
ұғымдық мән үстемеленуі оның сол ұлттық ұжымдағы әлеуметтік, терминдік 
қызметімен байланысты. Бұл жағдай ұғым мағынасының жойылуы емес
танымның кеңеюіне байланысты толығу, жіктелу. Ал, ғылыми ұғымның ұлтқа 
етене таныс ұғым арқылы аталуы оған табиғи сипат беріп, жеңіл игеруге ықпал 
етеді. Әрине, сөздердің бір аядан екінші аяға өтіп, қолданыс сипатын өзгертуі – 
тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметінің дамуының бірден-бір тәсілі.
Бірақ тілдік айналысқа түсу мен қолданыс аясы белсенділігінің күшеюі 
спонтанды түрде, тек тілден тыс факторлар ықпалымен болатын іс-әрекет емес, 
тілдің ішкі заңдылығына сай, дүниені бейнелеудің тілдік құралы ретіндегі сөз 
әлеуеті мүмкіндіктерін барынша толық игеруге байланысты. Адамзат ойының 
кемелденіп, танымы тереңдеген сайын, қатынас құралы ретіндегі тілдің де 
қызметі жетіліп, кеңейе түсетіні белгілі. Сондықтан оны саналы түрде жетілдіру, 
ішкі қуатын барынша терең зерттеу нәтижесінде жасалған жаңа ұғымдық 
атаулар, терминдер тілдің одан әрі дамып, жаңа деңгейге көтерілуіне үлес қосуы 
тиіс.
Мысалы, жаңа қолданыстардың қалыптасу көзі, негізінен, БАҚ 
құралдарында жазылған дағды арқылы қалыптасады, қоғамдық-әлеуметтік 
қолданыста сарапталады. Сол қолданыстық, айтылым тәжірибесі барысында 
оңтайлы, ыңғайлы үлгінің басымдылығы байқалады [199, Б. 70-73].
Бұл әрекет тілді тұтынушы ұжым танымында, жадында келісіп
ұйымдастырылып реттелмейді. Ал сөзді арнайы жасағанда (термин түзуде) 
бірден оның мағынасы, тұлғасы анықталып, тілге дайын күйінде, жазу арқылы 
тарайды.
Ал, жаңа атау жасағанда қазақ тіліндегі сөздерді таңдауға, ішінен таңдап, 
жазылу үлгісін де алдын-ала анықтауға мүмкіншілік бар. Бұл жағдайда адам 
белсенділігі мен сөзжасам әрекетінің саналы деңгейі, соған сәйкес жасалған атау 
жүйелілігі жасаушылардың кәсіби деңгейіне, ұғым мазмұнын толық түсінетін 
мамандардың біліміне де қатысты.
Жаңа ұғымды бейнелейтін жаңа атаулардың сөзжасамдық үдерістеріне 
қатысты қазіргі қазақ тіл біліміндегі тілді таным құралы ретінде зерттейтін 


79 
лингвокогнитивтік 
бағыт 
ұстанымының 
бастау 
көзін 
ұлт 
көсемі
А. Байтұрсынұлы еңбектерінен табамыз: «Басқа жұртпен араласқанда өз алдына 
ұлт болып, өз алдына тілі бар, өз тілінде жазған сөзі бар жұрттар ғана тұрады. Өз 
тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған ұлттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай 
жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең 
қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты 
қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады. Егер де біз қазақ 
деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағанда тіліміздің де 
сақталу қамын қатар ойлау керек» [200, б. 80]. 
Осы арада ой мен сөз аралығындағы номинация үдерісінің ерекше маңызға 
ие болатыны белгілі. Атап айтқанда, ол шындық дүниені тіл әлемімен 
байланыстырып, аталушы нысан мен оны таңбалауға таңдалған тілдік бірлік 
арасына өзара байланыс орнатады. Сөзжасамның негізгі тетігін белгілейтін бұл 
кезең заңдылықтарын Е.С. Кубрякова былай көрсетеді: «... в акте номинации 
получают названия лишь те объекты, на которые направлена деятельность 
человека. Сами объекты могут принадлежать миру внешнему и внутреннему, 
они могут составлять принадлежность мира действительного и мира 
вымышленного, выдуманного, но название дается остановленной, мысли об 
объекте» [201, б. 37].
Осыған байланысты қазақ тіл білімінің ғылыми негізін салушы профессор 
Қ. Жұбановтың: «Адам баласының табиғатында әуелі басқаны біліп алып, өзін 
кейіннен білу қасиеті бар. Мысалы: адам фотографияны танып білгеннен кейін 
ғана өзінің басқа заттарға ат қоятыны өзін сол басқаларға ұқсата алатыны – өз 
басын кіші дүние деп біліп, оны ана үлкен дүниеге ұқсатуынан болған. Осы 
таным тілге де әсер еткен. Мысалы, орысша 
небо
– «аспан», 
нёбо
– «таңдай»; 
қазақ тіліндегі 
таң
= «адам әлемінің аты, яғни жоғары жаққа тән қасиеттің иесі»; 
таңдай
= «адам денесінің жоғары жағы»... Адамның жекелеген бөлшектердің 
белгілерін түйсіну арқылы атрибутивті портрет қалыптастыра отырып, ғаламды 
таниды» деген пікірлері ғалымның ұғымды атауды адамға қатысты түсіндіріп, 
адамды орталық меже (антропоцентризм) ретінде алғанын көрсетеді [3, Б. 94-
120].
Қай елде болмасын, әлеуметтік-экономикалық дамудың өтпелі 
кезеңдеріндегі тілдік өзгерістер ғылыми зерттеу тұрғысынан маңызды 
мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені 
объективті 
әлеуметтік 
және 
өндірістік өзгерістер динамикасының көрсеткіші ретінде жаһандану кезеңінде 
лингвистикалық парадигмалардың өзгеруі тілдің объективті танымдық 
құрылымдарын зерттеуге қызығушылықтың артуымен байланысты объективті 
заңдылық. Осы мақсатқа сай, жаңа сөздерді игеру барысында олардың пайда 
болу себептерін, жасалу жолдары мен қолданылу аясын (жалпыхалықтық 
қолданыс па, әлде белгілі салаға қатысты ма) дүниетанымдық сабақтастықта 
қарастыру негізділігі төмендегі кестеден айқын көрінеді (Кесте 3).


80 
Кесте 3 – Жаңа сөздер қолданысындағы танымдық сабақтастық
Қазақ тілі 
Қолданыс сипаты 
Түрік тілі 
нарық, 
науқан, 
әлеует, 
жад т.б. 
жаңғырған төл 
сөздер: 
ağ (желі), 
göç (көші-қон), 
alkış (қол шапалақтау), 
tabanca (тапанша) т.б. 
Елбасы, 
әлеуметтік желілер, 
босқындар, 
лаңкестік т.б. 
жиі қолданылатын 
сөздер: 
göçmenler (босқындар), 
girişimci (кәсіпкер),
basın toplantısı (баспасөз 
маслихаты), işlem 
(операция) т.б. 
ойын-сауық орталығы, 
бағдаршам, 
елорда,
жарнама 
т.б. 
кеңінен қолданылатын 
сөздер: 
seçal (өзіне-өзі қызмет 
көрсету), özçekim (селфи), 
bilgisayar (компьютер), 
uçak (ұшақ), 
pazarlama (маркетинг) 
т.б. 
кіреуке, 
бұзаубас, 
сүтсағыз, 
тінтуір т.б. 
қолданысы шектеулі 
сөздер: 
yonga (чип), 
tarayıcı (сканер), 
üçgen (үшбұрыш), 
yüklem (баяндауыш) т.б. 
Тарихи сөзжасам үдерісін жүзеге асыратын тілдік тетіктер семантикалық 
уәж арқылы жүйеленіп, ұқсату, абстракция, ассоциация құбылыстары 
нәтижесінде анықталады. Сондықтан тарихи сөзжасамды семантикалық 
аспектіде зерттеу туынды жаңа сөз мағынасын когнитивті үдерістер нәтижесі 
ретінде тануға дәйек болады. Тарих-мәдениет 
сабақтастығында 
қарастырылатын тарихи сөзжасам мәселесі танымдық сипатта қарастырылып, 
бұл тілдік құбылыстың тұлғалық және мағыналық даму сипатын, қалыптасу 
жолын анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан тарихи сөзжасам уақыт пен 
кеңістік ішінде болатын, адам танымының деңгейіне негізделіп, тілдің даму 
жүйесін анықтайтын когнитивті үдеріс ретінде түсіндіріледі. Осыған
байланысты сөзжасамдық үдеріс барысында тілдік бірліктерді тіл иесі санасында 
қалыптасқан ұғымды (жаңа ұғымды) таңбалаушы құрал деп қарастыру тілді 
зерттеудің жаңа деңгейіне сәйкес таным қызметіне ерекше назар аударады. Бұл 
жағдай тіл қызметі мен сөз әлеуеті мүмкіндіктерін айқындап, солардың 
мазмұндық, мағыналық жақтарын тереңірек ашуға мүмкіндік береді.
Профессор А. Салқынбай: «Тарихи сөзжасам уақыт ішінде болатын, адам 
танымының деңгейімен негізделетін, тілдің даму жүйесін анықтайтын 
когнитивті процесс» деп түсіндіреді [202, б. 9].
Осы орайда, әсіресе аналитика-семантикалық сөзжасам тәсілі арқылы 
жасалған сөздерді когнитивтік, лингвомәдени, лингвогенездік аспектіде 
зерттеудің ұлттық дүниетанымды анықтауда мәні зор.


81 
Мысалы, терминдік мәндегі 
дискуссия
сөзінің «белгілі бір талас мәселені 
жиналыста, баспасөз бетінде талқылау, пікір сайыстыру» деген ұғымы 
пікірсайыс
деп қазақшаланды: 
Сондай-ақ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет