Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі



Pdf көрінісі
бет46/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   100
дем, көк, қол, аяқ
т.б.;
ә) түрікше: 
ev, bil, ağ, oku, sal
т.б.
Ал екіншілік номинация – дайын тіл бірлігінің даму барысында жаңа ұғым, 
қызмет негізінде қалыптасатын туынды номинация. Мысалы:
а) қазақша: 
демікпе, көктүйнек, қолхат, аяқдоп
т.б.;
ә) түрікше:
 akıllı ev 
(ақылды үй),
bilirkişi 
(сарапшы),
ticaret ağı 
(сауда 
желісі),
 okutman 
(оқытушы),
 salgın 
(індет) т.б. 
Сондықтан осы мәселені арнайы қарастырған В.И. Телияның айтуынша, 
екіншілік мағынада, атау ретінде дайын тілдік форма көрініс табады [242, б. 159]. 
Демек, жаңа сөзжасамға негіз болатын тура және ауыспалы мағыналарда 
жұмсалатын – екіншілік мағына.
Қоғамдағы адамның әлеуметтік, рухани-танымдық сұранысы, ғылыми, 
экономикалық т.б. даму үдерісі, мемлекеттік мүдде т.б. үнемі өзгеріп, дамуы, 
адам санасының жетілуі оның тіршілігін жаңа атаулармен толықтыру мәселесін 
тудырады. Ол өз кезегінде тілдің ішкі сөзжасамдық интралингвистикалық 
заңдылықтарына сәйкес, кейде тарихи-семантикалық жаңғыру арқылы жаңа 
атаулар жасап, жаңа номинативті белгілер түзеді. 
Мысалы, ХХ ғасыр басындағы баспасөз тілінде 
кеңес, өнеркәсіп, ұстаз
т.б. 
сөздердің белгілі бір салаларға қатысты қолданыс тауып, жаңа атау жасауы 


86 
олардың бұрынғы мағыналарының кеңеюі // тарылуына байланысты жүзеге 
асты.
Сөз әлеуетінің мүмкіндігін мейлінше сарқа пайдалану туралы қағида осы 
үдеріс барысында тіл жүйелілігіне нұқсан келтірмеуді қамтамасыз етіп, жаңа 
сөзжасам мен терминжасам үдерісінде ана тілінің негізгі тірек болатыны туралы 
тұжырымды дәйектейді. Сайып келгенде, тілдің ішкі мүмкіндіктері негізінде 
жаңа 
атаулардың 
жасалуы 
тіл 
иелерінің 
танымдық-прагматикалық 
сұраныстарын қанағаттандырып, сөзжасам үдерісіндегі туынды сөздің ішкі 
мағынасы құрамындағы сөзжасамдық тұлғаларды іске қосады. Ал номинация 
негізі – тілден тыс денотаттың маңызды белгісінің, ерекше белгінің бейнесі.
Номинация теориясы негізінде ұғымның танымдық белгісін бейнелейтін 
уәж жаңа атауға тірек болып, жаңа мағына туатындықтан, ол сөзжасамдағы ортақ 
семаның парадигмалық тірегі ретінде бағалана алады. Себепші негіз архисемасы 
жіктелгенде, негізгі сема барлық туынды сөзде сақталады, себепші негіз 
мағынасы арқылы түбірлес сөздердің тарихи-генетикалық тамырын табуға 
мүмкіндік туады.
Сондықтан да тарихи сөзжасамды семантикалық аспектіде зерттеген 
ғалым А. Салқынбай былай дейді: «Номинативтік белгі – объективті өмірдегі 
заттар мен құбылыстардың қасиеті мен сапасы, ал номинацияның өзі – 
субъективті, ол адамдардың сол аталған затқа деген субъективті жеке көзқарасы 
мен таным-түсінігі, пікірі» [202, б. 60].
Ал, номинацияның субъективтілігі туынды сөздердің (жаңа сөздердің, 
жаңа атаулардың) жасалу қалпы мен мағыналық сипатынан айқын көрінеді.
Тағам атауларының табиғатын арнайы зерттеген А. Жылқыбаева: «В 
основе первоначального акта номинации лежит субъективный фактор, так как 
любой предмет имеет множество признаков и только некоторые из них 
отражаются в сознании человека» – деп, алғашқы аталымдағы жеке танымдық 
сипатқа ерекше мән береді [243, б. 82]. 
Қазақ халқының негізгі шаруашылығы мен өмір сүру тәсіліне, табиғатына 
сәйкес қалыптасқан дүниетанымды бейнелейтін сөздердің кез келгені атау 
ерекшелігін айқындайтын екіншілік аталымды (вторичная номинация) 
қалыптастырған. Мысалы: 
боз дала, ақ селеу, жусан иісі, нар кескен, алдаспан, 
бозбала, ақбота, шуда жіп, түйе жапырақ 
т.б. сияқты көптеген тіркестер тек 
қазақ танымына сай туындаған екіншілік тұлғалар. 
Әсем табиғат, жайлы климат пен топырағы құнарлы, теңізге жақын 
аймақтарда өмір сүріп, мал шаруашылығы мен егіншілік, балық аулау мен 
саудамен айналысқан, ас мәзірі мен салт-дәстүрлерге бай түріктердің танымын 
мына сөздер мен сөз тіркестер анықтайды:
misafirperverlik, vatan sevgisi

döner,
gelincik, saz, baklava, boncuk, el öpmek, kına gecesi, kahve, kebap, lokum, simit 
т.б

Демек, номинация субъективтілігі, негізінен
адам танымының кеңеюіне 
байланысты, екіншілік номинацияға тән.
Негіздеме (уәждеме) құбылысы арқылы тарихи сөзжасамның тарихи 
қалыптасу жүйесі түсіндіріледі. Күнделікті өмір сүру тәжірибесінде одан әрі 
танылған зат пен құбылысты атау үшін оның маңызды белгілері бөлініп алынып, 


87 
соларға негізделіп, адам танымында бұрыннан таныс денотат пен оның 
номинативтік белгілері арқылы жаңа атау жасалады.
Мысалы, 
мерейтой, демеуші, айыппұл, балабақша, жанкүйер, сыйлықақы, 
бағдаршам
сөздерінің семантикасы өздері атап тұрған затты не ұғымды дәл 
береді.
Мысалы: 
Қалалық Оқушылар сарайында Алматы қалалық Жол полициясы 
басқармасы бастап, сақтандыру компаниялары қоштаған «Байқаңыз, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет