Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі



Pdf көрінісі
бет60/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   100
Байланысты:
Бисенгали диссертация

адам~қоғам, адам (тіл)~мәдениет, 
тіл~таным
тоғысында қарастырылатын кең арналы, кешенді зерттеулер өріс 
алуда.
Осыған байланысты қазақ тіл білімінде қазақ әлемін тіл арқылы 
танытатын: Ә. Қайдар, Р. Сыздық, Е. Жанпейісов, Т. Жанұзақов, Н. Уәли,
С. Исабеков, З. Ахметжанова, Ж. Манкеева, Р. Авакова, А. Ислам, Б. Жұбатова, 
Г. Сағидолда т.б. ғалымдардың еңбектері ерекше маңызға ие болуда.
Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың мазмұнындағы әлемнің тілдік 
бейнесін танудағы тілдің мәдениетпен, қоғаммен, халықтық тәжірибемен тығыз 
байланысын мынадай ұстанымдар анықтайды:
1. қоғамдық тәжірибеге негізделу, яғни дәстүр жалғастығы, танымның 
қазыналық сипаты;
2. таным модельдерінің символдық түрлері, яғни тілдің қызметі тек 
ақпарат беру емес, бейнелеуге мүмкіншілік жасау. Басқаша айтқанда, тіл арқылы 
бейнелілік пен дүниедегі объективті шындықты субъективті түрде, яғни
символдар арқылы беру;
3. таным модельдерінің жүйелі сипаты, сабақтастығы. Яғни ол таным 
моделінің құрылымдарының тұтасуынан тұратынын сипаттайды [262, б. 464]. 


105 
Әлем бейнесін тіл арқылы зерттеу жұмыстарындағы негізгі мәселенің 
бірі – шындық дүниені бейнелеудегі тілдің тұтастырушылық, когнитивтік 
қызметі. Тілдің танымдық, тұтастыру құралы ретіндегі қызметі, білім 
жиынтығын меңгеруі оны әр адамға жеткізетін бірден-бір маңызды құрал – тіл 
арқылы іске асады. Осы бағытқа сай тіл әлемдік бейнені бөлшектей отырып, 
бірдей уақытта адамзаттың қоғамдық тәжірибесін өз ішінде бекітеді және ол 
көрініс осы тіл арқылы сыртқа шығатыны белгілі. Бұл жағдайды түрлі тілдердегі 
сөздердің пайда болу негіздері мен ол сөздердің семантикалық даму 
бағыттарының бірдей болуымен түсіндіруге болады.
Сонымен, қазіргі тіл білімінің антропоөзектік парадигмасында адамның 
әлемнің бейнесін тіл арқылы жасайтыны туралы тұжырым қағида іспетті 
қалыптасқан. Сонымен қатар, «әлемнің тілдік бейнесі дегеніміз – бұл тіршілік 
әрекетінің тікелей көрінісі емес, оның тіл арқылы белгілі бір деңгейдегі 
түсіндірмесі» деген тұжырым да дәлелденген. Осы тұрғыдан әлемнің бейнесі 
адамның дүниетанымының өзегін құрайды және оның негізгі қасиеттерін бойына 
тіл арқылы жинайды. Демек, әлемнің тілдік бейнесі – сананың жемісі, ойлау, 
болмыс және тілдің әлем туралы ойын жеткізу құралдары ретіндегі өзара 
әрекеттерінің нәтижесі.
«Әлемнің концептуалды көрінісі» ұғымының аясы өте кең, себебі оның 
жасалу барысында атаудың көптеген түрлері қызмет атқарады: тілдің 
бейвербалды түрлері, вербалды номинативтік көрінісі, мәдени таным өзектелген 
символдар, жаңа қолданыстар т.б. Тілдің ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, сақтаушы 
кумулятивтік (мұрагерлік) қызметі негізінде құрылатын әлемнің тілдік 
бейнесінде белгілі бір тіл тұтынушыларының өздерін қоршаған орта туралы 
танымы өзектеледі.
Бірақ тіл әлемнің ұлттық көрінісінде кездесетін ұғымдардың барлығын 
бірдей белгілей бермейді, оларды тек қана бейнелей алады. Соған байланысты
тілдің жасампаздық, шығармашылық сипаты тілдегі жаңару құбылысы мен 
танымдық тетікті бірлікте қарауды қажет етеді.
Бұл мәселенің тереңіне бойлап, тіл қызметінің лингвофилософиялық мәнін 
кешенді сипаттаған неміс лингвисті В. фон Гумбольдт әлемнің тілдік бейнесіне 
ерекше назар аударып, өз зерттеулері нәтижесінде «кез келген тіл белгілі бір ұлт 
үшін ерекше пайымдау мен қабылдау жүйесі болып табылатындығын» анықтады 
[263, б. 324].
Гумбольдт зерттеулерін Америкада әрі қарай жалғастырған көрнекті 
лингвистердің бірі Эдуард Сепир: «Шын мәнісінде «шындық дүние» әлдебір 
әлеуметтік топтың тілдік әдеттері негізінде құрылады. Әр түрлі қауым өмір 
сүретін әлем дегеніміз – ол әр түрлі таңбалары бар әрқилы әлемдер» деп көрсете 
келе, мынадай тұжырымдамалар ұсынады:
1. Белгілі бір тіл шеңберінде алынған тілдік формалар әлемі таңбаланудың 
аяқталған жүйесі болып табылады. Бір тілден екінші тілге көшу психологиялық 
тұрғыдан бір геометриялық санау жүйесінен екінші жүйеге көшумен ұқсас.


106 
2. Әрбір тіл өз тұрғысында психологиялық тұрғыдан алғанда 
қанағаттанарлық формалды аяқталған бағдарды иемденеді, бірақ бұл бағдар 
тілде сөйлеушілер санасында терең орналасқан.
3. Тілдер іс жүзінде психикалық үрдістердің мәдени қоймасы болып 
табылады» [264, б. 255]. 
Жаһандану заманындағы әлемнің тілдік бейнесінің антропоөзектік 
сипатын айшықты көрсететін тілдік құралдар – метафоралар.
Когнитивист-ғалымдар: Е.С. Кубрякова, Э. Кассирер, Дж. Лакофф 
метафоралауды жаңа ұғым атауда когнитивтік модель деп санайды. Яғни 
метафора – шындықты тұтастыру мен танудың іргелі тәсілдерінің бірі. 
Сондықтан қазіргі уақытта когнитивистер метафораны адамның ұғымдық 
жүйесінің ажырамас бөлшегі, оның ойлау жүйесінің маңызды қасиеті және 
лексиканы толтырудың тиімді құралы деп санайды.
Осыған байланысты В.Н. Телияның мына пікірі маңызды: «Метафора – это 
и процесс, создающий новое значение языковых выражений в ходе их 
переосмысления, и способ создания языковой картины мира, возникающей в 
результате когнитивного манипулирования уже имеющимися в языке 
значениями с целью создания новых концептов, особенно для тех сфер 
отражения действительности, которые не даны в непосредственном ощущении» 
[192, б. 143]. Яғни, ғалым: «Метафоризация – это процесс, приводящий к 
получению новых знаний о мире в ходе его оязыковления путем использования 
уже имеющихся в языке наименований» деп санайды [265, Б. 26-52]. 
А. Вежбицкая номинация сатысында антропоөзектік сипаттағы 
метафоралардың лингвистикалық маңызы айқын көрінетінін атап көрсетеді 
[182]. 
Әлемнің тілдік бейнесі адамның физикалық, сенсорлық, мәдени тәжірибесі 
негізінде қалыптасқан әлемнің тұжырымдамалық көрінісінің вербалды бөлігі 
болып табылады. Тіл әлемінің тұжырымдамалық көрінісінің ең терең 
қабаттарының бірі ретіндегі тұжырымдамалық үлгісінің семиотикалық нұсқасы 
ретінде метафоралар әлемнің тілдік бейнесінің негізгі элементтерінің бірі ретінде 
қатысады. 
Когнитивтік және лингвомәдени құралдарды метафоризациялау үдерісін 
зерделеудің өзектілігі метафораның этнос әлемінің лингвистикалық бейнесін 
қалыптастырудағы орнымен байланысты қажеттілігін көрсетеді.
«Тіл әлемнің ұлттық тұжырымдамалық бейнесін біледі, сақтайды, оны 
толтырады және оны ұрпақтан ұрпаққа береді» деп тұжырымдайды тіл мен 
мәдениаралық коммуникация байланысын арнайы зерттеген ресейлік ғалым
С.Г. Тер-Минасова [165, б. 17].
Осылайша көптеген ғалымдар метафора-терминдер ұқсастықтар негізінде 
және ішкі байланыстармен жалғасып, өзектелу негізінде жасалады деп санайтын 
ғалымдардың еңбектерінде когнитивтік ғылымның негізгі ұғымдары әлемнің 
тілдік бейнесі, әлем бейнесі және әлем моделі немесе когнитивтік модель деп 
көрсетіледі.


107 
Тіл білімінің лингвокогнитивтік парадигмасына сәйкес тілдік білімді тіл 
мен тіл иесі санасы тұтастығында туындаған ми қызметінің жемісі, күрделі 
ассоциативті-вербалды құрылымды танытушы жүйе ретінде кешенді зерттеуді 
теориялық-танымдық үрдісте қарастыру қажеттігі туып отыр.
Тіл иесі өзін қоршаған дүниенің сапа-белгілерін сезім мүшелері көмегімен 
бойына сіңіріп қана қоймай, санасына қабылдап, оған жауап қайырып, ақпаратты 
өзінше жаңғыртып, жаңа сапада қайта жасауға тырысады. Адам өзін қоршаған 
шындық туралы ақпаратты өңдеп, қорытып, елеп-екшеп, баға беріп қана қоймай, 
оны тәжірибеде қолданады. Соның негізінде бұлардың тұтас көрінісі ретіндегі 
әлемнің тілдік бейнесі қалыптасады.
Әлемнің тілдік бейнесінің философиялық мәнін түсінуге арналған 
теориялық еңбектерде (Ю. Степанов, Т.В. Булыгина, А.Д. Шмелев,
Ю.Н. Караулов, Е.С. Кубрякова, Н.Д. Арутюнова) әлемнің тілдік бейнесінің 
түрлі белгілері көрсетіледі. Оның іргелі антропоөзектік белгісінің бірі ретінде
идиоэтникалық жүйесі және әлемнің тілдік бейнесінің өзгергіштігі, 
тұрақсыздығы туралы айтылады.
Осы тұрғыдан зерттеуші Н. Аитова тұтас алғанда тілдің шығармашылық 
көрінісіне назар аударады: «Халық тілдің қалай жасалғанын білмей-ақ, санасыз 
қолданғанмен, өз қажетіне пайдалануда шығармашылықсыз мүмкін емес. Тіл өз-
өзінен спонтанды, автоматты жүзеге асатын секілді көрінгенмен, әр 
тұтынушысы өз керегін талғап, таңдап іске қосады. Әлемнің тілдік бейнесінің 
идиоэтникалық сипатын ашу үшін рухани мазмұн болмысын, нақты тілде 
бекітілген ғаламға ерекше ұжымдық көзқарасты алғашқы атаудың қисынды 
байланысын тану қажет. Басқаша айтқанда, тілдік мазмұндағы шындықты 
ерекше этникалық таныммен көру керек. Тілдік мазмұнды игеру дегенде тілдік 
белгілер мәнін игеру емес, ғаламды көрудің ұлттық тұрғыдан меңгерілуі және 
тілдік жүйенің қызмет етуінің негізіндегі терең когнитивтік категорияларды 
меңгеру меңзеледі» [266, б. 12]. 
Когнитивтік семантикада шындықты құрудың идиоэтникалық жүйесінің 
маңызды құралы ретінде метафора қарастырылады. Когнитивтік теория 
тұрғысынан қарағанда сөздің метафоралық мағынасы оның тура мағынасын 
танымдық тұрғыдан кеңейтеді. Сондықтан «Әр жаңа мағынаның туылуы 
алғашқы таным кезінде ескерусіз, қалтарыста қалған ұғымдардың ойлау арқылы 
тірілуінде, немесе ерекше қырынан көрінуінде әр деңгейлі, әр сипатты, әр текті 
семантикалық аймақтардың санада теңестірілуінде, адам білімінің жаңа 
мазмұндық мәнді иеленуінде ғана мүмкін. Ол үдеріс әр адамның когнитивтік 
ойлау деңгейіне тәуелді» [266, б. 13].
Осымен байланысты Н. Аитованың мына тұжырымы да назар аударарлық: 
«Ғылым тіліндегі метафораның жаңа термин, номинация жасау қызметімен 
байланысты бөлінуі концептуалдық метафора деп беріліп жүр. Метафораның қай 
түрі де, адам танымынсыз, ойлау үдерісінің заңдылықтарынсыз жүзеге асуы 
мүмкін емес. Сондықтан өзге метафораларды концептауалдықтан шектету 
қайшылыққа әкеледі. Тілдегі метафоралардың: 1. тілдік (метафоралық мағынасы 
күңгірттенген); 2. поэтикалық (бейнелі); 3. дәстүрлі; 4. тұрақты; 


108 
5. индивидуалды-авторлық, деп топтастырылуының өзі жүйелеуді қажет етеді»
[266, б. 14].
Ғалым концептуалдық метафораларды когнитивтік семантика тұғысынан 
«теліс» (идентифицирующие), «бейнелі»
 
(теліс метафорадан әсірелеу, бейнелеу 
реңкі басымдығымен өзгешеленетін) метафоралар деп топтап, оларды атқаратын 
түрлі қызметіне қарай, жасалуы мен қолданыс сипатына сай іштей 
топтастырады. [266, б. 15]. 
Қазақ және түрік тілінде де, орыс және ағылшын тілдеріндегідей жаңа 
сөздерді қалыптастырудың семантикалық тәсілі, яғни метафора арқылы жүзеге 
асуы кең орын алады. Қазіргі қоғамдық-әлеуметтік және саяси-экономикалық 
өзгерістерді сипаттайтын метафора-неологизмдер семантикасы қоғам мүшесі 
ретінде адамның, мемлекеттің, оның әлеуметтік және экономикалық 
институттарының қатынасын айшықтап көрсетеді. Мысалы:
- қазақша: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет