Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе



бет170/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   248
Шарайна (шарболат) – кеудені, арқаны, екі бүйірді қорғайтын төрт болат тақташалар бір-біріне ілгек арқылы байланыстырылып, тақтайшалар бетін айнадай шағылыстырып, жалтыратын тұратын сауыт.
Ақсауыт – берік болат сымнан көз-көз етіліп тоқылған сауыт.
Пыран – сауыттың аса сәнді және өте берік түрі.
Жеңсе – сауыттар жеңсіз не қысқа жеңді жасалғандықтан қолды жау қаруынан қорғау үшін екі бөліктен құрастырылып, бір жағынан топса, бір жағынан баумен не ілгекпен байланатын сауыт.
Бұтырлық (бұтлық) – бірнеше жұмыр темір кесінділерден құралып жасалған батырлардың жамбасын қару-жарақтан қорғайтын сауыт.
Тізелік, балтырлық – көздерден (шығыршықтардан) тоқылып, беріктігін арттыру үшін сыртын жез, болат пластинкалармен қаптаған тізе қорғайтын сауыт.
Қалқан – қолға ұстап қолданылатын жарақ түрі.
Шарайна – оқ өтпес үшін төске киетін темір қаіггал.
Дулыға – соғыста сарбаздар басына киер темір қалпақ.
Көбелі дулыға – көбе сауытпен қабат киілетін дулыға.
Қаттама дулыға – күләпара пішінде жасалын, жібек матадан тігілген, астарының ішіне жүн, мақта үзіктері салынған бас киім.
Тұтас дулыға темірден, болаттан тұтастай құйылған түрі.
Томағалы дулыға – бет жүзін жауып тұрар қорғаныс томағасы бар дулыға.
Айдарлы алтын дулыға – алтыннан қүйылып, төбесіне зерлі шашақ, айдар тағылған сәнді дулыға.
Құрама дулыға – темірден, болаттан түтас қүйылмай әр бөлшектерден құрастырылған дулыға.
Жыға (жығалы дулыға) – төбесі үшкір, мандай алды қабақ-қасқа тұскен, желке жағына мойынды айнала 1-1,5 қарыстай шынжырлы бау, тор тағылған соғыста киетін бас киім.
Қырпы – дулыға ішінен киетін киім.
Жез телпек – пішіні тақияға, телпекке үқсас, төбесі жалпақ, жиегінен төмен қарай кіреуке торлы, басты қорғар жезден, темірден құйылған бас киім.
Жорық белбеу – жібектен, жүннен тоқылған матадан, былғарыдан жауынгерге арналып жасалған белдік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет