Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе



бет200/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   248
Байланысты:
антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)

Қаракөлше, шапшынай – қаракөл қойының іш тастауынан (буаздығының 120-140 күндігінде) немесе саулықтың жатырынан жарып алынған, жүні тықыр әрі жылтыр, бұйрасы құлпырған әдемі, үлкен сұранысқа ие терілердің бірі, жарғақ.
Мираз – көк түсті қаракөл елтірісі.
Былғары – өндірістік технология бойынша өңделген тері.
Шегірен – ешкі, қой терісінен жасалған, бетінде бұдыры бар жұмсақ былғары.
Сапиян – ешкі терісінен жасалған ең жоғары бағалы былғары.
Сүрік – ең жоғарғы сапалы жұмсақ былғары.
Күлше – өрнектелген былғары.
Көксауыр – сауыр терісінен иленген, беті бұжыр-көк бояуға боялған сәндік былғары.
Әміркен – жылтыр, әдемі былғары.
Шабыра – ешкі терісінен жасалған жұмсақ былғары.


АСЫҚ АТАУЛАРЫ
Асық – төрт түлік мал мен қоңыр аңдар (арқар, құлжа, таутеке, т.б.) тілерсегіндегі буынға біткен топса сүйек.
Асық түрлері:
Қоймек – қойдың асығы.
Сақа – асықтың үлкенінен, салмақтысынан, кетілмеген тұтасынан іріктелген ойынның бас құралы.
Құлжа сақа – арқар асығынан жасалған сақа.
Топай – сиыр асығынан жасалған сақа.
Жабайт – қойдың асығы.
Шүкейт (үшкейт) – лақтың кішкентай асығы.
Шүкімейт – жас қозының асығы.
Кеней – шүкейттің көп пайдаланылғанынан мүжілген түрі.
Жабай – салмақты үлкен сақа.
Қорғашбай сақа – табан жағын молырақ ойып қорғасын құйған сақа.
Көктабан – тәйкі жағына қорғасын құйған салмақты сақа.
Қызасық – жіліншіктің бақаймен жалғас сүйегі, тобық, одан дойбы тасы жасалады.
Оңқай асық – қолға ұстағанда тәйкі жағы басбармаққа, алшы жағы сұқ саусаққа дәл келіп, шіге жағы алақанның аясына, бүге жағы сыртына қараған асық.
Солақай асық – қолға ұстағанда алшы жағы басбармаққа, тәйкі жағы сұқ саусаққа, бүгесі қолдың сыртына, шігесі алақанға қараған асық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет