Байланысты: антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)
Сақ түбірі – қазақ тілінің өзінде қолданылатын сау деген дербес сөздің фонетикалық варианты. Қыпшақ тілдеріне тән -у мен оғыз, қарлық тілдеріне тән сөз аяғында келетін -ғ дыбыстарының сәйкестігі негізінде пайда болғант сағ//-сақ//сау варианттарының біреуі (сау-сауық-сауығу, саушылық, т.б.), қазақ тілі үшін дербес те, екіншісі (сақ, сақай) - өлі түбірге айналып, дербестігін жоғалтқан.
Басқа да жұрнақтар секілді бұл тұлғада да варианттылық бар. Сондықтан оның генезисі туралы ғалымдарда ортақ пікір жоқ. Мысалы, Рамстед, Харитонов, Брокельман бұл модельді aq-ai деп қараса, Дени – qai, qai деп қарайды. Котвич -ai тұлғасын оптативті – потенциалды негіздер тудыратын ерекше жұрнақ деп есептейді. Г.И.Рамстедт және басқалар Ж.Денимен салыстырғанда, оның шығу тегін aq>ai108 тұлғасы арқылы көрсетеді.
3. √-ал//-ел//-л: А.Казембек осы морфеманы Ўл «болу» пайда болуымен байланыстырады109, ал Ж.Дени, Л.Харитонов пен Г.Рамстедт –ылаа//-лаа//-таа аффикстерінің қатар қолданылатындығын көрсетеді. Бұл пікір Э.В.Севортянның көзқарасымен үйлеседі. Ол (-а) л аффиксін -ил ырықсыз етіс тұлғасымен бірегейлестіреді. -ал//-ел формантының -а//-е тұлғасымен тығыз байланысын қарастыра отыра, ол қыпшақ тілдерінде -(а) р-, -(а) л-, -(а) қ- аффикстерімен қатар -(а)й, -а//-е аффикстерінің, (а)д- аффикстерінің орхон, ұйғыр ескерткіштерінде кездесетінін, сондықтан олар негізінен, көнетүркі жазба дәуіріне дейін түркі тілдерінің лексикасын байыта түскен тұлғалар жүйесіне енген. Демек, . -лакөрсеткішімен бірге, бұл аффикстер түркі тілдерінде аффикстік етістік жасаудың басты көздері болып табылады деген тұжырым жасайды110.
Егер -ал//-ел тұлғасы құранды болса, онда -л тұлғасы мұнда сөзжасам категориясын емес, қайта түрлендіруші категорияны көрсету үшін қызмет етеді. Г.И.Рамстедт, Б.А.Серебренников, Н.З.Гаджиева -л аффикстерін тікелей түбірге қосу (көптеген жағдайларда бір буынды сөзге) оның бастапқы сөзжасамдық қызметін көрсететіндігін айтады. Б.А.Серебренников мұндай жағдайларда -л аффиксінің сан алуан іс-әрекетті білдіретіндігін атап көрсетеді111.
Бірбуынды сөздерді -л тұлғалы күрделі сөздермен алыстырғанда, соңғысының туынды екендігін көруге болады: