89
қатынастар орнатады. Жаңа сөз жасаудағы когнитивтік үдерістердің рөлі, міне,
осыдан туындайды» [203, б. 13].
Жалпы алғанда, тілде үнемі жаңа сөздердің туып, қалыптасу үдерісіне
жалғастық сипат тән. Яғни, қоғамдық-әлеуметтік, саяси-экономикалық т.б. даму
нәтижелерін бейнелейтін ұғымдардың жаңа атауларының негізгі сөзжасамдық
тәсілі – бұрыннан таныс танымдық, семантикалық тіректер ретіндегі уәждерге
сүйену. Осыған байланысты жаңа қолданыс білдіретін түсініктің тілдік жүйедегі
орны, тілде бұрыннан бар түсінікпен байланысы болса ғана жаңа ұғым атауы
ретінде жүйе түзіп, кең қолданысқа енеді. Мысалы, ресми іс қағаздары саласында
қолданысқа енген
хаттама
– стенограмма, протокол,
баянхат
– докладная,
мәжілісхат
– протокол,
қызметтік хат
– служебное письмо,
қолхат
– расписка,
сенімхат
– доверенность т.б.
Ал, түрік тіліне келер болсақ,
yön
(жөн, бағыт) төл түрік сөзінен жасалған
мына жаңа атауларды осыған мысал ретінде келтіруге болады:
yönerge
(директива, нұсқау),
yönetici
(бастық),
yönetmen
(режиссер),
yöntem
(әдіс, тәсіл),
yöntembilim
(әдістеме, методология) т.б.
Халықаралық терминдер арқылы ұлттық ұғымды күрделілендіріп келген
бұл ұғымдардың біздің тіліміз бен танымымыз үшін де жат болмауына айрықша
назар аударылуы қолданыс уәжі етене таныс сәтті жаңа қолданыстардың
қалыптасуына себеп болды. Демек, адамның дүниені қабылдау, тану әрекеттері
жүйелілікке негізделеді. Яғни жаңа ұғымға қатысты жасалатын жаңа сөздің де
тілдің құрылымдық жүйесіне барынша сәйкес келуі оның сәтті қолданыстық
сипатын қалыптастырады.
Сайып келгенде, жаңа сөзжасам үдерісіндегі сенімді дәйек көзі ретіндегі
тіл қазынасын сарқа пайдалану қағидасы, біріншіден, тіл құрылымындағы
тарихи жүйелілікті сақтаса, екіншіден, тіл тұтынушысының тілдік санасындағы
таным тұтастығын жалғастырады.
Достарыңызбен бөлісу: