Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе



бет172/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   248
Байланысты:
антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)

Қайқы қылыш – үш түрлі: басы жатаған, орташа қайқы және өте қайқы. Қылыш басы қайқы болған сайын кескіштігі өткір, күшті.
Атпа – жеңіл, қысқа қылыш.
Аспаһан – Аспаһан қаласында жасалған қылыш.
Жалаңқат – жалаң байланатын қылыш.
Селебе – ұшы үшкір, өткір қылыш.
Ақинақ – қоян-қолтық ұрыста қолданылатын қысқа семсер.
Семсер – қылыштың екі жүзді түзу түрі. Бүктемелісі де болады.
Сапы – қылыштың бір жүзді түрі.
Ақ алмас болаттан жасалған мықты, өткір қару.
Наркескен – парсының исфахан қылышының қазақша атауы.
Зұлпықар – болаттан соғылған Әли халифаның аса қадірлі асыл қылышы.


Қылыш бөліктерінің атауы:
Сабы (Жазылы) – қолға ұстайтын бөлігі.
Бұлдірге – қолға цип жүру үшін қылыштың сабына тағылған жіп.
Алқым – қылыштың түзу бөлігі.
Басы – кесуге қолданатын бөлігі.
Жүзі – кесетін жері.
Сырты – жүзінің қарсы жағы.
Жебе – түйрейтін жері, ұшы.
Жете – қылыштың сапқа кіргізілетін бөлігі.
Балдақ – ұстаған қолдың тіреліп тұратын темірі.
Жалман – қылыш басының жалпайыңқы, сырт жағының шығыңқы келуі.
Айбалта ұзын сапты, өткір жүзді, жарты Ай бейнелі қару, кесу құралы. Толғамалы ала балта, жалманы қарыс балта аталатын түрлері бар.
Ақ балта – ақ түсті болаттан, алмастан соғылған, сабы ақ күміспен қапталған айбалта секілді өткір қару.
Шоқпар – соғу құралы. Бір басы дөңкиіп жұмыр жасалған ағаш қару. Жасалу материалына қарай: жез шоқпарж, шойын шоқпар, тас шоқпар, ағаш шоқпар; салмағына сәйкес: батпан шоқпар, он екі батпан шоқпар аталады.
Бүздыған – басы алты не сегіз қырлы жеңіл темір шоқпар.
Бос мойын – шоқпардың бір түрі.
Күрсі, гүрзі – жұмыр басы темірден жасалған шоқпар.
Сақетер шынжыр тәрізді көне қару, шоқпардың бір түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет