Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі



Pdf көрінісі
бет56/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   100
шаптырманың
 қасына да келіп қалдық
(Айқын, 01.08.2009). 
Қазір оның орнына 
субұрқақ
баламасы қолданылып жүр: 
Сквер 
аумағында 2 
субұрқақ
, сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтары демалуға 
арналған құйматас жолдар мен орындықтар орнатылған 
(Қазақ әдебиеті, 
25.10.2015). 
Көше бойы кейбірі 30-40 метрге дейін көтеріліп, әртүрлі формаға 
енетін 
субұрқақтарға
 толы
(Айқын, 09.06.2015).
Бұл тектес құбылыстың көріністері қазіргі түрік тілінде де кездеседі. 
Мысалы, дінге берік түрік халқы үшін ерсі болып, қоғамда наразылық туғызған, 
соңғы кезде Түркия сауда орталықтарында жиі кездесетін 
Kara Cuma
(қара жұма) 
жаңа қолданысы. Көп ұзамай бұл жаңа қолданыстың мынадай баламалары пайда 
болып, қазір баспасөзде қатар қолданылып жүр: 
muhteşem Cuma 
(керемет жұма),
 
efsane Cuma 
(аңызға айналған жұма),
 şahane Cuma 
(тамаша жұма),
 bereketli Cuma 
(берекелі жұма).
 
Бұл атаулардың уәжділігі түрік тұтынушысының танымына сай 
келгендіктен қазіргі қоғамда кеңінен қолданыс тауып отыр.
Түрік тілінде уәжділік мәселесіне аса мән берілетінін кезінде Ататүріктің 
өзі ұсынған бір-екі атауды түркітанушы, профессор Суер Екердің талдауы 
арқылы да көруге болады: «Кезінде Ататүрік өзі ойлап тауып, қолданысқа 
ұсынған 
bay
және 
bayan
сөздерін талдайық. Бұрын түріктер қаратпа сөз ретінде 
«Ахмет ефенди», «Фатма ханым» деген форманы қолданатын. Бұл – түрік тілінің 
синтаксисіне сай қолданыс. Бұл жерде алдымен есім, содан кейін атау сөз тұр. 
Алайда бұлар парсыша және османлыша сөз қолданыстар. Сондықтан Ататүрік 
бұлардан құтылғысы келіп, орнына Батыс мәнеріндегі, есімнен бұрын тұратын 
(мысалы, мисс Стефани, мистер Бен), 
bay
және 
bayan
сөздерін ұсынды. 
Bay
сөзі 
– Анатолияда қазір де кездесетін, «бай, дәулетті» деген мағынаны білдіретін көне 
сөз. Осы сөзден 
bayan
сөзі жасалғаны белгілі. Алайда, 
bay
және 
bayan
сөздері 
бара-бара қолданыстан шығып қалды. Өйткені түріктердің түсінігінде 
bay
сөзінің ер адамға қатысы жоқ. Ал 
bayan
сөзі – моңғолдарда ер адамның аты. 
Сонымен, 1. Түрік тілінде атақ есімнен кейін тұрады, яғни синтаксистік тәртіп 
бұзылғандықтан, түріктер бұл қолданысты жатсынды. 2. Семантикалық себеп. 
Түріктер 
bay
деген көне сөзді білмейді, жатырқайды. Мағынасын білсе де, түрік 
тілінде 
bay
деген де, 
bayan
деген де сөз жоқ. Яғни 
bay
Mehmet 
және 
bayan
Fatma
, «Mehmet bey» мен «Fatma hanım»-ды жеңе алмады. Дегенмен, 
bay
және 


99 
bayan
сөздері қолданыстан мүлде шығып қалмай, ресми хат тілінде әлі де 
қолданылуда. Өйткені «Mehmet bey» және «Fatma hanım» деген қолданыс ресми 
жазу тілінде қолданылмайды. Шыны керек, 
bay
және 
bayan
сөздері ресми тілде 
қолданыста жүргенмен, бұл мәселе әлі де күн тәртібінде тұр. Өйткені бұл 
атаулардың кемшіліктері бар, жоғарыда оларды қарастырдық. Бірақ 
олардың 
орнын басатын сәтті баламалар әзірше табылмады» [134]. 
Дәл осы себептен соңғы 10 жыл төңірегінде «Түрік тілі қоғамы» тарапынан 
ұсынылған 
başbayan
(первая леди) жаңа қолданысы 2000 жылдары түрік 
баспасөзі беттерінде жиі кездескеніне қарамастан, дәл қазір қолданыстан шығып 
қалды. Мұның себептері жоғарыда талданып, дәлелденді.
Мысалы: 
Obama, gelecek yıl enerjisini eş ya da 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет