Қазақ көркем аудармасы және орыс, татар әдебиеті


Негізгі компоненттер — жай сөйлемдер мағынасы жағынан логикалық байланыста болып, біртұтас күрделі ойды білдіреді



бет2/4
Дата19.12.2023
өлшемі7,1 Mb.
#140885
1   2   3   4
Байланысты:
Салалас құрмалас

3. Негізгі компоненттер — жай сөйлемдер мағынасы жағынан логикалық байланыста болып, біртұтас күрделі ойды білдіреді.

4. Құрмалас сөйлем компоненттерін өзара байланыстыруда интонацияның да айрықша қызметі бар. Алғашқы компонент аяқталмаған, ұласпалы интонацияға ие болады да, соңғысы аяқталған тиянақты интонацияда келеді.

Интонация арқылы іргелесе байланысады. Мысалы: Кездесу аяқталды, қатысқандар тамаша әсермен тарады.

  • Интонация арқылы іргелесе байланысады. Мысалы: Кездесу аяқталды, қатысқандар тамаша әсермен тарады.
  • Жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Мысалы: Арнайы баруды жоспарлаймын, бірақ еш реті келмей-ақ қойды.
  • Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, келесі жай сөйлеммен ұласпалы түрде, құрмаласа байланысады. Мысалы: Ащы дауыс бәріне анық естіліп, көздеріне үрей тұндырды.

Байланысу тәсілдері
Салалас құрмалас сөйлем – құрамындағы жай сөйлемдері салаласа байланысқан құрмаластың түрі. Салалас құрмалас сөйлем баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, бір-бірімен тең дәрежеде байланысады. Салалас құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдері өзара мағыналық тұтастықта болып, интонация (жалғаулықсыз) және жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Жалғаулықсыз (іргелес байланысқан) салалас мезгілдес, себептес, қарсылықты, түсіндірмелі, шартты, салыстырмалы түрлерге жіктеледі. 
Құрамындағы жай сөйлемдерінің мағыналық қарым-қатынасына қарай салалас
құрмалас сөйлем 6 түрге бөлінеді: 1) ыңғайлас салалас, 2) себеп-салдар салалас; 3) қарсылықты салалас, 4) кезектес салалас, 5) түсіндірмелі салалас; 6) талғаулы салалас.

Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер, олардың грамматикалық-семантикалық түрлері

Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер көмпоненттері бір-бірімен жалғаулық шылаулары құрмаласатын салалас сөйлемдер жатады. Олар грамматикалық құрылысы жағынан іштей түрлерге бөлінеді. Ол түрлердің грамматикалық ерекшелігі олардың компоненттерін байланыстыратын жалғаулықтарға байланысты көрінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет