Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі



Pdf көрінісі
бет50/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   100
Байланысты:
Бисенгали диссертация

Anayasaya
göre 20 milletvekilinin aday göstermesi gerekir
(Vatan, 
31.12.2010). 
Кейінірек «ana» (ана) сөзінен түрік тілінде тағы бірнеше сәтті жаңа атау 
жасалып, тілдік қолданысқа енді:
anavatan 
(отан)
, anaokulu 
(балабақша), 
ana 
cadde
(бас көше) т.б.
Мысалы: 
Kıbrıs Koordinasyon Kurulu Başkanı Devlet Bakanı Turhan 
Feyzioğlu noktayı koyuyor:"
Anavatan
'da özel üniversite yok, yavru vatan Kıbrıs'ta da 
olamaz!
" (Milliyet, 26.10.2007). 
Helen Doron, hem Öğrenim Merkezi hem de 
Anaokulu
 açmak isteyen girişimcilere ihtiyaç duydukları tüm konularda destek veriyor
(Hürriyet, 17.09.2013). 
Ayrıca kış şartlarına uygun olarak bulvar, 
ana cadde
ve 
yolların açık tutulması için Fen İşleri Daire Başkanlığı araç ve personelini de hazır 
bulunduracak
(Hürriyet, 31.12.2009). 
Осы арада айта кететін жайт – қазақ-түрік танымындағы уәжділік 
өзгешеліктерінің бір көрінісі ретінде қазақ тілінде бұл ұғымның баламасына
Атазаң
сөзінің ұсынылып, қабылдануы.
Осы сияқты уәжділікке негізделіп жасалған түрікше жаңа атаулар
мыналар: 
uyurgezer
(айкезбе), 
incelik
(нюанс), 
yatay
(көлденең), 
düşey
(тік), 
zirve
(басқосу) т.б. 


92 
Хамза Зүлфикар: «Мағына – бір сөз арқылы сол тілде сөйлеушілердің 
уәжін оятып, есіне түсетін ұғым немесе ой. Сөз бен ұғым арасындағы 
байланысты уәж құрайды» деп санайды [56].
Ұғым үдерісі кезінде есімізге алғаш келген ойды уәж тудырады. Платон 
еңбектеріне сілтеме жасайтын ғалым Левент Айсевердің пайымдауынша атау 
беру кезінде уәж әріп пен буындарға кескінделіп, сөз тудырады. Суретші сурет 
салғанда түрлі түстер мен пішіндер арқылы салған нәрсесіне ұқсатып оның 
бейнесін жасаса, атау беру кезінде бұл бейне өзгеше, бұл жолы әріптер мен 
буындар арқылы, заттың негізгі белгісіне ұқсастырылып жасалады [252, б. 160]. 
Түрік тілінде нақты және дерексіз ұғымдарды атаудың ең кең тараған 
тәсілдерінің бірі – түстерді пайдалану.
Доған Аксан көне заманғы құжаттарда да көп кездесетін осы тәсілдің 
«табиғатқа ұқсатып атау» үрдісінің көрсеткіші екенін айтып: 
gök
(көк) пен 
gök
(аспан), 
kızıl 
(қызыл) мен 
kız
(қыз), 
yeşil
(жасыл) мен 
yaş
(жас) сөздерінің өзара 
байланысын мысалға келтіреді [52].
Ғалым Али Акардың ойынша, ұғымдарды қабылдап, оларға атау беру 
кезіндегі адам миындағы үдерістер, жаңа атау беру кезінде логика жеке әрекет 
етпейтінін көрсетеді, яғни адамның миы жаңа сөз жасау кезінде бір ұғым 
ауқымындағы белгілерді қолданады [252, Б. 219-220]. 
Ғасырлар бойы жылы климат пен әсем табиғат аясында өмір сүріп келген 
түріктердің қиял әлемі аса бай. Сондықтан жаңа бір нәрсе, не ұғымға атау беру 
кезінде түріктер уәжділікке көп мән береді. Түрік тілінде өсімдіктерге түрлі 
объектілерге ұқсату тәсілімен атау беру үрдісі бірден артық баламалардың пайда 
болуына негіз болып, уәжділікті таныммен сабақтас түсіндіруге дәйек болатын 
мол деректер ұсынады. Соның нәтижесінде көптеген түрікше өсімдік атаулары 
біріккен сөздерден жасалды. Мысалы: 
hanımeli 
(ырғай),
 
güveyfeneri 
(қанжапырақ),
 gözlükotu 
(көздәрі),
 
kuşburnu 
(итмұрын),
 keçiboynuzu 
(цератония),
 
turnagagası 
(қазтамақ),


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет