Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі



Pdf көрінісі
бет54/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   100
сусамырға

ревматоидті артрит және обырдың кей түрлеріне алып келетінін айтады
(Айқын, 05.11.2015). 
«Қазақ сөздігінде» 
сусамыр 
сөзінің екі мағынасы көрсетілген: 1) мед.терм. 
«қант ауруы»; 2) ауыс. «шөлдегіш, сусағыш адам» [197, б. 1173]. 
Осы қолданысқа негіз болған танымдық уәжділікті зерттеу барысында 
қазіргі жаңа қолданыстардың уәждік болмысының кейде дұрыс танылмауы 
қателікке соқтырып, әлеуметтік қолданыс талабына сай келмейтінін білдік.
Мұны сөз зергері, тіл білгірі, жазушы М. Мағауиннің осы жаңа қолданыс 
жөніндегі мына пікірінен түсінеміз: ««Сусамыр» – қырат, таулы аймақтарда 
өсетін, әдетте түйе жейтін, дәрілік емі бар, хош иіс, өзгеше шөп болса керек. 
Әдемі «сусамыр» сөзін қатерлі сырқат атауына көшіру – «ұлтшылдық» 
танымның кезекті бір сорақы көрінісі болды. Ал шындығында, бұл дерттің 
қазақша атауы бар еді – «сусақ». Негізгі бір белгісі – тынымсыз шөліркеу, суды 
мөлшерсіз көп ішу десек, «сусақ» – «суға құмар» деген сөз, малға бейім, малды 
жақсы көретін баланың «малсақ» атанатын жорасымен. Бұл сөзді мақұл 
көрмесеңіз – «қант диабеті». Медицина термині. Қайткенде де «сусамыр» емес» 
[258].
Байқап отырғанымыздай, жазушының «сусақ» нұсқасы «Қазақ сөздігінде» 
көрсетілген «шөлдегіш, сусағыш адам» мағынасымен үндесіп тұр. Ал, 
сусамыр
сөзінің қазақтың дәстүрлі танымындағы өсімдік атауы ретіндегі нұсқасын халық 
әні де дәйектейді. Олай болса, жаңа сөзжасам үдерісінде атаудың танымдық 
уәжділігі туралы осындай құзырлы пікірлердің де ескерілгені жөн. 
Сол сияқты сөздің уақыт пен кеңістікке сай тарихи-семантикалық даму 
барысында, уәж болған бейнелі сипат көмескі тартып, қалыпты қолданысқа 
айналуы да заңды құбылыс. Ал егер ұғым бейнесі сөзбен толық астасып кетпесе, 
келесі бір күрделі, жаңа ұғымды құруға, оның тұтас белгіге айналған бейнесін не 
уәжін түзуге қатыса алмайды. Бұған қазақ зиялылары жасаған, бүгінге дейін 
белсенді қолданыстағы сөздер дәлел бола алады:
 серке сөз, көсем сөз, көркем сөз, 
тырнақша, сызықша, жақша, текше, көш, көшбасшы, кемеңгер, ардагер, 
айыпкер, қылмыскер, үміткер, талапкер
т.б. Бұлар – жаңа ұғым атауы ретіндегі 
жаңа сөздердің төл тіліміздің мағыналық жүйесіне сәйкесіп, семантикалық 
дамуы мен кеңеюін жалғастыру нәтижесі.
Осы арада «терминдер мазмұнында бейнелілік болмауы тиіс» деген 
талаптардың қатаң қойылуы ұлттық тіл сөздерінің термин болуға 
жарамсыздығының бірден-бір ғылыми дәлеліне айналып, ол сөздердің 
терминденуіне кедергі болып келгенін жаңа атауларға қатысты да айтуға болады.
Сонымен, уәжділіктің заттың, құбылыстың бір белгісінің атауға 
танымдық-тәжірибелік негіз болып тұруы уәжділік таңбаның мазмұны мен 
формасының арасын байланыстырушы таңбаның маңызды сипатын белгілейді. 
Соның нәтижесінде жалпы тіл білімінде уәжділік теориясының маңызына 


97 
ерекше мән беріліп, уәжді термин ғылыми ұғымның танымдық бейнесі, ұлттық 
мазмұны ретінде бағаланады. Шын мәнінде, адам атау беру кезінде оны уәжді, 
бейнелі етуге бейім тұратындықтан, мағыналық сәйкестікке мән береді. Танымға 
сүйеніп жасалған ұғымдық атау уақыт өте номинациялық сипат алатындықтан, 
оның уәжі түсінікті, бейнесі тез қабылданып, қисынды, қолданысқа ыңғайлы, 
қолайлы болады. Сонымен, жаңа сөзжасамның, терминжасамның басты 
мәселелерінің бірі – атау уәжділігі.
Тілдік жүйедегі 
саптыаяқ, шалғыорақ, келісап, қаламсап, көзілдірік
сияқты немесе ономастикалық жүйедегі 
Жезқазған, Теміртау, айбалта, 
қолғанат, итмұрын, саңырауқұлақ, қозықұйрық 
т.б. сөздердің бәрі
 –
уәжділікке 
негізделген, бейнелі жасалған атаулар.
Көріп отырғанымыздай, сөз мағынасының үнемі дамып отыратындығы 
жаңа ұғымды атау үшін олардың қосымша мағынаға ие болуы арқылы 
түрленуімен жалғасады.
 
Бірақ кез келген нәрсенің аты мен осы сөз бойындағы белгілердің өзара 
сәйкестігі болғанымен, адам ешқашан дүние болмысын тұтас әрі толық көрсете 
алмайды. Әртүрлі белгілер жиынынан тұратын ұғымды сөз өзі беретін ұғымның 
бір белгісіне сай атайды. Кейде соның өзінде сол белгі дұрыс таңдалмай, 
нәтижесінде ол сәтсіз жаңа қолданыстар қатарына түседі.
Мысалы: 
Осыдан үш жыл бұрын 
санақшы
 
Мақаш Тәтімов 
сүрбойдақтардың саны 150 мыңнан асып кетті деген-тұғын
(«Айқын», 
10.12.2011). 
Профессор Ш. Құрманбайұлы бұл жаңа қолданысты: «Мұндағы 
санақшы
деген сөз «демограф» сөзінің мағынасын мүлде бермейді. 
Санақшы
тілімізде 
«бір нәрсенің есебін алушы, санаушы» деген мағынаны білдіреді. Яғни 
санақшы
сөзі «демографтан»
 
гөрі «счетовод» пен «переписчик» сөздерінің баламасы 
болуға лайық. Ал профессор Мақаш Тәтімов 
санақшы
да есепші де емес, 
демограф ғалым» деп талдайды [258]. 
Осы себепті бұл сөз тілдік қолданыстан шығып, қазір оның бұрынғы 
орысша баламасы – 
демограф
қолданылуда.
Мысалы: 
Ол тізімді 1991 жылы белгілі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет