Қысырдың қымызы – қыста қолда ұстаған қысыр биелердің сүтінен ашытқан қымыз. Ту қымыз деп те алады.
Қолбала қымыз – таза, дәмді қымыз.
Түнемел қымыз – ашытылуы екінші тәулікке ауысқан қымыз.
Құнан қымыз– ашытылуы үшінші тәулікке ауыс-ан қымыз.
Дөнен қымыз – ашытылуы төртінші тәулікке ауысқан қымыз.
Бесті қымыз – ашытылуы бесінші тәулікке ауысқан қымыз.
Сары қымыз– жақсы пісіліп, әбден бабына келіп үйірілген қымыз.
Тосап қымыз – ыдыс түбіне тұнған қоймалжың қымыз.
Шұбат (қымыран) – түйе сүтінен ашытылып жасалған қоректі, шипалы тағам.
Көже – ұннан, дәнді дақылдардан сүт қосып пісірілген сұйық ас.
Қара көже – қатықсыз, нәрі аз көже.
Дуан – қою тары көже.
Уыз көже – уыз қайнатылып дайындалған дәнді көже.
Ашыған көже– дәнді дақылдарға сүт қосып қай-натып ашытқан, қышқыл дәмді шөл басар кеже.
Құрт көже – қүрт езіліп дайындалған қыстық қуатты көже.
Наурыз көже – мүсылманша жаңа жыл басында
(наурыздың 22) жеті түрлі тағам араластырып дайында-латын мейрам асы, көжесі.
Салма– түзсыз, кесп^ көже.
Көже қымыз – қымыз араластырған көже.
Атала – суға ұн не талқан салып ггісірілген сүйьщ көже.
Басала – тарыдан жасалған қою көже.
Жебінді– қайталап сауъш алған сүт.
Епірік – шүбат көбігінің бетіне қонған май.
Уызқағанақ – қойдың уызын жанторсыққа қүйып, аузын буып, қоламтаға көміп ұйытқан өте дәмді қою уыз.
Жыланқайыр– жылт етер май.
Көже қатық – көжеге нәр болатын сүт, қаймақ, қүйрық май.
Сүзбе – айранның сүзіндісі, қоймалжьщ сүт тағамы.
Ақлақ – ақ ірімшікке сарымай салған тағам.
Қаспақ– сүт пісіргенде қазан түбінде қалатын қабыршақ.
Тары, бидай көже – тарыдан, бидайдан сүт қатып жасалған көже.
Ежігей – кеппеген құрт пен ірімшіктің қоспасы.