Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі


 Жаһандану заманындағы қазақ және түрік әлемі тілдік бейнесінің



Pdf көрінісі
бет59/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   100
Байланысты:
Бисенгали диссертация

2.5 Жаһандану заманындағы қазақ және түрік әлемі тілдік бейнесінің 
антропоөзектік сипаты
Әлемнің тілдік бейнесі ұғымын алғаш рет тіл білімінде арнаулы термин 
ретінде қолданған ғалым – Л. Вайсгербер. Тілдің идиоэтникалық мазмұнына 
байланысты ол әлемнің тілдік бейнесі ұғымындағы сыртқы объективті дүние 
маңызын төмендетіп, оның дүниетанымдық, субъективті ұлттық, идиоэтникалық 
жағына баса көңіл бөлді [259]. 
Ал американдық ғалым Б. Уорф әлемнің ғылыми бейнесі әлемнің тілдік 
бейнесінен туындайтындығын айта келіп: «Біз табиғатты және де бүкіл дүниені 
біздің ана тіліміздің деңгейіндегі шеңберге сыйғызамыз, белгілі бір тілдік 
бүтіннің бөлшектерімен өлшейміз. Біз құбылыстар әлемінде қайсыбір 
категорияларды өздігінен білініп тұратыны үшін емес, керісінше, дүние біздің 
алдымызда біздің санамызбен реттеліп, ұйымдастырылуына қатысты, түрлі 
әсерлердің калейдоскоптық толқыны түрінде ажыратамыз. Сана арқылы 
реттеледі дегеніміз, санамызда сақталатын тілдік жүйе арқылы реттеледі деген 
сөз» [260, б. 123] деп анықтайды.
Осы тектес әр түрлі деңгейдегі лингво-когнитивтік зерттеулердің басын 
қосып, біріктіретін және негіз болатын ортақ мәселе – тілдің антропоөзектілік 
сипаты, тіл тұтынушылардың өмірлік тәжірибесін, теориялық, мәдени білімін 
семантикалық, концептуалдық тұрғыдан талдау нәтижесінде анықталған 
әлемнің тілдік бейнесі. Олай болса, когнитивтік антропология адамның сана-
сезімі негізінде жатқан өзіне ғана тән тұтас рухани болмысының тіл арқылы 
көрініс табуын зерттейді.
Тәуелсіз Қазақстанда ана тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, 
қоғамдық-әлеуметтік қызметінің күшеюі ұлт рухының жаңғыруымен 
сабақтасып, тіл тұтынушысының тілдік әлеуетін қолдану өрісінің кеңеюі 
нәтижесінде зерттеулер мен лексикографиялық тәжірибе жетілу үстінде. Осыған 
байланысты белсенді сипаттағы жаңа сөзжасам үдерісін тіл тұтынушысының 
танымдық-әлеуметтік болмысымен сабақтастырып, анықтау – өзекті мәселе. 
Антропоөзектік бағыт алғашында лексикография, оқу әдебиеті негізінде 
тар көлемде қолданылса, кейін семантика саласында ауқымын кеңейткені 
байқалады. Ал, бұған дейін құрылымдық тіл білімінде функционалды-
семантикалық негіздегі талдау біршама жақсы дамығаны белгілі. Алайда оның 
жаңа дәуірдегі кешенді тіл білімі талабына жауап беруде осалдығы байқалып 
отыр. Шын мәнінде қоғамның өзгеруі, сана жаңғыруы бұрынғы қалыптасқан 
рухани құндылықтарымызға, ғылыми нәтижелерімізге де сыни көзбен қарауды 
қажет етеді. Дәстүрлі тіл біліміндегі функционалды-жүйелік парадигманы 
антропоөзектік парадигма ығыстыра бастағаны да шындық. Бұдан дәстүрлі тіл 
біліміндегі құнды зерттеулер, дереккөздері теріске шығарылады екен деген ұғым 
тумаса керек. Бүгінгі тілді тіл иесімен тығыз байланыста зерттеу жүйесінде екі 
тілдік парадигма бірін-бірі толықтырып, бір-бірінің жалғасы ретінде 
қалыптасуда.
Антропоөзектік негізде қалыптасатын когнитивтік лингвистика тіл иесінің 
психологиялық болмысын лингвистикалық тұрғыдан түсіндіруге бағытталады. 


103 
Осыған байланысты қалыптасатын ментальды лексика адамзаттың (ұлттың) 
рухани жан-дүниесін сипаттап, өзге халықтан ерекшелендіретін қасиеттерін 
жинақтап көрсетеді.
Біріншіден, когнитивтік зерттеуде адамға ғана тән жоғары сана, өзіндік 
сана, интеллектуалды мінез-құлық тіл арқылы қозғалысқа түскенде танымдық 
жақтары іске қосылады.
Екіншіден, тілдің бағалауыштық, реттеуіштік т.б. қызметтері де қосылып, 
когнитивтік зерттеудің кешенді және тұтастық сипатын көрсетеді. Сондықтан 
әр ұлттың тілдік санасында әлемнің тілдік бейнесін жасауда когнитивтік 
талдауларға сүйенудің өзіндік маңызы бар. Себебі әлемнің тілдік бейнесі 
қоршаған ортаның тікелей немесе тура бейнесі бола алмайды. Өйткені болмыс 
пен тіл арасында адам санасы тұрады.
Қазіргі тіл біліміндегі әлемнің тілдік бейнесі теориясы ұлттық тілдің 
шынайы да толық болмысын, біріншіден, тіл мен мәдениет сабақтастығында, 
екіншіден, танымдық тұрғыдан тілдік емес мәнділіктермен байланыста 
зерттейді. Бұл жағдай жаңа қолданыстар мәселесін танымдық тұрғыдан 
қарастыру кезінде де зерттеушілер назарынан тыс қалмайды. Тілдік санадағы 
адам ойының таңбасы, таным жүйесінің құралы ретіндегі тілдің анықтауыштық, 
құрауыштық қызметіне әлемнің тілдік бейнесі тұрғысынан мән беру 
антропоөзектік парадигмада аса өзекті.
Бізді қоршаған дүниенің адам психикасында, санасында көрініс табуы 
қазіргі замандағы когнитивтік лингвистика, психолингвистика ғылымдарында 
объективті дүниенің субъективті көрінісі, әлемнің тілдік бейнесі, әлемнің тілдік 
моделі т.б. ұғымдармен өзектеліп, белгіленеді. Шындық дүниенің психикалық 
көрінісі адам санасында әлем бейнесінің құрылу үдерісімен құрылымдалып, 
бейнелі, түсіндірмелік, эмоционалды, символдық сипатта анықталады. Бізді 
қоршаған шындық – біреу, бірақ әлемді тілде айна қатесіз бейнелеу мүмкін емес, 
өйткені, оны әркім өзінше қабылдайды және тілде осы таным көрініс табады.
Сондықтан «әлем бейнесінің тілде көрініс табуы қалай жүзеге асады?» 
деген сұраққа жауап іздей келе, көрнекті орыс ғалымы Б.А. Серебренников: 
«Әдетте, ғылым аталған мәселені қарастыруда бір-бірімен тығыз байланысты 
үштік тұтастығын негізге алады: шындық әлем, шындық әлемнің адам 
санасындағы көрінісі және оның тіл арқылы берілуі» деп анықтайды [261, б. 87].
Қазіргі кезеңде әлемнің ғылыми бейнесі деп, белгілі бір ғылымдағы негізгі 
ережелерді шығаратын байырғы түсініктер мен қағидалар арқылы жасалған әлем 
туралы жалпы түсініктер жүйесін айтамыз. Ал халық танымына сай қалыптасқан 
ұрпақтан ұрпаққа берілетін әлемнің тілдегі бейнесі өзінің қоғамдық-әлеуметтік, 
рухани-мәдени қызметіне сай жаңарып, мәдениаралық коммуникация, 
экономикалық т.б. байланыстар арқылы молайып, толығып, өзгеріп отырады. 
Себебі тіл тек ойлау, қарым-қатынас құралы ғана емес, тіл бүкіл этностың рухани 
және мәдени айнасы ретінде әр ұлттың өзіндік әлемдік бейнесін 
қалыптастырады.
Қазіргі 
қоғамдағы 
жаңа 
қолданыстардың 
коммуникативтік-
прагматикалық, рухани-әлеуметтік тиімділігін күшейту үшін тілдегі әлемнің 


104 
ұлттық бейнесіне қатысты ассоциацияға негізделген жаңа атауларды 
антропоөзектік жүйеде, когнитивтік, лингвомәдениеттанымдық тұрғыдан 
қарастырудың ғылыми-тәжірибелік қажеттілігі туындайды. Осыған байланысты 
қазіргі тіл ғылымында тілдегі әлем бейнесі ұғымы өзектеліп, әлемнің тілдегі 
ұлттық бейнесі деген мәселе алға шықты.
Профессор А. Салқынбай сөзжасамды тарихи-мәдени байланыстылық 
контексінде, танымдық сипатта бағалайды: «Әлем бейнесінің бүкіл көрінісі мен 
қоғамдық сана қалыптастырған ұғымдарды бейнелейтін тіл – адамзат 
танымының феномені. Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, адамзат 
дүниетанымын, ойлауды, сананы қалыптастырып, дамытуға қызмет ететін 
күрделі құрылыс» [202, б. 3]. 
Жалпы алғанда, әлемнің тілдік бейнесі дегеніміз, ол – адамның өзін 
қоршаған ортадағы құбылыстар, жағдайлар жайлы танымын тіл арқылы көрсету. 
Өйткені адам шындықты қалай көріп, қалай қабылдаса, оның әлем туралы 
түсінігі солай қалыптасады. Соның нәтижесінде тілдегі әлем бейнесі – адамзат 
санасы мен ойлау қызметі арқылы пайда болған, бір тілде сөйлеуші адамдар үшін 
шындық пен ақиқаттың дағдылы, қалыптасқан көрінісі. Халық сана-сезімінің, 
көзқарасының өзгеруі тіл арқылы бейнеленген әлем бейнесіне де әсерін тигізеді. 
Яғни кеңістік пен уақытқа байланысты қалыптасатын біртұтас ұлттық 
дүниетаным әлемнің ұлттық бейнесін құрайды. Ал оның тілдік санада тіл иесі 
танымы негізінде тіл арқылы таңбалануы әлемнің тілдік бейнесін құрайды. 
Сонымен, қазіргі таңда тіл білімінде адамның ойлау өрісімен және рухани-
әлеуметтік қызметімен байланысты антропоөзектік жүйесін анықтауға қатысты
когнитивті 
лингвистика, 
антрополингвистика, 
лингвомәдениеттану, 
психолингвистика сияқты жаңа бағыттар мен мәдениаралық коммуникация, 
әлемнің тілдік бейнесі сияқты мәселелер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет