Қорытынды Ел тәуелсіздігі жылдары қазақ романы идеялық-мазмұндық, тақырыптық тұрғыдан жаңашылізденістеріменкөзгетүсті. Әдебиеттану ғылымында бүгінгі қазақ романы жайлы көптеген зерттеу, талдау жұмыстары жүргізіліп, жарық көрді. Бастылары қатарында Ш. Елеукенов «Тәуелсіз елдің еркін тынысты прозасы», «Тарихи романның жаңа өрісі», «Тәуелсіздік көзімен: ХХІ ғасыр тарихи роман үрдістері», «Тәуелсіздік дәуір романы», Н. Ақыш «Заманауи тақырыптағы романдар», «Қазақ мемуарлық романы», А. Қалиева «Жаңа Қазақстандық романдар», тағы түрлі ұжымдық монографияларға енген мақалаларды атап өтуге болады. Бұл мақалалардың басым бөлігі руханият төңірегіндегі роман ізденістеріне көңіл бөледі. Бүгінгі күні қазақ романы өзінің биігінде сан түрлі ізденістер мен сан тарау жолдарда өз мүмкіндіктерін көрсетіп келеді. Әлемдік үлгі мен жазушының қаламына тән ерекшеліктердің азат қоғамда еркін тыныстауы да жанрдың жаңашылдыққа теріс қарамайтынын, талғамға сай түрлене алатынын көрсетіп отыр. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ романының идеялық-мазмұндық ізденістері бүгінгі таңдағы қаламгерлеріміздің кең құлашты жанрдың қыр-сырына қанып, заманымыздың келбетін көрсетуде тиімді жол тапқанының куәсі болуымызға себеп. Қазақ романының тәуелсіздік жылдарындағы тақырып аясының кеңіп, қоғамдық мәселелерді қозғауы да өз кезегінде тарихи уақыт кеңістігіндегі еліміздің болашағына алаңдаулы үміттің бір көрінісі екендігі анық.
Әдебиеттер 1 Бөкейхан Ә. Роман не нәрсе. Кітапта: Бөкейхан Ә. Таңдамалы (избранное) / бас ред. Р. Нұрғалиев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995. – 480 б. – Б. 329-330.
2 Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Кітапта: Байтұрсынов А. Ақ жол: өлеңдер мен тәржімелер, публицистикалық мақалалар және әдеби зерттеу / Құрастырған: Р. Нұрғали. – Алматы: Жалын, 1991. – 464 б. – Б. 340-461.