Тор – мықты жіптен тоқылып, аң жолына жайылып құрылатын құрал.
Садақ – берік ағаштардан доғаша иіліп, екі шеті қайыспен тартылған қару. Атқы – өзінен-өзі атылатын садаққа ұқсас құрал.
Дойыр – өрімі жұмыр, кейде төрт қырлы, өрімнің арасына қайыстан жұмырлап ширатылған өзек салынған, сырты таспамен тоқылған жуан қамшы.
Темір қақпан – темірден соғылып, қойдың жылыман құйрық майына малынып, сұйық майға суарылып жасалатын, аңшылар қолданатын құрал.
Қақпанның аң ұстайтын қабатындағы аузы қандыауыз, оны қысып тұратын бөлігі серіппер, аң басып жиегін тайдырар жері табаны, (түндігі), қандыауызды жатқызып, табанын жапсырып тұратын ағаш тимек, түндіктегі тимектің сұғынып тұратын көлденең ағаш тимектің қанағы аталады. Қалжауыр – қақпанды аң алып кетпес үшін тағылатын тоқпақ. Кішірек аңға құрылатыны – қолқақпан.
Тәпі – ағаш қақпан.
Сүйреткі – қақпанға түскен аң сүйретіп алын кетсе, ізіне түсіп тез табу үшін тағылатын ұзын, ауыр темір бау.
Кездік – мүйізбен сапталған жетелі пышақ.
Қандауыр – үшкір кішкене пышақ.
Дөкет – үлкен пышақ.
Шаппа – бәкі.
Қанжар – екі жүзді, үшы үшкір болаттан соғыл-ған пышақ секілді өткір қару.
Шиті – дүмі ұзын, оғы алысқа жетпейтін талды темірлі мылтық. Түрлері: өте үлкен оқты қараперен, оқ шығар ішінде төрт айналма қыр талы бар төртталды, қорғасын оғы сылдырлап шығатын сылдырлама шиті.
Аңшы иттер – терісі мен еті үшін ауланатын жан-жануарларды, құстарды ұстауға баулынған аң құмар, иісшіл, қайсар иттер. Оларға тазы, иір құйрық және іншілдері жатады.
Салбурын – ерте заманда хандардың жыл сайын қыста өткізетін аң аулау мейрамы.
САЯТШЫЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ АТАУЛАР МЕН ҰҒЫМДАР
Аяқ бау
Балақ бау
Балдақ
Биялай
Достарыңызбен бөлісу: |