Қайшы – ақ құр мен ақ басқұрды тоқығанда астыңғы қалған жіпті қиятын құрал.
Серу – өрмектің енін бір қалыпты сақтау үшін қолданылатын ағаштан (жыңғылдан) жасалатын, адарғыдан 1,5-2 метр әрі тұратын құрал. Ұрғашы жіпке бір бөлек (астыңғы), еркек жіпке бір бөлек (үстіңгі) серу қойылады. Бес-алты жіптің серуге шалынып байлануы есепші кергіш, сабау, серу ағаш, серу жіп аталады.
Пәмек (инелік) – ені 3-4 см, үзындығы 25-30 см, арқаудың жібін орайтын таяқша.
ҚАЗАҚТЫҢ БАЙЫРҒЫ ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕРІ
Өлшем – мөлшер, мөлшердің бірлігі.
ҰЗЫНДЫҚ ӨЛШЕМДЕРІ Дәрен – ұзын.
Тұтам – бес саусақгы жұмғандағы көлденең ұзындық.
Сүйем– бас бармақ пен сұқ саусақты жазғандағы аралық, 17-18 см.
Сынық сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақтың екі буыны бүгілгендегі аралық, бір сүйемнің төрттен үш бөлігі.
Қарыс– бас бармақ пен ортан саусақты кергендегі іралық, 19-20 см.
Буын – ортанғы саусақтың үшынан оның ортаңғы Зуынына дейінгі аралық, 5-6 см.
Кере (жырта) қарыс – бас бармақ пен ортан сау-сақты керіңкіреп созғандағы аралық.
Қолдың қары– білек пен иін аралығы, 80-85 см. Аршын – шынтақган саусақ үшына дейінгі үзындық. Кез - 71, 12 см.
Құлаш – иық деңгейінде созылған екі қол үшы-ның аралығы.
Кере қүлаш– иық деңгейінде кере созылған екі қол үшының аралығы, 140-142 см.
Сала (көш) құлаш – үш қүлаш.
Адым, қадам – жай жүргендегі екі аяқ арасының алшақтығы, 60-70 см.
Аттам– адымның созылыңқы шегі.
Сажын – 2, 13 метр, үш кезге пара-пар.
Арқан бойы
ҚАЛЫҢДЫҚ ӨЛШЕМДЕРІ
Елі Қыл елі Шынашақ елі Пышақ сырты Жарты елі Бармақ елі Табан елі Сере