Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе



бет168/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   248
Байланысты:
антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)

Бұйда пышақ – жүзі жалпақ, жетелі, ұзын ағаш сапты, сары мойын пышақ деп те аталады.
Біз – өрнек салуға, тесуге арналған ұшы үшкір құрал, геометриялық фигуралар сызуға қолданылады. Ұшы өткірленген болат, сабы бұралып өрнек түсіреді. Үскі біз, шеге біз, жорға біз түрлері бар.
Бізбілдік – ұшы қашау тәрізді қайралған болат біз.
Қырғы (қырғыш) – зергерлердің күміс, жез, қола бетін жылтыратуға, тегістеуге қолданатын өткір жүзді, пышақ пішінді метал аспабы.
Қадаубас – ұшында оюы бар, кейде ұшы өрнексіз, дөңес темір аспап. Екінші ұшынан балғамен ұрып күміс бетіне өрнек түсіреді, күмбез бейнесін жасайтын, темір тесетін құрал.
Сымтартқыш – алтыннан, күмістен зер жасауға, өте жіңішке сым дайындауға арналған аспап.
Атсалғыш – алтын, күміс бұйымдарға кісінің есімін жазуға, түрлі сызық сызуға қолданылатын жүзі көлбеу өткір құрал.
Безеубас, безеуіш – күміс бұйымдардың бетіне ою-өрнек жүргізетін, ұшында түрлі өрнек нұсқасы бедерленген қашау сияқты темір құрал.
Нақыш салғыш – түрлі бедер, өрнек түсіруге арналған ұшы жұлдызша, жарты Ай, дөңгелек, тағы басқа үлгіде қайралған, ұзындығы бір сүйемдей болат шыбықшалар.
Қашау – ағашты, темірді жонатын, өңдейтін ою-өрнек салатын құрал, шапқы.
Қысқаш металды соғып шынықтыру, қақтау кезінде қысып ұстауға арналған темір аспап. Атауыз, балықауыз, кемпірауыз, қасқырауыз, тіскі, тістеуік, шаттауық, жіптік, отқысқыш т.б. түрлері бар.
Нүкте салғыш алтынмен апталған, күміспен күптелген бұйымдардың бетіне шұңғыл ұя, нүкте түсіретін жіңішке, әрі батыратын ұшы жұмыр, дөңес металдан жасалған құрал.
Түртпе – ұшы қиғаш қайырылған шапқы тәрізді, балғамен соғып металға түзу, қисық, қиғаш сызықтар түсіруге қолданылатын құрал.
Үрімпар – зергерлік көріктің шоққа жел үрлейтін аузы.
Шекіме – күптелген темірдің бетіне шекіп бедер салатын екі жүзді шапқы тәрізді ағаш сапты, болаттан жасалған өткір құрал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет