Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі



Pdf көрінісі
бет45/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   100
пікірсайыс
барысында үлескерлер 
проблемасы, балабақшалар мен өзге де мәселелер алға тартылды
(«Егемен 
Қазақстан», 26.02.2010).
Ал, мағынасы осыған жуық 
диспут
терминінің қазақша баламасы 
пікірталас
деп қалыптасты: 
Арал мәселесі соңғы оншақты жылда географ және 
эколог-ғалымдар арасында жиі-жиі 
пікірталастар
туғызады
(«Алматы 
ақшамы», 29.07.2015). 
Осы себепті, академик Р. Сыздық жаңа сөзжасам үдерісіндегі тағы бір 
құбылысқа назар аудару қажет деп санайды. Ол – бір ұғымның терминдік 
атауымен қатар кейде оның екінші бейнелі атауы болуы. Жаңа ұғым тілдік 
санада қабылдануы үшін, оны тыңдаушы мен оқырманға әсерлі, ойнақы етіп 
жеткізу мақсаты көзделеді. Мұндай бейнелі атаулар негізінен сөйлеу тілінде, 
баспасөзде, публицистикада пайда болады [11, б. 226].
Біздің ойымызша, қазіргі зиялы қауым ортасында жиі қолданылатын 
Елбасы

жанұя, ақ халатты абзал жандар 
және түрік тіліндегі 
trafik canavarı
(жол ережелерін бұзушы) атауларын осыған мысал ретінде келтіруге болады.
2.3 Жаңа атаулардың ономасиологиялық сипаты
Терминологиялық 
жүйедегі 
сөзтудырушы 
үдерістерге 
экстралингвистикалық факторлардың ықпалын зерттеуші ғалымдардың ерекше 
назар аударатыны белгілі. Бұл жайттың жаңа сөздер мен мағыналардың тууына 
да тікелей қатысы бар. Дүние бейнесінен ажыратылған жаңа реалийлерге, 
құбылыстарға, жаңа ұғымдарға атау беру қажеттілігі секілді тілден тыс фактор 
жаңа ұғымды айқын білдірудің мәнерлі, тілдік қолданыста ықшам және 
семантикалық жүйеге сай лингвистикалық құралды талап етеді.
Мұндай экстралингвистикалық факторлар инновациялық номинация 
жүйесіне негіз бола алатынын қазіргі әлемдегі «неологиялық шу» үдерісі де 
көрсетіп отыр. Лексикограф-ғалым Р. Берчфилдтің дерегінше, ағылшын тіліне 
жылына 800 жаңа лексикалық бірлік енеді екен [22].
Номинация саласын зерттеген ғалымдардың пікірлеріне сүйенсек, тілдегі 
кез-келген атау тәжірибе нәтижесі болып табылады. Тәжірибені таңдау үлгісі 
оның қолданыс сипатына, маңызына, заманға сай қызметіне т.б. байланысты 
болуы мүмкін. Себебі ұлттық болмыс пен дүниетанымды тіл арқылы танудың 
ономасиологиялық аспектісі тек таза тілдік деректерге сүйенбей, сонымен қатар 
тілден тыс факторлар арқылы да айқындалатыны белгілі. 
Қандай да бір зат, құбылыс атауының пайда болуын қай заманда болмасын
адам өмірінің күнделікті тәжірибесі негізіндегі танымынан тыс елестету мүмкін 
емес. Себебі әр ұлттың тыныс-тіршілігі, дүниеге көзқарасы, рухани өмірі қай 
кезде болмасын, үнемі дамып, өзгеріп отыратын күрделі үдеріс болғандықтан, 
тілдің даму барысындағы түрлі атаулардың барлығы дәуіріне қарай өзгерістерге 
түсіп отырады. Кез-келген тәжірибе нәтижесі адам баласының дүниетанымында 
көрініс түрінде із қалдырады, сол түсінік нәтижесінде атау туады. 


82 
Осыған байланысты затқа нақты ат беру үдерісі тілдік санада қабылдау, 
елестету, түсіну, сезіну т.б. когнитивтік әрекеттер арқылы қабылданып, 
қалыптасады. Сайып келгенде, адамның айналасындағы дүниені тануы, заттың 
не ұғымның негізгі белгісіне сүйеніп ат қоюы адам бойындағы дүниетанымдық 
біліміне, білігіне, дағдысына, аталатын нәрсенің маңыздылығына байланысты.
Тіл білімінде ономасиология мәселесін жан-жақты қарастырған 
ғалымдардың пікірлері жеткілікті: И.С. Торопцев, О.И. Блинова, Н.Д. Голев, 
Л.А. Бутарева, М.М. Копыленко, Ә. Қайдар, Т. Жанұзақов, Б. Қалиев,
К. Хұсайынов, А. Салқынбай, Қ. Айдарбек, О. Жұбаева т.б. 
Бір ғалымдар
ономасиология мен семасиологияның зерттеу
нысанын 
біріктірсе, екіншілері оны лексикологияның бір бөлігі деп санайды. Шынында, 
қоршаған дүниені бейнелейтін, атайтын лексикалық бірліктердің туу, пайда болу 
үдерісін зерттеу – семасиологиямен қатар ономасиология міндеті. Осы 
тұрғыдан қарастырғанда әлем бейнесінің бүкіл көрінісі мен қоғамдық сана 
қалыптастырған ұғымдарды бейнелейтін тіл – адамзат танымының феномені. 
Олай болса, сөздің ұғымды белгілеп, мағына туғызу қасиеті болмыс пен ойлау 
қатынасын көрсететін құбылыс ретінде негізгі философиялық мәселеге 
айналғандықтан, «мән», «мағына» туралы түсінік тіл білімінде когнитивтік
дүниетанымдық сипатта зерттелуді қажет етеді. Демек, сөз мағынасы мен 
атаудың қалыптасу үдерісі тілдің тарихи-танымдық байланыс қызметі негізінде 
жасалады. 
Көне Эллада философтары өмір сүрген заманның өзінде белгілі бір затқа 
не құбылысқа берілген атау «сол заттың, не құбылыстың табиғи қасиетіне сай 
ма, әлде ол кейбіреулердің өзара келісімімен жасалған атау ма» деген сұрақтар 
жан-жақты талқыланып, түрлі пікір-таластар болған. Бұл 
есімдер 
туралы 
ономасиология ғылымының о бастан-ақ атау әрекетінің онтологиялық негізі 
туралы ғылым ретінде қалыптасқанын дәлелдейді.
Осыған орай, қазақ тіл білімінде ономасиология мәселесін арнайы 
зерттеген ғалым Қ. Айдарбек: «Сөзжасам аясында зерттелетін құбылыстардың 
басты аспектісі аталымдық, немесе ономасиологиялық болуы керек» деп 
көрсетеді [203, б. 12].
Қазіргі тіл білімінде «ономасиология» ұғымы заттың атауы және жалқы 
есімдермен ғана шектелмей, «ономасиология» саласының аталым теориясы 
(номинация) тұрғысынан кеңеюіне байланысты маңызды өзгерістерге сәйкес 
басқа да кең ауқымды мәселелерді қамти бастады.
Қазақ тіл білімінде ономасиологиялық зерттеу ауқымының кеңеюіне 
семасиология, 
когнитивтік 
лингвистика, 
антрополингвистика, 
лингвомәдениеттану, әлемнің тілдік бейнесі т.б. зерттеу салаларындағы аталым 
нәтижелерімен бірге аталым үрдісінің зерттелуі де себеп болды. Осы арада 
белгілі бір нысанды белгілеу кезінде атау үдерісіндегі ұлттық аталым ісінің 
танымдық негізі осы саладағы көптеген зерттеулердің нысанына айналды
(Е. Жанпейісов, Ж. Манкеева, Е. Керімбаев, Қ. Рысбергенова, Ұ. Ержанова,
Қ. Айдарбек, Р. Панзарбекова т.б.).


83 
Қазіргі қоғамдық санаға ықпал етуші танымдық-әлеуметтік, тарихи-
мәдени, рухани жаңғырулар мен тілдік жағдаятқа байланысты атау 
құбылысының динамикалық көрінісі ретіндегі жаңа қолданыстар мен 
терминдердің танымдық уәжділігін синхрондық та, диахрондық та (рухани-
танымдық сұраныс) тұрғыдан анықтаудың ғылыми дәйегі ономасиологиялық 
интерпретацияны қажет етеді [204, Б. 51-53]. Осымен 
байланысты 
ономасиологиялық зерттеулер тек тілдік емес, тілдің танымдық негізін 
сипаттайтын кешенді зерттеу бағытын қажет етеді. Оның нақты дәйегі – 
ономасиологиялық зерттеуді әлемнің тілдік бейнесі теориясымен байланыстыру. 
Жаңа атаулардың танымдық негізін зерттеуге қатысты ғылыми-әдістемелік 
жүйе құрамында ономасиологиялық интерпретация тәсілін қолдану тиімділігі 
байқалады. Себебі тіл бойында сақталған ұлттық болмыс пен дүниетаным тек 
таза тілдік ішкі заңдылық негізінде ғана емес, сонымен бірге тілден тыс 
(экстралингвистикалық) факторлар арқылы да айқындалатынын, негізінен, 
тілдің ономасиологиялық бағыттағы зерттеулері көрсетеді. Әрбір 
атау 
астарында ұғым тұрады, ал ұғым сол зат не құбылыс жөнінде қалыптасқан таным 
жиынтығынан құралады. Ал, ономасиология таныммен тікелей байланысты, 
яғни белгілі бір ұғымның қалыптасуына қандай уәждер негіз болғанын 
анықтайды. Демек, ономасиология шеңберінде қарастырылып, аталым актісіне 
қатысты атау беру үдерісінде қолданылатын «аталым, ұғым – ұлттық ойлау мен 
танымның да көрінісі» деген қағида біздің жұмысымызда басшылыққа алынатын 
қағиданың бірі болып табылады.
Тіл білімінде аталым теориясына қатысты мәліметтерді Е.С. Кубрякова, 
В.Г. Гак, М.Н. Янценецкая, В.Н. Телия, И.С. Торопцев, Л.К. Жаналина,
Қ. Айдарбек т.б. еңбектерінен таба аламыз.
Түрік ономасиологиясына келер болсақ, түп-төркіні Орта Азиядан 
аттанып, Еуропаның қақ ортасына қоныстанған түрік халқы барған жерлеріне өз 
мәдениеті мен атауларын апарып, сондай-ақ жергілікті халықтардың бұрынғы 
атауларын өз наным-сенімі мен мәдениетіне сай өзгертіп, көбісіне жаңа атау 
берді. Сондықтан түрік ономасиологиясының зерттелу ауқымы қашанда өте кең 
болуы заңдылық.
Осыған байланысты бірнеше ғасыр бойы Осман империясының 
қоластында болған елдердің ғалымдарына өз елдерінің ономасиология 
мәселелерін зерттеп, түсіну үшін түрік ономасиологиясын зерттеуге тура келді.
Түрік ономасиологиясын зерттеген шетел ғалымдары: Laszlo Rasonyi [205, 
Б. 63-87], Heikki Paasonen [206], Munkácsi Bernát [207], Gombocz Zoltan [208], 
Willy Bang
[209], Ligeti Lajos [210, Б. 257–274], Gyula Nemeth
[211], Fekete Lajos 
[212], Omeljan Pritsak [214, Б. 205-211] т.б. 
Шетел ғалымдары арасында түрік ономасиологиясына ерекше еңбек 
сіңірген – көрнекті венгр түркітанушысы Ласло Расони (Laszlo Rasonyi). Оның 
түрік ономасиологиясы мен тарихы жөніндегі көптеген ғылыми еңбектері түрік 
және шет тілдерде жарық көрді.


84 
Негізі алғашқы түрік ономасиологиялық ғылыми еңбек деп Шемсеттин 
Самидің 1890 жылы жазған «Kamus ül A’lam» (Атаулар сөздігі) [214] кітабын 
атауға болады. Алты томнан тұратын бұл шығармада жер-су аттары берілген.
Ал түрік ғалымдары арасында ономасиология терминін алғаш рет 
қолданған ғалым – Агоп Дилачар [215, Б. 171-192].
Нақты түрде түрік ономасиологиясының дамуына үлес қосқан 
ғалымдардың еңбектерін атап көрсетуге болады: Hüseyin Namık Orkun [216], 
Hüseyin Reşit Tankut [217,
Б.
101-112], Ahmet Caferoğlu [218], Doğan Aksan [219, 
Б. 176-178], Halil Açıkgöz [220, Б. 351-354], Ziyaeddin Fahri Fındıkoğlu [221], 
Besim Atalay [222], Abdülkadir İnan [223, Б. 62-64], Mehmet Şakir Ülkütaşır [224, 
Б. 369-384], Mehmet Fuat Köprülü [225, Б. 185-211], Hasan Eren [226, Б. 155-165], 
Tuncer Gülensoy [227], Hamit Zübeyir Koşay [228, Б. 118-125], Hüseyin Nihal Atsız 
[229, Б. 242-259], Necip Üçok [230, Б. 31-35], İlhan Başgöz [231, Б. 164-171], Özcan 
Başkan [232, Б. 237-251], Sedat Veyis Örnek [233, Б. 101-112], Saim Sakaoğlu [234], 
Aydil Erol [235], Ali Esat Bozyiğit [236] т.б.
Дегенмен Батыс елдерінде дербес ғылыми бағыт ретінде қалыптасып
дамыған ономасиология (түрікше «adbilim») саласын түрік ғалымдары да 
зерттеп, халықаралық деңгейдегі ономасиологиялық конгрестерге қатысып 
жүргеніне 
қарамастан, 
Түркия 
жоғары 
оқу 
орындарының 
оқу 
бағдарламаларында аталмыш сала көрсетілмеген.
Зерттеуші Ибрахим Шахин бұл жөнінде былай дейді: «Ономасиология 
саласында жұмыс істеп жүрген түрік лингвистері осы салаға қатысты әлемдегі 
теориялық зерттеулерді елемей, қажетті терминдерді, жіктеулер мен әдістерді 
есепке алмай, бірден атауға қатысты тілдік материалдарды жинап, біріктіріп, 
зерттеуге кірісті. Негiзгi терминдердің, дәйектi жiктеу мен зерттеу әдiстерiнің 
тапшылығын сезінген аталмыш сала осы кемшiлiктер кесірінен тәжірибелік 
жұмыстар барысында да көпке ұзай алмады. Осының салдарынан бүгінгі күні 
ономасиология бір-бірінен алшақ, түрлі ғалымдардың зерттеулері арасында жер 
мен көктей айырмашылығы бар бейберекет салаға айналды» [237].
Қазақ тіл білімінде тарихи сөзжасамды ономасиологиялық аспектіде 
зерттеу нәтижелері жаңа атау мағынасындағы күрделілікті, атаудың ұғымдық, 
мәндік, танымдық сипатының таңбалануына негіз болған уәждерді, номинация 
мен сөзжасам арақатынасын анықтауға мүмкіндік береді.
Номинация теориясын дамытушы көрнекті ғалым Е.С. Кубрякова 
көрсеткендей, адам атау барысында оны өзін қоршаған шындықтан таңдап 
алады: «В акте номинации получают названия лишь те объекты, на которые 
направлена деятельность человека. Сами объекты могут принадлежать 
внешнему миру и внутреннему, они могут составлять принадлежность мира 
действительного и миры вымышленного, выдуманного, но название дается 
остановленной мысли об объекте» [201, б. 37]. 
Осыған сәйкес, мысалы, термин – тіл тұтынушы қолданатын белгілі бір 
саладағы кәсіби іс-әрекеттен бөліп қарастыруға болмайтын, сол жердегі тіл 
тұтынушылардың кәсіби сана бірлігіне сәйкес қарым-қатынас тілінің бірлігі. Ол 
сөзжасам мәселесіне қатысты номинациямен тығыз байланыста болады. Ал, тіл 


85 
білімінің номинация саласы атаулық қызмет атқаратын кез келген тілдік 
бірліктердің жасалу жүйесін зерттеу барысында атау құрылымын зерттей 
отырып, атаулардың жасалуы мен қалыптасуының таным мен тәжірибе негізінде 
айқындалып, таңдалған алғашқы номинативтік белгілерін, уәжін анықтайтын 
ономасиологиялық зерттеулерге негіз болады. Демек, 
аталым 
(номинация) 
дегеніміз заттардың жекелеген қасиетін танытатын, атауға негіз болған ұғым. Ол 
тілдік таңбадағы қандай да бір белгіге негізделген сигнификаттық ұғым көрінісін 
білдіреді. Олай болса, кез келген номинация үшін, ең алдымен, өзі атап тұрған 
зат пен құбылыстың нақты маңызды белгісін айқындап алу қажет.
Осыған орай, А.В. Солнцев: «Аталым – кез-келген дүниені танытудағы 
тілдік таңба қасиеті» [238, б. 133] деп анықтаса, О.И. Блинова аймақтық 
лексикадағы уәжделуші белгінің танымдық-қолданыстық сипатын атап 
көрсетеді [239, б. 99]. 
Қазақстандық тіл білімінде уәждеме теориясына қатысты алғашқы болып 
зерттеу жүргізген М.М. Гинатулин «К исследованию мотивации лексических 
единиц» (1973) атты теориялық еңбегінде: «Специфика исследования мотивации 
наименования 
предметов 
и 
явлений 
не 
допускает 
односторонне 
лингвистического подхода, она требует достаточно глубокого знания свойств 
самих реалий» – деп уәжділіктің кешенді ономасиологиялық сипатын атап 
көрсетеді [240, б. 5].
Тіл білімінде номинациялық (аталымдық) үдеріс уақытқа тәуелді 
болғандықтан, ол екіге бөліп қарастырылады: алғашқы номинация және 
екіншілік номинация [241, б. 108]. 
Бұл арадағы алғашқы номинация – бұл тілдегі түбір күйіндегі сөздің 
қалыпты мағынасына негізделген бірінші номинация. Мысалы:
а) қазақша: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет