Түбіт
Қырқылу мерзіміне қарай:
Жабағы
Күзем
Кіші күзем
Үлкен күзем
Сапасына қарай:
Биязы жүн
Қылшықты жүн
Ұяң жүн
Қой жүнінің түбір бөліктеріне байланысты:
Түбір
Түк емізгі
Түк ұясы
Бадана
Сабақ
Түсіне қарай:
Ақ жүн
Ала жүн
Көк ала жүн
Кер қызыл жүн
Қара жүн
Қоңыр жүн
Сиыр жүні:
Өлі жүн
Түлеу
Түлеген
Тірі жүн
Түйе жүні (дене мүшесіне қарай):
Бас жүн
Балақ жүн
Бауыр жүн
Дулыға
Қалқан
Қаптал жүн
Мойын жүн
Тайы жүн
Шуда
Желке шуда
Тамақ шуда
Тізе шуда
Жас мөлшеріне қарай:
Бота жүні
Тайлақ жүні
Үлкен түйе жүні
Боздақ
Жабағы//Тақы
Жебелек
Зұлпы
Өлі жүн
Адам сипатына қатысты теңеулер:
Биязы (өңді)
Жүндей (жұмсақ)
Жүндей (жылы)
Түбіттей (майда)
Түбіттей (ұйысқан)
Түбітше (түтілген)
Ұяң (жүзді)
Күзеген байталдай
Күземе қылдың түбіндей
Күзеген байталдай
Күземе қылдың түбіндей т.б.
Этнофразеологизмдер:
Ақтылы қой, алалы жылқы
Ақ түйенің қарны жарылды
Көлденең жүрген көк атты
Тарлан тартты
Түсі игіден түңілме
Түгімен жалмайды
Түгін де қалдырмады
Түгін төкті
Жүрегінің түгі бар
Ат жалын құшу
Ат жалын тартып мінді
Аттың жалында, түйенің қомында
Жал құйрығын келте алды
Жал-құйрығын күзеді
Жал-құйрығы төгілген (сүзілген)
Құйрығы жерге тимеді
Құйрығына қыл батпады
Құйрығына қыстырмады
Құйрығын қысты
Құйрығын да ұстатпады
Құйрық тістесіп келді
Қыл жұтты
Қыл қимылдатпады
Қыл құйрық қылды
Қыл мойынға тақалу
Қыл да тастамау
Қыл үстінде
Қыл шайнап, дән жұтпау
Қылдай бөлу
Қылдан таю
Қылды айран қып күнелту
Қылды қырық бөлу
Арасынан қыл өтпеу
Қара қылды қақ жарған
Жүн жеп кету
Жүн жеп, жабағы тышты//Жабағы құсып, жүн жеді
Жүн жеп, жұрқа тышу
Жүн-жүн болу
Жүні жығылу
Жүні үрпию
Жүйкесі жүн, жігері құм болу
Жұмыртқадан жүн қырқу
Қылшығы жығылмады
Қылшығы қурамау
Қылшығына қылау да түсірмеу
Қылшығы сынбады
Қылшық жұқтырмады
Қылшықтау
Қылығын қылшығынан таниды т.б.
Мақал-мәтелдер:
Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымас
Ала қойда кінә жоқ жүні болмас
Жабағының биті ащы, жаман адамның сөзі ащы
Қырсықты қой қыста қырқылады
Қырықтық тимес қозы жоқ
Жуас түйе жүндеуге жақсы
Күндіз қойын күтерсің, түнде жүнін түтерсің
Жүн керек болса, мизамда қырық, қой керек болса, қазанда қырық
Түгін тартсаң түбінен май шығады
Түлегенде түк қалады
Ат аунаған жерде түк қалады
Түлкі түгінен жазады
Дұшпаннан түк тартсаң да олжа т.б.
ЖҮНГЕ ҚАТЫСТЫ АТҚАРЫЛАТЫН ЕҢБЕК ТҮРЛЕРІ МЕН БҰЙЫМДАР
Төрт түлік жүндерін ширату, есу, қырқу, ыздыру, иіру, илектеу, қару, тоқу арқылы қолдарымен тұрмысқа қажетті жасалатын заттар мен ұйымдар: жіп, арқан (ала арқан, желі арқан, қыл арқан), шылбыр, тұсау, шідер, ноқта, асжіп, желі, көген, бұйда, бау-шу, құр, шұлық, кеудеше, биялай-қолғап, бөкебай-шәлі (түбіттен).
ҚАЗАҚ ТҰРМЫСЫНДАҒЫ ШИДІ ҚОЛДАНУДЫҢ СИПАТЫ
1. Қазақтың тұрмыс жағдайында тоқылған ақ және шым шилер құрылыс материалы және үй жабдығы ретінде пайдаланылады.
Шым (тоқыма) ши – бояулы жүн орап тоқылған ши киіз үйдің кереге сыртына ұсталады, киіз есіктің бір қабатын құрайды, үйдің адалбақан бөлігін қоршайды (өреши). Шым шилер – есік, терезе жапқыш, шымылдық, төсеніш ретінде қолданылады.
Ақ ши киіз басуда орама қызметін атқарады. Жазда қой, ешкі қамайтын аула-қоршау жасалады.
2. Ши сүзгіш (қайнатылған тарыны, жүгеріні үстіне жайып, суынан айырып, сорғыту) орнына да қолданылады. Шиден қаллақ, шыпта атаулы тағам жайма тоқылады. Жалпы тазалық құралы саналады.
3. Ши дайындау тәсілі:
Ши тарту – әбден пісіп жетілген ши талшықтарын түбірінен тартып суыру.
Ши аршу – түбірінен суырылып жиналған ши талшықтарын тазалау.
Ши тоқу.
ӨРМЕК
Өрмек – алаша, басқұр, бау, шекпен, тағы басқа жабдықтарды тоқу үшін екі басы қазыққа керіліп, желісі жерге қатар тартылған, иірілген жіптер шумағы.
Келеп – иірілген жіп шумағы.
ӨРМЕК ҚҰРАЛДАРЫ
Желі – мал жүнінен немесе мақтадан тегіс иіріліп, өрмек тоқу үшін керілген түрлі түсті жіптер. Төсек деп те аталады.
Қазық – өрмек тоқитын орында желінің бас жағына және аяқ жағына жүгіртілген жіпті керіп түру үшін қағылған қада, ағаш. Оны күйеу қазық деп те атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |