құрығы ұзын,
тұсауы кесілді, ұршықтай иірілді, қырғи-қабақ
т.б.
Олардың негізінде заманауи қоғамдағы жаңару үдерісіне сәйкес танымның
кеңейіп, жаңғыруының таңбалануы фразеологиялану және метафоралану
арқылы айшықты түрде жүзеге асады. Демек, заманауи қоғамдық-әлеуметтік
кеңістікті экспрессивті бейнелейтін коннотациялық сипаттағы жаңа
қолданыстарды жасауда тілдің жанама номинациялық құрылымына енетін
фразеологиялық тіркестердің мәні ерекше. Мысалы:
- қазақ тіліндегі
тұсаукесер, беташар
, түрік тіліндегі
bilgisayar
(компьютер);
- қазақ тіліндегі
құрсақ ана
– түрік тіліндегі
taşıyıcı anne
;
- қазақ тіліндегі
қара жұма
– түрік тіліндегі
muhteşem Guma
;
- қазақ тіліндегі
халық қалаулысы –
түрік тіліндегі
milletvekili
т.б. [196, Б.
29-40].
Бұл тектес зерттеулердің тұжырымдары мен нәтижелерін жүзеге асыру
тәуелсіздік кезеңінде өріс алған тіл дамуының ішкі заңдылықтары мен әлеуетін
пайдалануға бағытталған. Сонымен қатар бұл зерттеулерде кеңестік кезеңдегі тіл
дамуының жаңа сипаты ұғымын дамыту тек белгілі бір арнамен жүргізілгені, сол
кездегі қоғамның (биліктің) тікелей басшылығымен, араласуымен іске асқаны
атап көрсетілді.
Тәуелсіздік кезеңіндегі қоғамдық-саяси өмірдегі жаңа құрылыс, жаңа өмір
сипаты, жаңа қарым-қатынас дамуына сәйкес қоғам өмірін бейнелейтін жаңа
сөздерді тілімізге жүздеп, мыңдап жедел енгізу жұмыстары жүргізілгені белгілі.
Қазақ тіл білімінде тарихи тұрғыдан салыстырмалы-талдамалық
зерттеулер жүргізу нәтижесінде тілге жаңа сөз енуінің үш түрлі бұлағы бар екені
анықталған:
1. жаңадан сөз жасау:
айқұлақ, бапкер,
бейнетаспа,
сөзтізбе, демеуші,
есірткі,
зертхана, наубайхана, зияткерлік, тосынсый, жертөле, кептеліс,
салымшы, ақылды үй, еркін экономикалық аймақ, теңге бағамы,
келісімшарт,
сын-ескертпе, арыз-тілек, арыз-шағым
т.б.
2. белгілі бір тілдің өз ішінен сөз тудыру:
билік, әкім, хұқық, басқарма,
сайлау, төраға, қисын, таңба, кеңес
т.б.
3. сөздерді шеттен алу:
а) өзге тілдерден:
оппозиция,
брифинг, ипотека, тендер, агенттік,
лицензия, конфессия, батарея, бутик, пресс-релиз, навигация
т.б.;
ә) ауызекі сөйлеу тілінен, диалектілік лексикадан:
егемен, ұжым, кеден,
құжат, сусамыр, кент, нысан, сардар, нарық, серке, ота
т.б.;
74
б) ауыз әдебиеті тілінен:
қызмет, өнер, қауым, жарапазан, беташар,
кіреуке, шаһар
т.б.
Ал, түркітанушы-ғалым Хамза Зүлфикар алдыңғы тарауда сипатталған
«Тіл төңкерісінен» осы кезге дейін түрік тілінде жаңа сөз жасаудың төрт жолын
атап көрсетеді:
1. ауызекі сөйлеу тілінен алу:
çağdaş
(заманауи),
kuzey
(солтүстік),
aydın
(зиялы),
alan
(аймақ, сала),
danışman
(кеңесші) т.б.
2. ауыз әдебиеті тілінен алу:
arı
(пәк),
dalgıç
(сүңгуір),
tanık
(куәгер),
yanıt
(жауап),
yapı
(құрылым),
yitik
(жоғалған),
basınç
(қысым),
oran
(ара қатынас),
töre
(әдет-ғұрып),
yöre
(маңай),
nesne
(зат),
başkan
(төраға),
buyruk
(уағыз, бұйрық),
çevre
(қоршаған орта),
bilge
(данышпан),
bölge
(аймақ ),
esenlik
(амандық),
savaş
(соғыс),
sonuç
(нәтиже),
tutsak
(тұтқын) т.б.
3. екі немесе одан да көп сөздерді біріктіру арқылы:
asteğmen
(кіші
лейтенант),
doğumevi
(перзентхана),
denizaltı
(сүңгуір қайық),
yılbaşı
(жаңа жыл),
buzdolabı
(тоңазытқыш),
akaryakıt
(жанармай),
basımevi
(баспахана),
bilinçaltı
(бейсана),
işveren
(жұмыс беруші),
suçüstü
(қылмыс үстінде),
tereyağı
(сары май),
yerçekimi
(жердің тартылыс күші ),
yüzyıl
(ғасыр)
т.б.
4. түрікше түбірлерге түрік жалғауларын жалғау арқылы:
aday
(үміткер),
anlam
(мағына),
ilgi
(ықылас),
kurum
(мекеме),
seçmen
(сайлаушы),
önerge
(ұсыныс),
işlev
(қызмет),
ayraç
(жақша),
çizgi
(сызық),
çözüm
(шешім),
duyuru
(хабарландыру),
düzey
(деңгей),
deneme
(сынау),
denetmen
(инспектор),
bağış
(жәрдем, құрмалдық),
doğal
(табиғи),
durum
(жағдай),
uzman
(маман),
üretim
(өндіріс),
tepki
(реакция),
sonuç
(нәтиже),
sömürücü
(қанаушы),
sergi
(көрме),
tanım
(анықтама),
gelir
(табыс),
görev
(тапсырма),
indirim
(жеңілдік),
güvence
(кепілдік),
belirti
(белгі, симптом),
belirteç
(көрсеткіш),
aşama
(кезең),
iletki
(транспортир),
çekim
(суретке түсіру),
oluşum
(қалыптасу),
örgüt
(ұйым),
birikim
(жинау, қорландыру),
birey
(жеке тұлға) т.б. [70, б. 37].
Көріп отырғанымыздай, қазіргі қоғамның тілдік қолданысындағы жаңа
сөздердің жасалу жолдары мен тәсілдері жалпы лексиканың даму, кеңею
тарихымен үндес, ортақ заңдылықтарға сай екені байқалады.
Бірақ өзара салыстырылып отырған қазақ-түрік тілдерінде белгілі бір
қоғамдық-әлеуметтік кезеңдегі белсенділігімен сипатталатын жаңа қолданыстық
атаулардың тілдегі қалыпты сөздерден айырмасы – олар, негізінен, көбінесе
баспасөз тілінде көпшілікке тарап, өзектеледі (Кесте 2).
Кесте 2 – Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың жасалу тәсілдері
Қазақ тілі
Сөзжасам тәсілдері
Түрік тілі
Синтетикалық тәсіл
-кер/-гер:
қайраткер,
заңгер,
-ar/-er/-ır/-ir/-r:
gider (шығын),
gelir (табыс),
75
2- кестенің жалғасы
1
2
3
іскер,
үлескер т.б.
tutar (сома) т.б.
-шы/-ші:
аяқдопшы,
салымшы,
жүргінші,
тапсырысшы т.б.
-cı/-ci/-cu/-cü/-çı/-çi/-çu/-çü:
kiracı (жалгер),
tekelci (алпауыт),
denetçi (аудитор),
yorumcu (комментатор) т.б.
-лық/-лік, -дық/-дік,
-тық/-тік:
жемқорлық,
зияткерлік,
ықпалдастық,
зайырлылық т.б.
-lık/-lik, -luk/-lük:
bakanlık (министрлік),
tinselcilik (спиритизм),
yoğunluk (тығыздық,
қоюлық),
günlük (күнделік) т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |