Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе



бет197/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   248
Байланысты:
антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)

Кәкірім сорпа – қышқылтым дәмді сүр ет сорпасы.
Ақ сорпа – сүзбе, айран, құрт езіп қосқан сорпа.
Жас сорпа – жаңа сойылған мал етінің сорпасы.
Тұздық – піскен еттің пияз, сарымсақ туралып, бұрыш қосқан тұзды, майлы сорпасы. Үстіне құйылған қоспаға қарай қатық тұздық, қымыз тұздық, тоспа тұздық, құрт тұздық, ақ тұздық түрлері болады.
Төстік, құйқалақ – қойдың төс сүйегі сыртындағы майлы етін терісімен сылып алып, отқа қақтап үйіткен жеңсік тағам.
Етқошан – қой құйрығы, қамыр, өсімдік майын қоспалап, қарынға салып пешке пісірілген тұзды – бұрышты тағам.
Мипалау – пісірілген мал басының миына құйқа, құйрық май, бауыр, бүйрек қосып, тұздық не сорпа құйып араластырылған дәм.
Құйқа – малдың терісімен үйітілген еті.
Сілікпе – жас малдың майға қуырылған еті.
Сірне (бұқпа) – жас малдың (марқа) етінен қарып, қазан буына бұқтырылып пісірілген тағам.
Жерқазан – жас жылқының сұрпы еті сыдырылып өз қарынына салынып, жерошақтағы қызыл шоқ қоламтамасына көміліп, буына піскен тағам.
Жаубүйрек – сойылған семіз лақтың май басқан бүйрегін арқа омыртқаларына жабысқан күйінде сыртындағы майын бұзбай қазанға салып пісірілген тағам.
Қаттама – қамырдың жұқа жайылған бетіне май жағып, үстіне ұсақ туралған ет салып орап буға пісірілген тағам.
Қалжа – босанған әйелге арнап сойылған малдың жас еті.
Жөргем – өріліп пісірілген мал ішегі.
Шүлен – ақысыз, пүлсыз тегін таратылатын ас.
Қарыма – нан қосып суға пісірілген балық.
Қақпыш (қапқыш) – қақталған балық.
Бекіренің бес кеспесі – қамыр салып суға пісірілген бекіре балық еті, ыстық тамақ.


ТӘТТІЛЕР
Қант – қант қызылшасынан өндірілетін ақ түсті тәтті.
Науат – балқыта қайнатып қатырған мұз түсті мөлдір қант.
Бал – гүл шырынынан ара арқылы алынатын қоймалжың, шипалы тәтті тағам. Кей аймақта әсел аталады.
Шақ-шақ – қамыр, сүт, қант, жұмыртқа қатқан ерітіндіге илеп, бауырсақша есіп, жіңішкелеп қысқа кесіп, қатты қайнап жатқан мал майына пісіріп, бетіне ыстық бал жағып, құмшекер сепкен, бір үлгіге келтірілген тәтті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет