Мес – қымыз, басқа да сусын құюға арналған, бітеу сойылған серке терісінен жасалатын ыдыс.
Күбі – қайыңнан, еменнен, аршадан, жидеден жасалатын көже ашытатын, ашымал, кейде саба орнына қымыз, шұбат пісетін, май шайқайтын ыдыс, піспе шелек.
Құмыра– қыштан, шыныдан жасалған бүйірлі, ернеулі ұзын мойынды, тұтқалы ыдыс.
Саптыаяқ – ағаштан шауып жасалған ыдыс.
Кебеже – сүрі ет, құрт, май салын сақтау үшін төрт тағанға тақтай құрастырып, өрнектеп бояп, күмістен, сүйектен өрнек салып, күміс мық қағылған сандықша.
Шаң – үлкен бөшкі.
Қазан – тамақ пісіруге арналын қоладан, мыстан, шойыннан жасалған ыдыс. Шөген – қазан тәріздес шұңғыл шойын ыдыс.
Таба – дөңгелек пішінді шойыннан құйылған, отқа көміп нан пісіруге және сақтауға арналған екі бетті ыдыс.
Бүйен– мал бүйенінен сарымай сақтауға арналған ыдыс.
Қарын – түгі қырылып, тазартылын өңделген, сарымай, айран, өзге де сусын сақтауға арналған ыдыс.
Бұлқыншақ – жылқының, ешкінің терісінен жасалған сұйық ас құятын ыдыс.
Шара – қымыз, сұйық ас құятын ағаштан жасалған шұңғыл тік жиек ыдыс.
Жанторсық – жолаушы сусын құйып алып жүретін шағын тері ыдыс.
Күп – суды қайнатуға, сақтауға арналған темір ыдыс.
Жуаз – май шайқайтын, сақтайтын ағаш ыдыс.
Кеспек – су, іркіт құятын еменнен жасалған үлкен ыдыс.
Көзе – түбі кең, аузы тар қыштан жасалған су құятын шағын ыдыс.
Меске– сұйық құятын ыдыс.
Табақ – ет тартатын және түрлі тағам сақтайтын темір не ағаш ыдыс.
Керсен – ағаш табақтың үлкені.
Зағыма – түбі таяз үлкен табақ.
Сарқым– сусын, су құятын тұтқалы ыдыс.
Кереңке – сүт қүю үшін жасалған ұзынша қыш құмыра.
Көнек – ірі қара малдың бас не мойын терісінен жасалған бие саууға не құдықтан су тартуға арналған шүмекті ыдыс. Долық деп те аталады.