Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе


Ақ малта – құрттың ең соңғы езілуінен қалдық. Ақ түймеш –



бет193/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   248
Байланысты:
антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)

Ақ малта – құрттың ең соңғы езілуінен қалдық.
Ақ түймеш – 1. жаңа қайнатқан құрт. 2. Қауынның қағы мен сөк талқанын араластырып келіге түйіп дайындаған тағам.
Ақ тұшпара – сүтке иленген жұқа қамырдың ішіне ақ ірімшік салып буға пісірген, үстіне май жаққан ас.
Ірімшік – майлы сүтті ұзақ қайнату арқылы алы-натын ақшыл сарғыш түсті қою сүт тағамы.
Ақ ірімшік – ыстық сүтке іріткі қүйғанда қоюланып қататын сүт тағамы.
Уыз ірімшік – уыз сүттен жасалған ірімшік.
Қызыл ірімшік – көп қайнатылып қызарған ірімшік.
Мәйек ірімшік сиырдың тазаланған қарнына, жалбыршағына тұз сеуіп, күнге кептірілген мәйектің үстіне ашытқының суын құйып іріткен сүт. Өте дәмді, сіңімді.
Сарысу – 1. айраннан не іркітген бөлінетін сары түсгі су. 2. қайнатылған ірімшік суы түнбасының кептірілгені, тәтті кенеулі тағам.
Сырынды – сарысуды қайнатудан өндіріліп кептірілген тағам.
Тосап – қой сүтіне мамыр айының майын, бал қосып қайнатып, суық тиген адамға беретін дәм.
Меңіреу – қой сүтінен жасалған дәмді қатық.
Қатық – 1. қой, сиыр сүтінен ұйытылған қою айран.
2. сұйық тамақтың дәмді, қоректі болуы үшін оған қосатын сүт, май т.б. тағамдар.
Қымыз – бие сүтінен ашытылған қышқыл дәмді, шипалы тағам, ақ.
Уыз қымыз – бие сүтінің уыз дәмі тарамаған жазғытұрымғы алғашқы қымыз.
Саумал – әлі бабына келіп аши қоймаған бие сүті.
Қымыз мұрын – биені байлағанда бірінші рет ішетін қымыз.
Қор – қымыздың ашытқысы.
Қораба – саба түбінде қалдырылған ашытқы қымыз. Қорланған қымыз деп те аталады.
Жуас қымыз – ащы қымыздың үстіне саумал қосып жұмсартылған қымыз.
Сірге жияр қымыз – бие ағытылар кездегі ең соңғы қымыз.
Бал қымыз әбден пісілген, бойына жылқының қойдың майы сіңген бапты жұмсақ қымыз.
Қысырақ қымыз – бірінші рет құлындаған биенің сүтінен ашытылған қымыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет