Мұғалім жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға құстардың суретін интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушыларға сабақтың тақырыбын болжатады. Оқушылар сабақтың тақырыбын болжайды. Мұғалім оқушылардың болжам жауаптарын тыңдайды.
«Жаңа сөз үйренейік»айдарында оқушылар «Кубизм» әдісі арқылы жаңа сөздерді меңгереді. Мұғалім оқушыларға сандар жазылған текшені лақтырады. Оқушылар санға сәйкес сөзді атау арқылы жаңа сөздерді жаттауға талпынады. Оқушылар жаңа сөздерді бірнеше рет қайталайды, сөз тіркестерін құрастырады.
1. Торғай. 2. Көртышқан. 3. Қарға. 4. Шегіртке. 5. Найзағай.
6. Жұлдыз.
7 мин
Мұғалім-сынып
Құстардың суреттері
Сандар
жазылған текше
Негізгі
«Ойланайық» тапсырмасын орындауда оқушыларға бірнеше сөздер беріледі. Оқушылар сол сөздердің қарсы мәндерін жылдам тауып шығулары керек. Бұл тапсырма оқушылардың ойлау қабілеті мен сөздік қорын молайтуға бағытталған.
10 мин
Жеке жұмыс
Суреттер мен мәліметтер
жазылған кесте
«Есте сақтайық»айдарында оқушылар салыстырмалы шырайдың
жұрнақтарының ережесімен танысады. Мұғалім оқушылардың ережені жақсы меңгеруі үшін бірнеше мысалдар келтіреді. Ережемен
таныстырады. Оқушылар ережені қолданыстық тұрғыдан меңгереді.
а) «Оқиық және жауап берейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар мәліметті оқып, соған сәйкес суретті табады.
«Жаттығайық» айдарындағы тапсырмада оқушыларға бірнеше сөздер
беріледі. Оқушылар сөздерге салыстырмалы шырай жұрнақтарын жалғап жазады. Тапсырма жазбаша түрде жеке орындалады.
ә) Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып, сөйлемді аяқтайды. Бұл тапсырма салыстырмалы шырай жұрнақтарын бекітуге бағытталған.
Дала тышқаны көртышқанға қарағанда кішкентай ... .
Ай жұлдызға қарағанда жақын ... .
Жылқы сиырға қарағанда тез ... .
Найзағай дауылға қарағанда қорқынышты ... .
Қыстың күні жаздың күніне қарағанда қысқа ... .
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар сөзге қосымшалар жалғау кезінде үндестік заңын сақтау мақсатын жүзеге асырады.
7 мин
Ереже
«Жазайық» айдарындағы тапсырмада суретке қарап, күн райы болжамын жазады.
Мысалы: Мысық айналаны тырналаса, күн боран немесе жаңбырлы болады. Ай шалқалап туса, күн райы мал-жанға жайсыздау болады, күн салқын болады.