Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі



Pdf көрінісі
бет62/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   100
Байланысты:
Бисенгали диссертация

2-ші тарау бойынша тұжырым
Қазіргі тіл білімінің антропоөзектік парадигмасына сәйкес адам өзін 
қоршаған ақиқат шындықты, әлемді тануға қатысты көзқарасын іс-әрекет 
барысында жасаған ұғым-түсініктері мен бағаларын, қорытынды тұжырымдары 
мен өмірлік ұстаным-қағидаттарын санасында тіл арқылы қалыптастыратыны 
айқындалған. 
Осы бағыттың тұжырымдары мен қағидаларына сүйене отырып, екінші 
тарауда қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстар болмысын 
лиингвокогнитивтік негізде зерттеуге қатысты төмендегідей түйіндер жасалды:
-
тіл тұтынушысының өзін қоршаған ортаны игеруі және қоғамдық-
әлеуметтік іс-тәжірибені меңгеруі негізінде жинақтаған білімін тіл арқылы 
бекітіп, сақтауы когнитивтік негізден бастау алады. Сондықтан 
осындай 
танымдық әрекетіне сәйкес тілді когнитивтік жүйеде қарастырған ғалымдардың: 
«тіл – ойдың тікелей шындығы, сана әрекетінің көрінісі», «таным тетігі», «тілдік 
бірліктердің өн бойына және терең мазмұндық астарына ақпараттарды бекіту, 
жасыру, сақтау, сондай-ақ қажет жағдайда қайта жаңғыртудың когнициялық 
тәсілі» сияқты т.б. лингво-когнитивтік тұжырымдарына сүйеніп, жаңа 


110 
қолданыстарды тілдік санада жаңару үрдісін бейнелейтін тілдік құрал деп 
санауға болады;
-
когнитивтік лингвистиканың тілдік санада жаңа ұғымды атауға 
байланысты туатын
жаңа атаулардағы метафора құбылыстарын, метонимдерді, 
фразеологизмдерді когнитивтік тұрғыдан түсіндірген когнитивті модельдеу, 
когнитивтік-дискурстық талдау, лексикографиялық деректерді когнитивті 
түсіндіру және т.б. әдістері, қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың 
когнитивтік негіздерін дәлелдейді;
-
номинация саласын зерттеген ғалымдардың пікірлеріне сүйеніп, тілдегі 
жаңа атау жасау тәжірибесінде тіл тұтынушысының таңдау үлгісін оның 
қолданыс сипатына, маңызына, заманға сай қызметіне т.б. байланысты 
қарастыру тиімділігі байқалды. Соның нәтижесінде ұлттық болмыс пен 
дүниетаным тек интралингвистикалық негізде ғана емес, соған тілдік емес 
экстралингвистикалық факторлар арқылы да айқындалатынын жаңа 
қолданыстардың ономасиологиялық сипаты арқылы көрсетуге болады; 
-
ономасиологиялық заңдылықтар ішіндегі ең бастысы – санадағы 
ассоциативті байланыс десек, уәжділік – сол сөз бейнелейтін табиғат 
құбылысының адамның түсінік тәжірибесінде анықталған белгісі. Сондықтан 
адам жаңа ұғымды атауда дүние құбылыстарын, олардың өзара 
байланыстылығын өз таным ауқымында танып, оған жаңа атау беру арқылы 
байланыстырады. Осы тұжырымдарға сәйкес тілдің төл қасиеті ретіндегі 
уәжділіктің жаңа атау жасауға да негіз болатыны, сол арқылы әрі қарай жетіліп, 
дамып, жаңарған ұғымның жаңа сөз арқылы белгіленуі – жаңа қолданыстардың 
танымдық өзегі деп анықталды;
-
қазақ-түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстарды танымдық тұрғыдан 
салыстыра зерттеу нәтижесінде айқындалған ортақ түркілік сипат пен әр ұлттың 
өзіндік әлем бейнесінің тілдік таңбалануындағы ерекшеліктер болмысы 
антропоөзектік парадигмаға сәйкес қарастырылды. 


111 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет