Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі


 Тілдегі жаңару үдерісінің когнитивтік негіздері



Pdf көрінісі
бет41/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   100
Байланысты:
Бисенгали диссертация

2.2 Тілдегі жаңару үдерісінің когнитивтік негіздері
Жоғарыда көрсетілгендей, отандық және шетелдік лингвистикада 
неологизм ұғымын анықтауға қатысты мынадай тұжырымдар белгілі: 
ономасиологиялық, психолингвистикалық, денотаттық, құрылымдық, тарихи, 
лексикографиялық, лингвомәденитанымдық т.б.
Зерттеуде, негізінен, тіл тұтынушылары қолданатын жаңа атаулар арқылы 
қалыптасқан дүниенің тілдік және тұтас бейнесіне мән бердік. Осыған орай, 
неологиядағы когнитивтік және лингвомәдени қағидаларды тығыз байланыста 
қарайтын ғалымдардың тұжырымдарына сүйендік.
Бұл арада саяси-әлеуметтік, ғылыми-техникалық және дінтанымдық, 
мәдени салалардағы адам қызметіне қатысты жаңа атаулар көбінесе 
антропоөзектік 
парадигмада 
туатыны 
белгілі. 
Сондықтан 
қазіргі 
лингвистиканың даму кезеңіндегі тілдік және мәдени-әлеуметтік үдерістерді 
зерттеудің талабы да ескерілуі тиіс. Қазіргі күнделікті өмірдегі жаңа 
қолданыстардың денотаттық мағынасында заманауи қоғамның өзекті рухани-
мәдени ақпараты көрініс табады. Мысалы, қазақ тілінде: 
құрсақ ана

көкек ана

қара жұма
т.б.; түрік тілінде: 
taşıyıcı anne
(құрсақ ана), 
Kara Cuma 
(қара жұма) 
т.б.
Осылайша пайда болған жаңа сөз мазмұнындағы прагматикалық уәжді 
анықтауда тіл тұтынушысы санасындағы танымдық, антропоөзектік сипаттың 
мәні ерекше. Осымен байланысты, мысалы, қазіргі қазақ қоғамында тиімді 
қолданылып жүрген діни тілдік бірліктердің прагматикалық ерекшеліктерін 
танымдық зерттеулер аясындағы тарихи теолингвистика шеңберінде ұлттық сана 
тұрғысынан түсіндіру қажеттілігі туындайды. 
Осы бағытта көне түркі ескерткіштер тілін зерттеуші мамандар
Б. Сүйерқұл мен А. Сейітбекова «Тарихи теолингвистика: қалыптасуы, дамуы, 
негізгі бағыттары (Н. Рабғузидің «Адам ата – Хауа ана» қиссасы мен А. 
Иүгінекидің «Ақиқат сыйы» дастаны материалдары негізінде) атты 
монографиясында қазақ тіл біліміндегі 
тіл~діни таным
сабақтастығына қатысты 
теолингвистика мәселелерін атап көрсетеді [185].
Еңбекте қазақ қоғамында қолданыла бастаған діни негізді жаңа 
қолданыстарды ұлттық ойлау жүйесіне, этнос діліне қатысты бағамдау үшін олар 
тарихи жазба ескерткіштер мәтіндерімен салыстырылып, соның негізінде қазіргі 
діни дискурстың оң және теріс өзгерістері анықталады. Осы еңбекте 
теолингвист-ғалымдардың қазақ баспасөзі арқылы тарап, әлеуметтік өрісте 
ұлттық болмысымызға, діліміз бен дінімізге жат құбылыстарды, мысалы, 
бұқаралық санамызды улаған «әулие Валентин» сияқты қолданыстардың 
шынайы мәнін түсіндірудің өзектілігін атап көрсеткен тұстары аса маңызды. 
Осы тектес зерттеулердің өзектілігі мен болашағы қазіргі социумның тілдік және 
когнитивтік санасында орнығып үлгерген діни мәнді қолданыстардың дұрыс 
нұсқада таңбалануы және тілдегі нормасын тұрақтандыруға байланысты [185]. 
Мысалы, қазақ медиакеңістігіндегі 
Аллаһ 
(арабша) – 
Алла
(қазақша) 
қолданыстарын Б. Сүйерқұл мен А. Сейітбекова «... тілімізге бейімделген 


70 
дыбыстық формасы бола тұра араб, парсы сөздерін түпнұсқаға ұқсатып 
транскрипциялау үрдісі дұрыс емес» деп санайды.
Бұл мәселені толығырақ зерттеп, осы құбылыстардың мәнін түсінуге 
қабілетті когнитивті лингвистика аясы жаңа лексикалық бірліктерді 
қалыптастыруға әсер ететін танымдық факторлар мен жаңа танымдық-тілдік 
құрылымдардың неологизм шеңберіндегі сәйкестігін анықтауға мүмкіндік 
береді. 
Қазіргі таңда тіл білімінде «жаңа қолданыс» ұғымының ерекшелігін 
ашудың жеткілікті ғылыми әдістемелік базасының әлі жасалмағаны, когнитивті 
лингвистика аясында зерттеудің қазіргі қазақ тіл білімі болашағын белгілейтін 
өзекті мәселелер қатарында екені жоғарыда атап көрсетілді. Осыған орай тілдік 
санадағы жаңару үрдісіне қатысты әрекеттерді адамның когнитивтік қызметімен 
сабақтастықта қарау бұл мәселенің өзектілігін айқындай түседі. Өйткені уақыт 
пен кеңістік контексіндегі коммуникативтік-прагматикалық қызметіне сәйкес 
тілді зерттеуге қатысты тіл бірліктері де жаңарып, толығып отырады. Осы 
мәселеге қатысты қазіргі қолданыстағы жаңа атаулардың когнитивті талдауына 
негіз болған лингвомәдени зерттеулер назар аударарлық.
Америкалық өмір салтына концептуалды талдау жасаған Т.А. Гуральник 
неологизмдердің мынадай лингвомәдени компоненттерін көрсетеді: «Тілдік 
инновациялардың мәдени-ұлттық белгілері жаңа сөздердің мағыналық жүйесін 
талдау барысында айқындалып, лексика-семантикалық парадигма құрайды. 
Олардың мазмұнында сөз қолданылатын кеңістіктегі ішкі және сыртқы себептер 
(«жаңалық») туралы ақпарат сақталады» [42, б. 31]. 
Орыс тіл біліміндегі неология аясында сөзжасам үдерісінің жаңару 
құбылысын когнитивтік лингвистика тұрғысынан қарастырған В.И. Заботкина 
[186] мен Т.В. Попова [24] еңбектері жоғарыда көрсетілді. 
Ю.С. Степановтың пікірінше, жаңа сөздің қалыптасу принципі 
лингвистика үшін жаңа болмайды. Бұл мәселені айқындауда ғалым тілдік 
деректердің концептуалдық талдауына сүйенген шын мәніндегі терең 
когнитивтік құрылымдарға сілтеме жасайды, жаңа сөздің туу жағдайын 
талдайды [187].
Е.С. Кубрякова жаңа сөзді құру үдерісін зерттеу барысында когнитивтік-
дискурстық көзқарастың танымдық құрамдас бөлігі осы үдеріске қатысатын 
білімдердің түрлерін анықтауға, олардағы ой құрылымын ашуға, тілдік тұрғыдан 
тұжырымдаудың ықтимал әдістерін түсіндіруге мүмкіндік береді деп санайды. 
Бұл арада, ғалымның пікірінше, дискурстық компонент автор ниетін, контекстің, 
мәтіннің прагматикалық бағытын және т.б. ескереді. Осылайша, жаңа 
сөздің 
когнитивтік-дискурстық талдауы тергеу нысанының толық сипаттамасын береді. 
Соның нәтижесінде Е.С. Кубрякованың пікірінше, когнитивтік-дискурстық 
көзқарас когнитивтік зерттеудің кешенді пәнаралық сипатына сүйенеді. Осымен 
байланысты тіл білімінің әртүрлі салаларының өзара қарым-қатынасы танымдық 
тұрғыдан қарастырылуы тиіс [188].
Мысалы, зерттеуші Л.В. Черепанова тілдегі жаңару үдерісінің әлеуметтік-
мәдени жағдайға тiкелей тәуелдiлiгін арнайы анықтау барысында ол мәселені 


71 
әлеуметтiк мақсаттағы дискурспен тығыз байланыста қарайды. Жаңару үдерісі 
халықтың өзгеретін құндылықтарына сәйкес тілдің лексикалық жүйесін 
жаңартуға, оның лингвистикалық санасын, мәдениетін және адамның рухани 
және практикалық қызметін қайта құру ерекшеліктерін ескере отырып күрделі 
когнитивті-дискурстық үдеріс ретінде ұсынылады. Демек, неологизм – бұл 
шындықты когнитивті-дискурстық игерудің «өнім» түрі [189, Б. 77-83]. 
Осылайша, зерттеуші адам неологизация (жаңару) үдерісінің ерекшелігін 
динамикалық өзгеріп жатқан әлемде және соның салдарынан тілге оңай ауысуға 
мүмкіндік беретін ең маңызды когнитивтік үдерістердің бірі ретінде алдын ала 
анықтайды. Осыған сәйкес лингвокогнитивтік зерттеулерде «неологизм» ұғымы 
адам санасының зияткерлік, пәндік-тәжірибелік қызметі арқылы анықталатын 
адам сана-сезімінің нәтижесі ретінде талданады. Осыған байланысты орыс тіл 
біліміндегі когнитивист-ғалымдар неологизмді кадрлық талдау, когнитивті 
модельдеу, когнитивтік-дискурстық талдау, лексикографиялық деректерді 
когнитивті түсіндіру және т.б. көмегімен зерттеуге болады, метафора 
құбылыстарын, метонимдерін, когнитивті тұрғыда түсіндіру арқылы сипаттауға 
болады деп санайды. 
Осы орайда орыс тіл білімінде тілдегі жаңару үрдісінің нәтижесі ретіндегі 
жаңа қолданыстарды когнитивтік аспектіде зерттеуге ғылыми-әдістемелік негіз 
болатын еңбектерде тек қана неологизм атауы қолданылғанын байқауға болады.
Соңғы онжылдықтарда жаңа ұғымдар атауларын Н.Д. Арутюнова және 
басқа да ғалымдар «сабақтасқан ойлау тәсілі және әлемнің лингвистикалық 
бейнесін қалыптастыру тәсілі» ретінде қарастыра бастады [191].
Шынында, қазіргі қоғамның рухани-әлеуметтік даму деңгейіне сәйкес 
тілдің коммуникативтік-прагматикалық қызметіндегі жаңа сөздердің жасалу 
үдерісінің бағытын анықтау да қазіргі таңда жалпы тіл дамуы мен баюына 
қатысты маңызды мәселе болып табылады. Осы тұрғыдан көркем танымды 
таңбалайтын тіл қызметін антропоөзектік бағытта зерттейтін заманауи 
лингвистика метафоралық атаулар мен фразеологизмдерді халықтың ұлттық 
және мәдени мұраларын белгілеудің жаңарған бір түрі ретінде және әлемнің 
лингвистикалық бейнесін құруға мүмкіндік беретін танымдық-коммуникативтік 
құрал деп қарайды. Соның негізінде метафора-неологизмдер мен неофраземалар 
әлемнің тілдік бейнесін көрсетіп, заманауи әлемнің тұжырымдамалық 
ерекшелігін көрсететін жаңа қолданыстар қатарына қосылады.
Осы мақсатта қазіргі өмір шындығын бейнелейтін жаңа ұғымдарға атау 
беру үшін шетелдік тіл деректеріне орынсыз жүгіне бермей, қажетін қазақтың өз 
тілімен өтеуге болатын әлеуетін тануға бағытталған зерттеу жұмыстары аса 
маңызды. Ғасырлар бойғы рухани мұра көзі ретінде тілде сақталған қазақ 
халқының мол қазынасын екшеп, елеп, керегін ала білу, сарқа пайдалану 
тиімділігі 
жоғарыда 
аталған 
ғалымдардың 
еңбектерінде 
жан-жақты 
қарастырылып, нақты тілдік талдаулар арқылы дәлелденген.
Жаңа қолданыстардың дамуы мен жаңа атаулардың қалыптасу үдерісін 
лингвокогнитивтік 
тұрғыдан 
қарастыруда 
метафораландыру 
мен 
фразеологияландыруды когнитивтік модельдердің үлгілері ретінде қарауға 


72 
болады. Жаңа атау беру үдерісінде метафоралар тек сөзжасамдық, номинативтік 
қызмет атқарып қана қоймай, сол ұғымды дұрыс қабылдап, тануға көмектесетін 
когнитивтік 
тетік 
ретінде 
көрінеді. 
Метафоралық 
аталымдар 
тек 
коммуникативтік сипатта ғана емес, жаңа ұғымдардың адам санасында туып, 
қабылдануына да қызмет етеді.
Тіл болмысының метафоралық сипаты В. фон Гумбольдт, А.А. Потебня 
т.б. ғалымдардың лингво-философиялық тұжырымдарында ертеден көрініс 
тапса, Дж. Лакофф пен М. Джонсонның бізді қоршаған концептуалды жүйенің 
метафоралығына сай айтқан когнитивтік тұжырымдарында жалғасын тапқан 
[191, б. 238]. 
Қазіргі уақытта когнитивтік лингвистика метафораны адамның ұғымдық 
жүйесінің маңызды ажырамас бөлігі, ойлау қабілетінің ерекше қасиеті және 
лексиканы толықтырудың тиімді құралы деп бағалайды.
Номинативті бірліктер семантикасының коннотаттық аспектісіне қатысты 
В.Н. Телияның метафора туралы мына тұжырымының жаңа атауларға, 
қолданыстарға да тікелей қатысы бар деп санаймыз: «Метафора – это и процесс, 
создающий новое значение языковых выражений в ходе их переосмысления, и 
способ создания языковой картины мира, возникающей в результате 
когнитивного манипулирования уже имеющимися в языке значениями, с целью 
создания новых концептов, особенно для тех сфер отражения действительности, 
которые не даны в непосредственном ощущении» [192, б. 3]. Сонымен, 
ғалымның пікірінше, метафоралар – дүние туралы тілде бұрыннан бар 
атаулардың жаңғыруы, айшықталуы арқылы жаңа білімге жеткізетін үдеріс.
Осыған орай, көптеген ғалымдар термин-метафоралардың тууына 
аталушы нысандардың ұқсастығы мен ассоциативті байланыстардың зерттелуі 
нәтижесінде мағыналық жаңғыруы негіз болады деп санайды [193].
Соңғы кезде орыс тіл білімінде салалық термин жүйесінің 
лингвокогнитивтік 
негіздеріне 
қатысты 
метафоралық 
аталымдарға, 
қолданыстарға тереңірек көңіл бөлінуде.
Осы мәселеге қатысты еңбегінде, Л.В. Ивина қазіргі өмірдің парадигмалық 
болмысымен, 
метафораның 
ұйымдастырушылық, 
байланыстырушылық 
сипатымен, жалпы жоғарыда айтылған дүниенің концептуалдық жүйесінің 
метафоралығымен байланысты ғалымдардың пікірлерін келтіреді [194, б. 49].
Сонымен бірге, қазіргі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесіне сай 
қоғамдық-әлеуметтік т.б. қызмет аясында белсенді қолданыла бастаған жаңа 
қолданыстардың жасалуында дайын тілдік құрылым ретінде фразеологиялық 
тіркестердің орны бөлек. Бұл арада фразеологиялық тіркестердің аталымдық 
қызметі оларды сөзжасамның лексикалық тәсілі ретінде қарастыруға негіз 
болатынын қазақ фразеолог-ғалымдар: Г. Смағұлова, Б. Жұбатова, Г. Сағидолда, 
Р. Авакова өз зерттеулерінде салыстырмалы-тарихи, семантикалық тұрғыдан 
дәйектеді. Сондықтан фразеологиялық тіркестердің бейнелі сипатымен сөздерге 


73 
балама бола алу қабілеті жаңа сөздерді жасауда да тиімді тәсіл ретінде 
қолданылады.
Профессор Р. Авакова фразеологизмдердің қазақ (түркі) фразеологиялық 
қорының семиотикалық табиғатын лингвистиканың танымдық жаңа бағыттары 
жүйесінде ашады [195].
Қазіргі қоғамдық, саяси, экономикалық жағдаятқа сай қазақ және түрік 
тілдерінде көбіне медиакеңістікте жаңғырып, мағынасы кеңейіп, қалыптасатын 
жаңа қолданыстардың деректерін көрсетуге болады. Мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет