Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе


Сеті – түйенің, жылқының танауына салынған белгі, жыру, ен. МАЛ ТЕРІСІНІҢ АТАУЛАРЫ



бет199/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   248
Байланысты:
антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)

Сеті – түйенің, жылқының танауына салынған белгі, жыру, ен.


МАЛ ТЕРІСІНІҢ АТАУЛАРЫ
Тері – мал мен хайуан денесінің сыртқы қабы.


Атаулары:
Жабағы тері – қой мен ешкінің көкек, мамыр айларындағы жабағы жүні қопсымаған қалың түбітті терісі.
Қырықпа тері – жабағы және күзем жүндері қырқылғаннан кейін сойылған қойдың сұйық жүнді терісі.
Күздік тері – қазан, қараша айларында сойылған қой мен ешкінің өңі қалың терісі.
Соғым терісі – жүндес, қыртысы қалың берік тері.
Тақыр тері – жүнін қырқып алысымен сойылған малдың немесе жүні жидітіліп алынған тері.
Сеңсең – үш-бес айлық арасында сойылған, қырқ-ылмағаң қозының терісі. Күдері – әбден иі қанған жүмсақ, жылтыр тері.
Пұшпақ – тізеден төменгі сирақ терісі.
Тулақ – жүні алынбай қатырылған шикі тері.
Саң – бітеу сойылған мал терісі.
Шұйды – суға тиіп, күнге қақталын құрысқан тері.
Жұрын – иленіп, бұйым жасалған терінің қалдығы.
Ұлпан – ұлпа жүнді тері.
Құрым – иленген жұмсақ тері.
Жақ – құлын, бұзау терісі.
Жылбысқа, жылпысын – іште жатын өлген, іш тас-талған немесе туысымен өлген, жүні жоққа тән қозының терісі.
Шылғи – илеуі жетпеген, бабына келмеген тері.
Тоқтышақ терісі – сеңсеңі қырқылғаннан кейін біркелкі майда жүн өскен, төрт-бес айлық қозы терісі.
Көнтері – жүні қырқылып күнге қақталған тері.
Мари – туа сала немесе бір-екі тәуліктен кейін ен қозының, лақтың терісі. Елтірі – екі-үш айлық қозы мен лақтың терісі.
Жарғақ – құлынның, лақтың, жалпы жас төлдің ерекше тәсілмен иленген киімдік терісі.
Көн – ірі қара малдың түгі түсірілген терісі.
Қайыс – сойыс малының иленген терісі.
Таспа – иленген қалың теріден тілінген жіңішке қайыс.
Қаракөл елтірісі – қаракөл тұқымды саулықтар туғаннан кейінгі 2-3 күн ішінде сойылған қозысының аса бағалы, әртүсті терісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет