Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе



бет190/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   248
Байланысты:
антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)

НАН ТАҒАМДАРЫ
Нан – 1. үннан пісірілген әртүрлі тағам; 2. иленіп пісірілген қамыр.
Қазанжаппа қазанға шаптап пісірілген нан, төңкерме, қарыма нан деп те аталады.
Қиықша – қамырды қиықшалап кесіп майға пісірген нан.
Таба нан – табада пісірілген нан.
Бәтір – ашытпаған қамырдан табаға пісірілген жұқа нан.
Шөрек – нан түрі.
Күлше – қоламтаға көміп пісірілген дөңгелекше нан.
Аймаш – суға пісіріліп, майға салынған нан.
Собалақ – отқа көміп пісірілген нан.
Құймақ – ұнды айранға, сүтке не қаймаққа езіп, май құйып пісірілген жұмсақ дөңгелекше нан.
Тоқаш иленген қамырдан собалақ жасап, дөңгелектеп пісірілген, ортасы ойық нан.
Бауырсақ – қамырды төрт бұрышты не домалақ етіп кесіп, майға пісірген нан. Ұнның сапасына, пісіру тәсіліне, қоспаларына, үлгілеріне байланысты ши бауырсақ, ақ бауырсақ, тұш бауырсақ, бармақ бауырсақ, бұрма бауырсақ, жол бауырсақ, жалпақ бауырсақ аталатын түрлері бар.
Мыжыма – майға езілген ыстық нан.
Шелпек – майға пісірілген жұқа нан.
Ләйлек – беті алынбаған сүтке илеп, жұқа жайып, жұмсақ етіп пісірген дөңгелек шелпек.
Қатқабат шелпек – піскен шелпектің арасына қарақаттың қағы оралған тағам.
Бүкпе шелпек – ішіне жеміс қақтарын немесе қуырған ет салып бүріп пісірілген шелпек.
Сәлде жіңішке таспа тәрізді тіліп, шумақтап, майға пісірген шелпек.
Май шелпек – сарымайға илеп, арасына шыжықты бүрмелеп пісірген шелпек.
Қабарған, қабартпа шелпек – ашыған қамырдан пісірілген шелпек.
Су шелпек – майға, сүтке, қаймаққа иленғен қамырды суға қайнатып пісірген тағам.
Көмбеқазан – табаға пісірілген нан.
Салма – иленген қамырды май жағылған қазанға қарып пісіріп, ұсақтап кесіп сүтке қайнатқан нан.
Қармақ – қзгырып, қол диірменге тартқан жүгері талқаны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет